Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариннің суреттері, мәтін сюжетіне сәйкес сурет,
сызбалар, мақта, карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Құрметпенен бас иіп,
Сәлем бердік біз.!
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
-Өткен сабағымызда кімнің өлеңімен таныстық? (А. Құнанбаевтың суретін ілу)
-А. Құнанбаев кім? (Қазақтың ұлы ақыны)
-А. Құнанбаевтің қандай өлеңдерімен таныстық?
-Осы өлеңдерді кім жатқа айтады?
«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі - Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!-деген өлең жолдарын қалай
түсінесіңдер? (Оқушылардың ойларын сұрау)
-Дұрыс айтасыңдар жақсы оқып , тәрбиелі болып өсіп,оқуға түсу, қалаған мамандық иесі болу,
яғни, жақсы азамат болып өсу.
«Сегіз аяқ» өлеңінде - Еңбек қылсаң ерінбей,
-Тояды қарның тіленбей,-деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
Осы өлеңдерді қорыта келе Абай өлеңдері неге баулиды, неге тәрбиелейді?
Абай Құнанбаев өлеңдері
Еңбекке Өнер-білімге Жақсылық Мейірбанды
баулиды шақырады жасауға болуға
Еңбекке, өнер-білімге байланысты мақал-мәтел білеміз бе?
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар мынау не? (мақта)
-Мақта қандай? (Ақ, жұмсақ)
-Мақтаны неге пайдаланады? Одан не жасайды?
(Жылы, жұмсақ болу үшін көрпенің арасына салады. Жіп иіріп киім тоқиды.)
-Мақта жылы жерлерде өседі. Біздің елімізде Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай, Сайрам,
Сарыағаш, Мақтарал, Түркістан сияқты аудандарында өсіріледі. (Картадан көрсету)
-Балалар мақта тек адамдарға емес, сонымен бірге құстардың да қажетіне жарайды екен.
-Оны біз бүгінгі «Бір уыс мақта» әңгімесінен оқып білеміз. Бұл әңгімені Ы. Алтынсарин
жазған. Ы.Алтынсарин қазақтың алғашқы ағартушы-педогагы, ұстаз, ақын, жазушы, қазақ
балаларына алғаш мектеп ашқан, балалар әдебиетінің атасы. Ол қазақ балаларына арнап қазақ
тілінде «Қазақ хрестоматиясы» деген алғаш кітап жазды. Бұл кітапта балаларға арналған
әңгімелер, өлең жинақтары жазылды.
Ы. Алтынсарин де А.Құнабаев сияқты өз өлеңдерінде оқуға, өнер-білімге шақырады. Оның
«Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерімен жоғары класта танысатын
боламыз.
Ы. Алтынсарин сонымен бірге аудармашы болған. Ол түрлі орыс хрестоматияларынан әңгімелер-
ді аударған. Әңгімені сол күйінде аудармай қазақ тұрмысына жақындатып өзгертіп жазған.
Соның бірі бүгін «Бір уыс мақта» әңгімесі. Оны орыстың педагогі И.И.Паульсонның хрестомати-
сынан аударған екен.
Енді қазір «Бір уыс мақта» әңгімесімен танысамыз.
-Әңгімемен таныспай тұрып сіздерге сұрақ қояйын:
-Бір уыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзім толықтырып өтейін. Ерте заманнан бері келе жатқан өлшем түрлері бар. Олар ұмыт бола
бастаған көне атаулар. Соны естеріңе сақтаңдар.
Көлем өлшеміне жатады: алақандай, бір құшақ, көлдей, қос уыс, бір уыс.
Әңгімені оқып беру.
Әңгіме бойынша сұрақтар қою.
1. Кішкентай қыз не істеп отыр?
2. Шешесі қандай ақыл айтады?
3. Киімді жамап болған қыз не істеді? Не дейді?
4. Шешесі не деді?
5.Одан кейін не болды?
6. Қыз апасынан не деп сұрайды?
7. Шешесі не деп жауап береді?
Әңгімені тізбектей оқыту, рөлге бөліп оқыту.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Мақта ақ, жұмсақ өсімдік.
ІY. Сабақты қорытындылау.
Абай Ыбырай
Ойын: «Шырша безендіру»
-Балалар алдымызда қандай мейрам келе жатыр?
-Жаңа жыл мерекесінің көркін келтіретін не?
-Балалар, жаңа жыл мерекесі таяп қалды. Ал біздің шыршамыз әлі безендірілмеген. Шыршаны
безендіруге өз үлестеріңді қосыңдар. Ол үшін тапсырмаларды орындауларың керек.
1-тапсырма. Жақында қандай мерекені тойладық?
2-тапсырма. Тәуелсіздік алғанымызға биыл қанша жыл болды?
3-тапсырма. Абай Құнанбаев кім?
4-тапсырма. Абай өлеңдерінде жастарды неге шақырады?
5-тапсырма. Ы.Алтынсарин кім?
6-тапсырма. Әліппенің атасы деп кімді атайды?
7-тапсырма. Өнер-білімге байланысты мақал айт.
8-тапсырма. Еңбекке байланысты мақал айт.
Егер жауаптарың дұрыс болса шырша жанады.
-Сонымен қандай әңгімемен таныстық?
-Бұл әңгімені кім жазған?
-Ы. Алтынсарин кім?
-Әңгімеден не түйеміз?
YІ. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: «Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс»
Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру. 2.Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. 3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Барысы: Мұғалім: Балалар, бүгінгі « 9 мамыр – Жеңіс күні » атты сынып сағатымыз бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады. Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады.
1 оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан, Талай көзден жас тамды. Тұтқиылдан жау тиіп, Қырғын соғыс басталды. 2 оқушы: Отаным еркелеймін енді кімге, Өзіңмен нені болса көрем бірге. Қалайша қабырғама батпас менің, Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
Мұғалім: Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады. Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болса дағы қай ғасырды, қай күні. Ұлы Отаным басын иіп бір минут, Есіне алмақ сол бір апат қайғына. ( бір минут үнсіздік) 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. 3 оқушы: Ойлап-ойлап тұрдым көп Сұрақ қойдым білгім кеп: - Қуанышты мереке – Жеңіс күні қай күн деп? Атамнан да сұрадым, Әкемнен де сұрадым, Ағамнан да сұрадым, Анамнан да сұрадым. Тосты бәрі құлағын: - Дұрыс, – десті сұрағың. – Бейбіт күннің бәрі де Жеңіс күні, шырағым! Мұғалім: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағуловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды. 4 оқушы: Сонау жылы жер-көкті, Соғыс бұлты торлаған. Сонда Мәншүк апамыз Жаудан елді қорғаған. Мұғалім: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Әкесі дәрігер болған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде небары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған. 5 оқушы: Айтамыз біз өлең ғып, Айтамыз біз жыр етіп. Әлия апай ерлігі Ұмытылмас мәңгілік. Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әүбәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Зымырап жылдар өтеді, Жанымыз жауға ызалы. Соғыста өлген атаны Бөбегім сен де ұмытпа. - Ал, сендер Отанның қадірін білетін боларсыңдар?! Хормен: Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз. Мұғалім: Рақмет. Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты өз халқымыздыңсалт-дәстүрі, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады.
Сабақтың тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Наурыз мейрамының пайда болу тарихы және қазақ халқының
салт-дәстүрімен таныстыра отырып халқымыздың әдеп -ғұрпы, мәдениеті тура-
лы толық мәлімет беру;
2) Оқушыларды халқымыздың дәстүрінеғ, әдеп-ғұрыпқа байланысты ұлағатты
сөздерінің мәніне қарай және жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жал-
ғастыруға баулу;
3) Оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық салт-дәс-
түрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, Ұлыстың ұлы күніне арналған плакаттар, суреттер көрмесі.
Сабақтың барысы.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз
келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз- « жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдар-
дан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні
деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын, ұлыс мерекесі
сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші:
таныстыра отырып халқымыздың әдеп -ғұрпы, мәдение
Сабақтың тақырыбы: «Татулығы жарасқан құтты мекен Ақтөбем». Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер. Барысы: Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар» «Ынтымақ-достық кепілі» Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз. Біздің Отанымыз- Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды. Оқушы: Тәуелсіздік кіндігін Кескен халық бірлігі. Ынтымағы барша ұлттың Нұрын шашқан күн бүгін. Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей. Оқушы: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат әдемі. Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр. Оқушы: Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан,күн- қыран сәні бар. Көк байрақ ашық күн кеңісім, Алтын күн белгісі жеңістің. Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты,келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп,шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы- Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
Оқушы: Заман жаңа,ел жаңа, Күлімдейді кең дала, Өз Астанам- өз Ордам, Сүйенерім сен ғана ! Оқушы: Көрікті өлкеме қарашы, Тізілген орман- тау, қаласы. Алтай мен Атырау арасы, Қазақтың кең- байтақ даласы. Республика халқының саны 15 миллиондай. Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ. Оқушы: Ақ қара деп алдымен, Елім бөлмес адамды, Дәстүр, өнер, салтымен Таңқалдырған ғаламды. Оқушы: Жырласа қазақ, түркімен, Молдаван,тәжік үн қосқан. Дос жүректер біріккен, Мейірлері жарасқан. Оқушы: Тыңда, тыңда, тыңда мені, Ұлы жұртым орыс халқым. Сен тербетіп өсіргенсің, Сенің даңқын, менің даңқым. Оқушы: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын, Украина туысымның бірісің. Тұрды биік туымыздай бұл достық, Ел басына төнгенде де ұлы сын. Ән: «Ел қорғауға әзірміз» Оқушы: Қадірменді бір досымыз- өзбегім, Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім. Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің, Өз көзімдей күлімдейді көздерің. Дәм тұзымыз араласпыз әріден, Дастарқандар жайылады сәнімен. Палауыңмен бесбармағым сыбайлас, Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен. Түрік биі. (1-сынып оқушыларының орындауында би) Оқушы: Жолым түсіп, тағдыр талап, Грузин дос болдым қонақ , Қазағымдай кең пейілің, Дастарханды жайдың мол- ақ. Оқушы: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі, Екі жұрттың бірге екен негізі. Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі, Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі. Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар, Бір тамырдан сендер өскен қос шынар. Дос туыстар көп болса да дүниеде, Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар. Оқушы: Онша үлкен болмаса көлемі Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын, Тағы сені құшып сүйгім келеді. Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы». Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан: - Сенің ұлтың кім? - Қырғыз. - Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың? - Менің өз елім – Қазақстан. - Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек! - О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің. - Сен өз еліңе қалайда кетуің керек? - Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің? - Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді) - Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді. - (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз. - О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды! - Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады). - (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз. Оқушы: Белоруссия – жайқалған жасыл орман. Жасыл орман – мәңгі жасыл арман. Шетінен ойшыл келер армандары – Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған. Оқушы: Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз ұсынамын төрден орын, «Досым» деген адамға міне қолым. Әр қазақтың жүрегінде осы тілек, Адамзат, оң сапарда болсын жолың. Ойын: «Хан талапай». - Қазақтың жаңа жыл мейрамы? - Ұлттық тағамдарды ата? - Қазақтың ұлттық киімдері қандай? - Ұлттық аспаптарын ата. Оқушы: Бірлігі мен ынтымағы халықтың, Көзімізде жарқырайды жарық күн, Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың, Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн. Оқушы: Тірлігімен адам байлық жасады, Бірлігімен асулардан асады. Адал жандар жер – ананы қорғаңдар, Абайлаңдар бейбітшілік жасағы. Оқушы: Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт. Жарқырасын күніміз, Жаса, жаса тыныштық Хор: «Достық» Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі- 2 млн.700 мың шаршы километр. Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман. Хормен: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асар тау, Жеміс толы бақша- бау. Болсын жер мен су ортақ, Болсын бізге ну ортақ. Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!