kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?ат "Дені сау ?рпа? жар?ын болаша?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сау дене а?ыл адал  к??іл ?шеуімен ба?ытты болады ?мір. деген на?ыл с?з бар. Сол айт?андай дені сау ??шыр білекті бавтыл ж?ректі салауатты ?мір салтын орны?тыру?а дайын ?рпа? болу?а ?седіСау дене а?ыл адал  к??іл ?шеуімен ба?ытты болады ?мір. деген на?ыл с?з бар. Сол айт?андай дені сау ??шыр білекті бавтыл ж?ректі салауатты ?мір салтын орны?тыру?а дайын ?рпа? болу?а ?седі Сол айт?андай дені сау ??шыр білекті бавтыл ж?ректі салауатты ?мір салтын орны?тыру?а дайын ?рпа? болу?а ?седі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?ат "Дені сау ?рпа? жар?ын болаша?"»


Сабақтың тақырыбы:

«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!»

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.

Оқыту пәндерімен байланысты: экология, валеология, музыка, дене шынықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбасы сызылған плакаттар, кодоскоп, магнитафон.

Сабақтың барысы:

1. Психологиялық дайындық.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру және жұмыстың жүргізу түріне қарай топтастырып отырғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Ой шақыру.

1. Биыл – барыс жылы

2. 2002 жыл Елбасының ұсынысымен қандай жыл деп аталды? (денсаулық жылы).

3. Олай болса, деніміз сау, білекті, алып жүректі қайсар да қайратты ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Спорт)

- Дұрыс, балалар, өте жақсы, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Ал сабағымыз түрі топтық ұжымдық. 4 топқа бөліп отыралық.

1 топ. «Табиғи күш» тобы

- Күн, таза ауа, суық. Денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?

- Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіңдер?

- Ата-бабамыз табиғи күш қуаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол атаулы сөздерден мысал келтіріңдер.

2 топ. «Ептілер мен күштілер» тобы

- Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтыру түрлерін ата.

- Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері? (Оқушы өзінің күнделікті айналысатын спорттық жаттығуларын көрсетеді).

- Дене шынықтыру жұмыстары туралы өз ойың.

3 топ. «Шипалы тағамдар» тобы

- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?

- Асқа тағамдарды қалай пайдалану керек деп ойлайсың?

- Тағам түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет. (Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар).

4 топ. «Сымбат» тобы.

- Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.

- Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары нелер?

- Тазалықты сүймейтін бала қалай атайды? Оған оқыған шығармаларыңнан қандай мысал келтіресің?

(Топтарды қорытындылап марапаттау).

Мұғалімнің сөзі: Медициналық тұрғыдан алғанда, денсаулық дегеніміз толық физикалық, психикалық және әлеуметтік қолайлы жағдайдың объективті күйі және субъективті сезінуі. Қоршаған орта сапасының нашарлауы адам ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін төмендетіп, оның салдарынан денсаулық бұзыла бастайды. Ластанған қоршаған орта адамға не тікелей не биологиялық буын әсер етеді:







Тасымалдау ортасы: су, ауа

Шоғырлану және сақталу ортасы: топырақ түзілген қалдықтар





Ауа

Тамақ (өсімдік жануарлар)





Сонымен ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері адам денсаулығына зиян келтіретін экогендік зиянның тікелей көзі болып табылады. Денсаулыққа келтіретін зиянның барысын былайша сызуға болады:

Табиғат күштері зиян келтіретін көз ретінде

Ластанған қоршаған ортаның жағымсыз




Адам денсаулығы

Апат салдарынан шығарылатын ластайтын заттар




Тасымалдау ортасы: су, ауа




Тасымалдау ортасы: су, ауа





Осы сызбада анық көрсетілгендей, ластанған қоршаған орта жағымсыз әсерінің өзге де қоғамдық маңызы бар демографиялық салаға қатысты: халық өсімінің бәсеңдеуі, адам өмір жасының қысқаруы, тумысынан кемтар адамдардың көбеюі. Қорыта келе денсаулыққа зиян келтіру қоршаған ортаның сапалық жағдайдағы жағымсыз өзгерістер нәтижесінде экологиялық құқықтың нормалар мен тиым салынған әрекеттер жасалған кезде ғана орын алуы мүмкін. Осыдан келіп біз адамның өз денсаулыына ықпалы жөнінде айталық. Көрініс «Екі бала ойнап жүр».

Мұғалім сөзі: Сонда балалар, темекі мен ішімдіктің адам ғазасына тигізетін зиянды әсері көп екен. Мсалы: Темекі тартып, ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады. Темекі түтінін никотин, иіс газы, көгергіш қышқыл және тағы басқа зиянды заттар болады.

Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық. Осыған орай «Русска водка» өлеңін оқиды.

Арақ – аурудың ажалы,

Ақшаның тажалы.

Ырыстың қырсығы,

Абыройдың мылтығы.

Жаңсылықтың жаңқасы,

Төбелестің арқасы.

Құлтума Сармұратұлы.


Демек, балалар біз бос уақытымызды тиімді пайдаланып, жаман әдеттен аулақ болайық.

Дебат ойыны: Эмблема қорғау.

«Денсаулық жаулары», «Денсаулық достары».

Оқушыларды ойын бойынша қорытынды жасау.

Ән «Дастархан»

Мұғалімнің сөзі: «Болашақ өз қлоыңда»

1. Өзіңді-өзің тәрбиеле: Ол үшін алдымен алдыңа мақсат қоя біл. Ол ағзаны жоғары жұмыс жағдайда жұмыс істеуге үйретеді. Ал мақсат қоя білмеген адам тез қартаяды.

2. Жігерді қалыптастыру: Жігер – ағзаға берілетін бұйрық. Оны өзің жасауға үйрен.

3. Денсаулығыңды шынықтыр: Шымырлық ағзаны төзімділікке үйретеді.

4. Тамақтана біл: Көп тамақ жеу зиян. «Тамақты өмір сүру үшін жеймін, тамақ жеу үшін өмір сүремін» деген қағиданы естен шығармаңдар.

5. Демала да біл. Ол мәдениетті көрсетеді.

6. Мейірімді болуға үйрен. Адамдарға қуаныш сыйла, өзіңнің көңіл-күйің жақсарады. Ал жағымсыз әсерлер ауру туғызады.

7. Өзіңе-өзің сен. Әрбір адам табиғаттан талантты болып туады.

Тек оны одан әрі дамыту өз қолыңда. Кез-келген жұмысты бастағанда, мен мұны қалайда жеңемін деп баста, сен жеңесің.

8. Өзіңді танып біл. Өзіңе «Мен мақсатты, жігерлі, қайратты, көпшіл мейірімдімін бе?» деген сұрақ қой. Оған шын жауабын бер. Өзіңе-өзің ұнамасың, онда өзгеруге тырыс.

Ұжымдық жұмыс.

  • Ауру жанға арашашы кім және қандай орын?

(Емхана, дәрігерлер, мейірбикелер, халық емшілері.)

Оқушы жауабы мына өлең жолдарымен қорытыла.

Адамға денсаулықтан не бар қымбат,

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ.

Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,

Дәрігерлер берген отан алдында ант.

Ой тұжырымы

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?

  • Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

(Оқушылар жауаптары таңдалып және сарапшылар қай топтың көбірекжауап бергенін ескеріп қорытындылайды).

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер. Елбасы «2001-2005 жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы заңға қол қойды. Бұл-үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.

Үйге тапсырма: көктемгі табиғат, оның адам денсаулығына әсері, «Адам – табиғат бөлшегі» тақырыбына материал жинақтау.




















Тақырыбы:


Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!

(дөңгелек стол )



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?ат "Дені сау ?рпа? жар?ын болаша?"

Автор: Елдесова Рысты Нурлановна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317909


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства