Б?л саба? жоспарында геометрия еліне саяхат жасап, геометриялы? ??ым беру, оны? ішінде сызы? т?рлерімен таныстырады. Практикалы? ж?мыс барысында т?рлі тапсырмалар орындатылады. Топпен, жеке о?ушылармен, д?птермен, та?тамен ж?не суретпен ж?мыстар орындалады. О?ушыларды? математикалы? сауаттылы?ын арттыру к?зделеді.
Просмотр содержимого документа
«"Сызы? т?рлері" математика 1-сынып »
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Өскен негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Каимуллина Асем Амангельдиновна
математика сабағы
Сабақтың тақырыбы: Сызық түрлері.
Сабақтың мақсаты: Сызықтардың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру
Фигураларды салыстыруды жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту
Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге,
ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жіп орамы.
Қолданылатын әдіс: ойын, өздік жұмыс, жұппен, топтық жұмыс.
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
-Бүгін біз «Геометрия» еліне саяхат жасаймыз. Мұнда ерекше тұрғындар өмір сүреді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Бүгін біз осы елдің жаңа тұрғындарымен танысамыз, оларды салыстырамыз да ажыратуға үйренеміз.
2. Практикалық жұмыс. Жіппен жұмыс :
- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық
- Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? - қисық сызық
- Екі шетін байласақ - жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық
- Байлағанды шешсек - жіппен не болады? - тұйықталмаған сызық
Тақтада жұмыс: түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды оқушылардың өздеріне салғызу.
3. Қорытынды: «Геометрия» елінің маңызды тұрғындары – сызықтар
- Сызықтар қандай болады?
- Қалай ойлайсыңдар, олардың керегі неде?
- Олардың көмегімен не сызуға болады?
Тақтаға фигураларды салғызу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша.
ІҮ. Білімді тиянақтау.
1.Оқулық бойынша жұмыс.
Топпен жұмыс: 1топ – № 1 2 топ – № 3
2. Дәптермен жұмыс.
түзу сызықтарды – қызыл қарындашпен,
тұйықталған – сары түспен,
тұйықталмаған – жасыл қарындашпен бастыр.
№ 2 – өздік жұмыс.
Ү. Рефлексия.
ҮІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.