kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие ,ашы? саба? "Наурыз к?ктем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «Наурыз – к?ктем» т?рбие са?аты

Ма?саты: Наурыз мейрамы туралы т?сінік беру. Балаларды? ойлау, ?абылдау, зейін ?абілеттерін дамыту. мерекелік к??ілін к?теру, елге деген с?йіспеншілікпен бірге салт-д?ст?рді ??рметтеуге т?рбиелеу.

«Наурыз думан» ?ні ойнайды

Амандасу.

«Наурыз к?ктем» атты ашы? т?рбие са?атын бастау?а р??сат еті?іздер!

К?й ойнайды

К?птен к?ткен Наурыз тойы арайлы,

Н?р?а б?леп міне жатыр ма?айды!

Мал біткенні? бал таты?ан уызы,

?уат болып ?анымыз?а тарайды.

Т?рт т?лік мал хал?ымызды? с?йері,

К??ілімні? к?мбірлеген к?йі еді.

«Аман ба» деп мал жаны??

Бірін-бірі ??ша?тасып с?йеді.

 — Ал, балалар! ??рметті ата-аналар, ?стаздар! Б?ріміз т?рып бір-бірімізді ??ша?тап «Т?с ?а?ысу», бір-бірімізге жа?сы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен ??тты?тайы?!

Наурыз – ?лысты? ?лы к?ні ??тты болсын!

А? мол болсын!

Жа?а жыл ба?, береке, молшылы? ?келсін!

— Наурыз — ба?ытты? бастамасы, ?лылы?ты? ?йыт?ысы, жа?сыны? жаршысы, ынтыма?ты? белгісі, ?мірге н?р сыйла?ан, сезімге г?л сыйла?ан халы? ?астерлейтін к?н.  

 — Бізді? кішкентай б?лдіршіндерімізді? наурыз мейрамына дайында?ан та?па?тарын ты?да?ыздар. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие ,ашы? саба? "Наурыз к?ктем" »

12.03.2015ж.


Тақырыбы: «Наурыз – көктем» тәрбие сағаты

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

«Наурыз думан» әні ойнайды

Амандасу.

«Наурыз көктем» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Күй ойнайды

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

— Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап «Төс қағысу», бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!

— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

— Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Әнімде саған, биімде Жаннұр

Ата бабам тойлаған Сабит Құт қонақ өзім үйімде.

Наурызым армысың, Қуаныш сыйлап еліме

Қызыққа еш тоймаған. Күлімде наурыз күлімде!

Дарқан дала, қарлы шың.


Бата беріп атамыз, Мадияр

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.


Көктем келді бүгін, Дана

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Наурызды халқымыз, Алишер

Жыл басы деп санайды,

Көнермеген салтымыз,

Көп елдерге тарайды.

Ақ түйенің қарны жарылды, Аида

Наурызды елім сағынды.

Үлкен-кіші асығып,

Бұл тойға бәрі ағылды.

Күттіріп келген жыл басы Ақнұр

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің

Береке-ырыс сыйлашы.


Сәнді көктем нұрымен, Ақерке

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Амирсултан

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Иесіне ән-бидің тамсанайық.

Аңыз бен ертегіні ала келген,

Қонақтарды қарсы алайық.


Кіргізіп көркін даланың, Мағжан

Бәйшешек қырда қаптады.

Қызығып ылғи барамын,

Үзуге бірақ батпадым.

Түрлі-түсті әйбат, Айым

Гүлдер шықты жайнап.

Қызығып ылғи барамын,

Қырға шығып ойнап.


Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы

гүлдері жауқазын, қызғалдақ, бәйшешек (ұлдар қолдарын қосып оңға, солға бұрады) бір, екі, үш, төрт.

қызғалдақ (қыздар қолдарын жоғары көтереді) біз қызғалдақ жайқалған.

\Тақтаға ілінген гүлдердің ішінен (жауқазын, қызғалдақ, бәйшешек) гүлдерін тауып көрсету\


Күн мен түн теңеледі, Азиза

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.


Наурыз тойы — салтымыз, Саид

«Көгерсін» — деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.


Сансыз көкек сұңқылдап, Сағыныш Көктем келді еркелеп.

Тәрбиеші: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Көктемнің алғашқы гүлдерін үш топқа бөлініп құрастыру және «Тіркеспе» ойыны.


Қарды ерітіп жылғасы, Әміржан

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.


Көкке бояп өңірді, Бекарыс

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

(құстардың суретін көрсету)


Балалар-ау, балалар! Рауан

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.


— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)

Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

Қазақтың ұлттық тағамдарының атын атау. наурыз көже, қазы-қарта, тары - талқан, ет, қуырдақ, бауырсақ, құрт, май, ірімшік т. б.

Тәрбиеші: Бүгінгі дүбірлі аламан тойымыз да өз мәресіне жеткен тәрізді. Сондықтан ата салтын сақтай отырып, арамыздағы ел ішіне сыйлы, құрметті - Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгінгі думанға ала келген ақ батаңызды беріңіз.

Қыдыр ата:

Ақ көп болсын,

Қайғы жоқ болсын,

Пейілдерің кең болсын,

Сапарларың оң болсын,

Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!

Ұлыс оң болсын! Әумин!

Ұлттық ойын:

«Теңге алу», «Қыз қуу», арқан тарту, «Хан талапай» ойындары ойналады.

Балалар тамаша ойын болды орындарымызға отырамыз!

Наурыз мейрамына арналған би, өлеңдерін тамашалаңыздар!

Хош келдің, төрлет, Наурызым!

Балалардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар!

«Батырлар» биі

«Көктем келді» әні

Осымен, құрметті қонақтар! Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!


«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ









Ашық сабақ







Тәрбиеші: Айтжанова Р.А.









2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие ,ашы? саба? "Наурыз к?ктем"

Автор: Айтжанова Райхан Ауезхановна

Дата: 23.05.2015

Номер свидетельства: 214646


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства