kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Арйлы- алтын к?з"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен 1993 жылдан бері бастауыш сынып м??алімі болып ж?мыс істеймін. ?азіргі та?да 4-сынып?а саба? беремін. ?з саба?тарымда  заман талабына сай жа?а технологияны? ?діс-т?сілдерін к?п пайдаланамын.?р саба?ымды ?ызы?тырып ?темін.Болаша?та ш?кірттерім ?аза?станны? ?лкен азаматы болатынына сенемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Арйлы- алтын к?з"»

Арайлы алтын күз

Мақсаты: сыныпта өткізіліп жатқан « Арайлы алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Жоспары:

  1. Таныстыру ( топтың аты,ұраны, топ атына сәйкес таныстыру,буклет етіп тапсыру.)

  2. «Кім тапқыр ?» топ басшылар сайысы. 1минутта 10 сұраққа жауап беру.

  3. «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында өлең шығару. (топ болып құрастыру.)

  4. Өнер сайысы (әр топ би өнерін көрсетеді)

  5. Үй тапсырмасы «Күз әшекейі» (күз элементтерінен сән үлгісін жасау)

  6. Күз тақырыбына сурет салу (плакатқа салынған өз шығармашылықтары)

Күзгі сыйлық ( Табиғи бұйымдар,икебана, т.б)

  1. Қорытынды

1-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты ашық тәрбие сабағына қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дарқан дастарқаны. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

2-жүргізуші:

Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені диқандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені.

  • дей келе кешіміздің шарттарымен таныстырып өтейік.

1-жүргізуші:

  • Таныстыру ( топтың аты,ұраны, топ атына сәйкес таныстыру,буклет етіп тапсыру.)

  • «Кім тапқыр ?» топ басшылар сайысы. 1минутта 10 сұраққа жауап беру.

  • «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында өлең шығару. (топ болып құрастыру.)

  • Өнер сайысы (әр топ би өнерін көрсетеді)

  • Үй тапсырмасы «Күз әшекейі» (күз элементтерінен сән үлгісін жасау)

  • Күз тақырыбына сурет салу (плакатқа салынған өз шығармашылықтары)

Күзгі сыйлық ( Табиғи бұйымдар,икебана, т.б)

2-жүргізуші:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1-жүргізуші:

Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға - дей отырып сайысымыздың І - кезеңін бастаймыз.Ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.

2-жүргізуші:

Көп-көп рахмет, сендерге.

Келді міне, алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз,

Риза етіп халқын қыз.- дей келе сайысымыздың 2-кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер.


2-кезең «Кім тапқыр» топ басшылар сайысы.1-минутта 10 сұраққа жылдам, әрі дұрыс жауап берсе, сол топ басшы өз тобының жеңіске жетуіне үлес қосады.

1-жүргізуші:

Салқын тартып түз демі,

Білдіреді күз нені?

Шым еткізер жүректі,

Тырналардың тізбегі,- дей келе сайысымыздың 3- кезеңін бастаймыз.

«Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында өлең шығару. (топ болып өлең құрастыру.)

Белгілі бір уақыт беріледі.

2-жүргізуші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылысберген сыйдай,

-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер  би өнеріне кезек берейік.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,

-дей келе «Күз әшекейі» атты келесі кезекте сән үлгісі.

2-жүргізуші:

Алтын күз де атырап ,

Аздап тыныс алыпты .

Жапырақтар қалтырап

Жерге түсіп қалыпты.- дей келе «алтын күз» атты үй тапсырмасы бойынша плакатқа салынған сурет байқауын тамашалап, әділқазыларға көрсетейік.

1-жүргізуші:

Ас дәмденер түрленіп,

Пиязды біз бір делік.

2-жүргізуші:

Екі дейік шалқанды,

Буға піссе ол дәмді.

1-жүргізуші:

Қызылшаны үш деп қой,

Сондай тәтті,тістеп көр!

2-жүргізуші:

Картопты аттап өтпелік,

Саусағыңды төрт деп бүк.

1-жүргізуші:

Күнде жейтін кәдімгі,

Бес дейік біз сәбізді.

2-жүргізуші:

Өсімдік көп... біліп ал:

1-жүргізуші:

Қойма дерсің түбін дәл..

Хормен : Жуа, пияз, сарымсақ,

Секілді де түрі бар...

2-жүргізуші:

Олай болса, «Күзгі сыйлық» атты көрменің де кезегі келіп қалды.Соны көріп тамашалайық.

1-жүргізуші:

Жомарт күз – деудің себебі : піскен жеміс – жидек, көкөніс, астық табиғаттың күзгі сыйы. . Күзде егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. «Алтын күз», «Күзгі бал» кештерін өткізу дәстүрге айналған.

2-жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе, шығармашылығымен танылса,  арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Әділ- қазылар  әділ бағасын бергенше ___________________Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «  « Арайлы алтын күз»  атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!








































1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері
Жауабы: Тоқтар Әубәкіров
2. Тәуелсіздігіміздің биыл қанша жылдығы тойланды?
Жауабы: 21 жылдығы
3.Көкжиектің негізгі төрт тұсын атап бер.
Жауабы: Солтүстік, Оңтүстік, батыс, Шығыс
4.Аю жыртқыш жануарға жата ма?
Жауабы: Жатады
5.Ересек адамда неше тіс болады?
Жауабы: 32
6. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауабы: Екіге бөлінеді
7. Мақалды жалғастыр. Күш білекте емес, …
Жауабы: Жүректе
8. Мәтін түрлерін ата.
Жауабы: Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
9. Жұмбақ шешуін тап
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? Мұғалім
10. Есепте. Қалам-8 теңге тұрады.Даптер – 10 теңге тұрады. Барлығы қанша теңгеге алынды?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "Арйлы- алтын к?з"

Автор: Шушбай Назира ?зімтай?ызы

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273798


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства