kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс сабақ: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнаған мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты мерекелік ертеңгілікке  қош келдіңіздер! 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс сабақ: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»»

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Тәуелсіз  елдің  ұланымыз!»

 Тәрбие сағаттың мақсаты: Отанды сүюге,рәміздерді құрметтеуге,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға баулу, балаларға патриоттық тәрбие беру.

 Көрнекілігі: суреттер, шарлар, мақал-мәтелдер.

 Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

- Желбірейді шарықта,

Қазақстан жалауы!

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады,

Қазағымның Әнұраны!

Қалықтаса аспанда,

Шежіресі айналады,

Ән-күй менен дастанға! (Әнұран орындалады)

 Тәрбиеші:

 Кіріспе бөлімі.

-         Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнаған мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты мерекелік ертеңгілікке  қош келдіңіздер! 
Баяндама:  Отан деген сөзді күн сайын естіп жүрміз. Отан дегеніміз- адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын адамдардың атамекені.  Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Біздің еліміздің табиғаты таң қаларлықтай бай өлке болып табылады. 1990жылы  26 қазанда Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.Дүние жүзі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп танылды.Қазіргі кезде бүкіл мемлекет біздің елімізбен тығыз байланыста, шикі затты сатуда, сатып алуда қай мемлекетпен болсада, оң шешімін табуда. Біз осындай келешегін алда болжап, өркен жайған, татуы берік, құшағы кең, достығы мәңгі жайнаған тәуелсіз отанның ұландарымыз.Ендігі осы отанымыздың гүлденуін, өркендеуін жеткізетін мына сендермен , біздерміз. Сондықтан, адал достықты, терең білімді ұрпақ болуымыз керек.

Енді осы Отан туралы бір жырлайықшы:

  К. Кәусар:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

 

Құралай:      

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

 

       

Кәусар:

Елтаңбасы елімнің,

Қандай әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

 

 Ислам:        

Құт,береке шаңырақ,

Орны алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

 Нұрали:           

 Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім.

Туған жерім- бағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

 

Әлихан:

Менмін Отан бөбегім,

Алты жаста өренің.

Ана тілден нәр алып,

Ұлан боп өсіп келемін.

              

           

Ақжүніс: 

Аман болсын, Нұрсұлтандай атамыз,

Халқымызға пана болған данамыз.

Әрқашанда мақтан етіп жүретін,

Жазық мандай кең пейілді данамыз.

 

Әсел:

Отан,Отан!

Сен болмасаң не етер ем?

Бақытсыз боп өтер ем.

Кең байтақ Қазақстан жерім менің,

Асқар тау мен айдынды көлім менің!

 

Азамат:

 Мен – қазақпын!

Биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.

 

Нұрай:

Отан мынау,

Отанымның картасы.

Маған қымбат

Отанымның әр тасы.

 

 Арайлым:

Көтерілген шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

 

Ән: «Көк тудың желбірегені» (хормен)

 

Жарайсыңдар, балалар!

-         Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?


  1. Отан отбасынан басталады. (Аяулым)


  1. Туған жерге туынды тік. (Ерасыл)

  2. Өз үйім – өлең төсегім. (Жанерке)

  3. Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.(Назерке)

  4. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. (Әмина)

  5. Отан – оттан да ыстық (Інжу)

  6. Отан – елдің  анасы,ел – ердің  анасы. (Жансая)

 

Би: «Ақкөгершін»

Тәрбиеші:  Балалар, қазақ халқының ұлттық ойындарының бір түрі  «Бәйге ойыны». Ол шапшандықты қажет етеді. Мен сендерге сұрақ қоямын. Кім сұраққа толық, анық, тез жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

1.     Қазақстан Республикасының президенті кім?

2.     Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

3.     Тудың түсі қандай?

4.     Отанымыздың астанасы қай қала?

5.

6.

7.

 

Тәрбиеші:

    Тәуелсіздік – 11 әріптен құралған,

    Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

    Талай дара, даналардың көз жасы,

    Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

   Он бір әріп не мағына береді екен...

Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады.

1 бала: Т – білдіреді теңдікті (Әсел Б)

2 бала: Ә – әдептілік елдікті (Ерасыл)

3 бала: У – уайымсыз уақытты (Аяна)

4 бала: Е – егемен елдікті (Кәусар К)

5 бала: Л – дейді лаулап, (Кәусар)

6 бала: С – сенімділік секілді ең (Әмина)

7 бала: І – ілтипат пен ізет қой (Жансая)

8 бала: З – зиялылық тілек қой (Аяулым)

9 бала: Д – шақырады достыққа (Құралай)

10 бала: І – ілкімді боп сақтыққа (Әлихан)

11 бала: К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.(Ислам)

Құттықтау сөз:

 

 Қорытындылау

Тәрбиеші: Біздің тілегіміз – бейбітшілік,тыныштық.Сендердің әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы,әдепті,қайырымды,үлкеннің тілін алатын,кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашақ иесі сендерсіңдер. «Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін!»- деген ниетпен ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын.

 

















Благодар орта мектебі
















Тәрбие сағаттың тақырыбы:

Тәуелсіз  елдің  ұланымыз!






















2016жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сыныптан тыс сабақ: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

Автор: Айтжанова Ақмарал Жеткергенқызы

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385797


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства