kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты: "Алтын к?з"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Алтын к?з мерекесіне орай1-сынып о?ушылырына "Алтын к?зді? жемістері атты т?рбие са?ат оздырылды. Мерекелік шараны? ма?саты: О?ушылар?а к?згі таби?атта?ы ерекшеліктері туралы т?сінік беру. О?ушыларды? к?з байлы?тары:  асты?,к?к?ніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін ке?ейту. Алтын к?зді? адам?а берер пайдасын т?сіндіру ж?не таби?атты с?юге т?рбиелеу;О?ушыларды? сахналы? м?дениеттерін ?алыптастыру, т?л?алы? ?асиеттерді? дамуына ?сер ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты: "Алтын к?з"»


Тақырыбы: АЛТЫН КҮЗДІҢ ЖЕМІСТЕРІ.

Мақсаты: Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың күз байлықтары:  астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: Күз туралы суреттер мен даналық сөздер, күзгі ағаш, күз көкөністері,  жеміс-жидектері, жапырақтар және музыкалық аспаптар.

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.

Не қасиет бар дейсің, осы күзде-

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,

 Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.

К ө р і н і с


Е.Дәулет-Бағбан:(Тырмамен жер жыртып жүреді)

(Күнбағысқа келеді)

Күнбағыс-ау,Күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)

Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!

Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.

Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер.

(Әрқайсысын жұлқылап оятады)

Жуа:Не болды?

Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)

Айгерім-Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Мейрамбек-Жуа:Біз адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.

Аслан-Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюкоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.

Данагүл-Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!

Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дәрі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіреді. Мен пайдалымын!

Айгерім-Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!

Н.Аслан-Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)

Расымен де, адам үшін жеміс-жидектер мен көкөністердің қажеттіліктері бірдей. Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Ендеше,әрбір үйдің дастарханын дәмге, еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да, жомарт күз айларымызбен жеміс-жидектеріміздің шашуларын тамашалайық.

Қыркүйек-Е.Даулет

Менің атым - қыркүйек,

Күздің бірінші айымын.

Молшылықтың, байлықтың айымын .Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер?
Хормен: 1 - қыркүйек - Білім күні.
22 - қыркүйек - Тіл мерекесі.

Күздің алғашқы айы

Гүлшат.Менің атым - қазан. Күзгі жиын - теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Оқушылар хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні.
Қарттар күні, сабантой.
Р.Аружан.Менің атым - қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.
Гүлшат. Күз айлары: Ал, балалар, сендер біз туралы, біздің мерекелі күндерді жақсы күндерді жақсы біледі екенсіңдер. Енді кезекті күз байлықтарына береміз.

Қарбыз-Ералхан

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

 Алма-С.Айдос

Мен алмамын, алмамын,

Таңдайда қалар бар дәмім.                                                                           

Өрік-Алина

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.                                     

Жүзім-Камила         

Менжүзіммін,жүзіммін.                                                   Мен жү

Моншақ болып тізілдім.                                 

Пияз -Мейрамбек

Асханадан шықпаймын,

Атым –пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Сәбіз-А.Данагүл

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.

Қызылша-Мухсин

Ақ түсім бар қант алар.

Қызыл түсім қанға-нәр.

Зияным жоқ,біліп қой-

Қызылшамын пайдам бар

Қызанақ -Ардақ

Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен- қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Асқабақ- Ерназар

Бақша төріндегі асқабақпын

Асханадағы жақсы тамақпын

Сап-сары боп торсиып,

Күтем сені терсіндеп.

Ән: «Алтын күз»

Ойын «Не жегеніңді тап!»

Мұғалім табаққа жемістерді турап қойып, балаларға дәмін татуға береді, алдын-ала көздерін жауып қойып.

  • Енді, не жегеніңді айтып, себеттен тауып берші.


Мұғалім:

Р.Айна.Құлпынай көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.

Ғаламат.Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .

Нұрәлі.Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

Нұрасыл.Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.

Артур.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.

Ильяс.Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.

Мұғалім:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық.  (Оқушыларға күз айларының пайдалы кеңестерін сыйлыққа ұсынамыз.)

Би «Күзгі вальс»

Ән «Күз мезгілі тамаша»

Қорытынды.

-Балалар, бүгін біз қандай мерекені тойладық?

-Алтын күз.

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

-Айнала сап-сары, күз суытады, құстар жылы жаққа ұшады.т.с.с

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-4жыл мезгілі (жаз,күз,қыс,көктем.)

-Күз айларын атап шығайықшы.

-Бәрекелді, жарайсыңдар!

Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз.


























Денсаулығыңды

күтіп

ұста!



























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты: "Алтын к?з"

Автор: Мурзагалиева Мейрамгуль Кадиргалиевна

Дата: 05.11.2015

Номер свидетельства: 248495


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства