kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты Алтын к?з

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а к?з туралы ма?л?мат бере отырып, к?зді? кереметі туралы т?сінік  беру.Алтын к?з мерекесін  ?ткізу. К?з туралы т?сініктерін ке?ейту. Балалар?а мерекелік к??іл-к?й сыйлау. 

Таби?атты аялау?а, ??рметтеуге т?рбиелеу. Ынтыма?тасты??а, досты??а т?рбиелеу.?з ойларын еркін жеткізе білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты Алтын к?з»

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар!

«Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Хормен : Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге, Бас иеміз біз!

Жангүлім:Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Мерекелі осы күн.

Шеңберге тұрып: хормен

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де

Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге.

Жүргізуші:Армысыздар, халайық, Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Қарақат. Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздерме ме, қонақтар!

Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап, Келді міне Алтын күз!

Қарақат: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі Шықса жасыл Түссе –сары. Бұл не? Балалар: Жапырақ.

Қарақат.Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз. Ән «Күз»

Ерік: Күзім-ау, күзім-ау! Мінезің бұзық-ау Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау!

Назерке А. Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

Диана. Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Мектепке баратың бізбенен

Артур. Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен жел де тым.

К.Назерке. Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын

Ерхат. Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал - терек,

Жапырағын жұлғызып.

Сабрина.Жайдарлы күз, жомарт күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: -Күз ханшасы қандай өнер көрсетеді екен?

Күз:-Мен достарыммен би билеп берейін. Қабыл алыңыздар.

Ельсияр. Гүл жайнаған даланың, Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым, Танымастай болыпты.

Наргиза. О, алақай, тамаша, Шашу шашады жапырақ. Бақтың іші алаша, Аунар ма еді жатып ап!

Әли. Көбейді құт-береке Астық толы қоймамыз. Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз.

С.Д. Өнім үйіп тастадық, Оқуды да бастадық. Берекелі алтын күз, Ашық болсын аспаның.

Бек.Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз.

Аяжан.Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең далам, Дариядай шалқар күз.

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Жүргізуші: Жемістер мен көкөністерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер )

Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын Аузындамын бар жұрттың. Наргиза.

Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін Моншақ болып тізілдім Сабрина

Өрік Мен өрікпін, өрікпін Табиғатқа көрікпін С.Дильназ.

Алма Мен алмамын, алмамын Тандайда қалар бәр дәмім. Жангүлім

Сәбіз: Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз.Ерхат Әли

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,Қызыл түсім қанға нәр.Зияным жоқ біліп қой,Қызылшамын пайдам бар. Ельсияр

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,Доп екен деп қалма.Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма. Аяжан

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,Бақшадағы шырынмын.Жеп көргенде тамсанған,Балдай тәтті қауынмын. Диана

Пияз: Асханадан шықпаймын, Атым - пияз, бұқпаймын Көзден жасты шығарам,Тұмаудан бірақ сақтаймын!А.Назерке .К.Назерке.

Қос картоп: Картоп- біздің атымыз, Жер астында жатырмыз Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз! Бексұлтан Аяулым.

Қарақат. Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбе Аузынан кетпес бал дәмі Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін аиырып, Танисын ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап, Өсетін жері-бақша-бақ Күрен қызыл шіркін-ай Оның аты…(танқұрай )

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Тазша бала келеді. /жүгіріп/ -Сүйінші,сүйінші ,сүйінші! Күз келді.

Жүргізуші: Тазша бала , біз күз келгенін біліп алдық. Тазша -Ой, мен тағы кешіктім.

Жүргізуші: - Қапаланба , тазша бала, бүгін бізде қонақта бол.

Тазша бала: Ендеше мен ойын ойнатайын.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп, шашылған көкөністерді жинау.

Бір,екі,үш Ал,кәнеки ұш!

Қарақат. Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.(Күз балаларға алма таратады)

Қарақат.Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.

Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.

Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!

Күз:Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды -

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты Алтын к?з

Автор: Бекжанова Балиса Сембаевна

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 248777


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства