kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты Балалы? ша?ты? си?ырлы ала?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:Балалы? ша?ты? си?ырлы ала?ы.

Ма?саты:Балаларды? ал?ан білімдерін ке?ейту,ойлау ?абілеттерін дамыту,патриотты? сезімдерін ояту ж?не ойындар ар?ылы ?ызы?ушылы?ын арттыру,жа?сылы??а т?рбиелеу.

Т?рбиеші:С?леметсіздер, ме! ??рметті ?стаздар, т?рбиешілер ж?не балалар б?гінгі «Балалы? ша?ты? си?ырлы ала?ы » атты т?рбие са?атымызды бастау?а р??сат еті?іздер.

Балалар ?азір жылды? ?андай мезгілі?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты Балалы? ша?ты? си?ырлы ала?ы »

Тақырыбы:Балалық шақтың сиқырлы алаңы.

Мақсаты:Балалардың алған білімдерін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту,патриоттық сезімдерін ояту және ойындар арқылы қызығушылығын арттыру,жақсылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер, ме! Құрметті ұстаздар, тәрбиешілер және балалар бүгінгі «Балалық шақтың сиқырлы алаңы » атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Сендер қысты тамашалауға орманға барғыларың келе ме?Балалар орманға немен барамыз?

Балалар:Қысты тамашалайды.Қар лақтырып ойнайды.

Таң қалдыру сәті.

Алдарынан тоңып қалған қоян шығады.

Балалар қараңдаршы қоян тоңып қалыпты,қоянды жылытайықшы.Балалар қоянды жылытады.

Балалар:Қоян жүр бізбен топқа барайық.

Қоян балалармен бірге топқа барады.

Қоян; Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қыс.

Қоян;

Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Кәне кім қыс туралы тақпақ біледі?

Данияр:Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды.

Аралап қайтайық,

Ақ күміс бақтарды.

Даниял:Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшыңды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Аяулым: Қандай суық қыс деген,

Бірін шебер істеген.

Бақты, бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен

Таиржан:Пима, ішік, қолғап бар,

Темирлан; Арада жоқ, тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.

Бекжан:Біз батыл баламыз,

Жылы үй қорамыз.

Ақ ұлпа қарынан,

Аққала саламыз.

Жания:

Суық ауа тамағыма,

Енер болса кім шыдайды?

Қырау қатып қабағыма,

Аяз беттен шымшылайды.

Самрат:

Жолды жауып жан ұшыра,

Жармасады желіккен жел.

Қарды қойын қонышыма,

Тығады әкеп еріккен жел.

Мирас:

ҚаҺарлы, күшті, арып,

Жел сорып, қыс қарып.

Жер кетті ұйқыға,

Ақ көрпе қымтанып.

Ұлмекен:

Жылусыз қабағы,

Күн еске салады.

Кеш тұрып, тым ерте,

Ұйықтайтын баланы.

Айдана:

Қыр жаққа көз салдың ба,

Қар боп аққан ағыс бар.

Қаһарлы жел алдында,

Зар қағады қамыстар.

Смагулова;

Бірде боран тынады,

Бірде қайта жыны ұстап.

Үсті-үстіне ұрады,

Құм мен қарды жаныштап.

Айша;

Теп-тегіс қып сайынды,

Төбе қырдан асады.

Үйеңкі мен қайыңды,

Желкесінен басады.

Санжар;

Қарашы жел қамшылап,

Қырдың өні қашуын.

Боран қатты қалшыңдап,

Баса алмай тұр ашуын.

Дамир;

Жапалақ қар себелеп,

Жердін бетін қаптаған.

Секілді көп көбелек,

Қонарға жер таппаған.

Назым:

Жерде қабыт қыс түсті,

Бола қалды дала аппақ.

Қар лақтырып үсті-үсті,

Балалар жүр далақтап.

Алпамыс;

Май тоңғысыз күн қандай,

Жас өтті деп қиын-ақ.

Күн әзілдеп тұрғандай,

Қыс қиімін киіп ап.

Қоян:

Өте,тамаша қандай әдемі тақпақтар білесіңдер.

Енді мен сендермен ойнағым келіп тұр.

Сендер ойнағыларың келе ме?

Балалар:Ия.

Ендеше балалар мен сендермен « Шар жару» ойынын ойнағым келіп тұр.Кәне,кәне кім ойнайды?

Балалар ойнауға шығады.

Қоян; Өте жақсы ойнадық.Енді орындарыңа отырып, дем алыңдар.

Тәрбиеші:Ендігі кезекті биге берейік.

«Қазақ биі»

Қоян;

Өте,тамаша,тамаша.

Балалар, сендер болашақ еліміздің азаматтарысыңдар сендер отан,ел туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар;Ия,ия.

Таиржан;Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ

Ортақ бізге барлығы.

Данияр;Отан сенің ата-анаң,

Отан досың,бауырың,

Отан өлкең, астанаң.

Отан аудан ,ауылың.

Мирас;Атам,Әжем,Әкем,Апам,

Төртеуі де «Отан» маған.

Төртеуіде ботам дейді,

Мақтанамын Отаныммен.

Бекжан;Мен оның күнін сүйем,

Түнін сүйем.

Мен оның құдіретті,

Тілін сүйем.

Самрат:Отан-әжем,

Отан-анам,

Туған ел- деп,

Туған жер-деп,

Ол бекерге аталмаған.

Ұлмекен:Іші алтын,сырты нұр,

Бұзылмаған шырқы бір.

Ұлы достық мекені,

Қазақстан жұрты бұл!

Дамир:Көк туды асқақ көтерген,

Елді мақтан етем мен!

Терезесі тең, сыйлас,

Алыс,жақын шетелмен.

Айша;Гүл жайнаған Астана

Қазақстан Отаны.

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны.

Аяулым:Көлі інжу,жері гүл!

Қарты сыйлы елі дүр!

Дәстүрі ортақ,салты озық.

Қазақстан елі бұл!

Ернар;Бақыт ел-бұл Отан,

Бұл Отанды сүйемін.

Біздің Отан-Ұлы Отан,

Мен Отанды сүйемін.

Тимур;Отан-туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан-ортақ үйіміз,

Отан-ән мен күйіміз.

Айдана:Алтын таңның аясында,

Бақатты өскен баламыз.

Еркін өмір шат заманда,

Шырқап әнге саламыз.

Смагулова;Бақытты болып жүргенім,

Сенің арқан, Қазақстан.

Елім менің -тірегім,

Құшағында гүл атам.

Қоян:Балалар ,тақпақтарың қандай керемет,қандай күшті балаларсыңдар!Кәне ,балалар мен сендермен тағы ойнағым келіп тұр.

Ойын; «Кім жылдам»

Ойынның шарты;Екі топқа бөлініп,жерде жатқан қарды тез-тез жинау.Қай топ бірінші жинайды екен.

Тәрбиеші; Келесі кезекті биге береміз.

Би;«Қылыш».

Осымен біздің «Балалық шақтың сиқырлы алаңы» атты

тәрбие сағатымыз аяқталды,уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ

«Балдәурен» шаын орталық тобы





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Балалық шақтың сиқырлы алаңы»











Тәрбиеші: Ибраева А.М.







2012-2013ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты Балалы? ша?ты? си?ырлы ала?ы

Автор: Ибраева Алия Муталип?ызы

Дата: 08.04.2015

Номер свидетельства: 199066


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства