балалар са?ан к?шелерге ?оятын к?птеген ба?даршамдар дайындап береді. (Балалар шаршыдан д??гелек ?иып алып ба?даршам дайындайды) ?ол е?бегі саба?ымен байланыстыру.
Ба?даршам: Сендерді? жаса?ан ба?даршамдары?ды алып к?ше ?иылыстарына ?оямын. Сендерді жол апатынан осы ба?даршамдар ??т?арады.
Ба?даршам: Кел, балалар ойна?дар
Ба?даршам?а ?ара?дар.
Жан?ан кезде к?здерім,
Ережені б?зба?дар.
Т?рбиешіні? ?орытынды с?зі: Ба?даршам - бізді? досымыз. Ол бізді жол апатынан ??т?арады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара : Мен к?шемен келемін »
Сабақтың тақырыбы": Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" Сабақтың мақсаты: 1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл сөздер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушыларды екі қатарға тұрғызу Қ. Р. Мемлекеттік Әнұраны орындалады Айшат: Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген Лебізіңнен ол арманы өрілген Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп Достық әні шарықтады төрімнен Жасарал: Серпігенде бодандықтың тұманын, Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім Өзің болдың көшбасшысы елімнің Өзің болдың биік ұшқан қыраным Айнара: Атыңнан айналайын, Егемен ел! Тәуелсіз күнің туды кенеле бер Мерейің құтты болсын Нұр ата, Ғасырдың тойы болшы келе берер
Бердімұрат: Болашағы Қазақстанның алдағы, Орындалсын қазағымның арманы Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Халқымыздың таңдап алған таңдауы Әбдіхалық: Асқақ болып еліміздің жалауы Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы Еңбек, достық, бейбітшілік береке Қазақстан Республикасының қалауы Әсел: Еліміздің тыныштығын ойлайтын Халқым менің елбасыны қолдайтын Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Тақырыбы: Білім кілті -кітапта Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету. Көрнекілігі: Кітап туралы жазылған плакаттар, кітаптар қоры, сызба. Жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ − жауап, көрнекілік, әңгіме, кітапханаға саяхат.
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Білім кілті -кітапта − Кітап туралы мақал − мәтелді хормен айтқызу «Кітап − көп ақылдың құйылған көлі». Мағынасын ашып беру. - Балалар, мынау нелер? (кітаптар, бірі ескі, бірі жаңа) Бұл кітаптарда нелер жазылған? Осы кітап біздерге керек пе? Неге? б/ Біздің елімізде бірде- бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» Заң қабылданған. Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі. Оған көптеген қыруар ақша жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік, оларды басып шығаруға аға − апаларымыздың көп еңбегі кетті. Саған білім жемісін Оқулығың береді. Талай адам сол үшін Маңдай терін төгеді. Орманшы ағаштарды кеседі. Машинист ағашты тасиды Зауыт қағаз басады Ғалымдар, Суретшілер Әріп терушілер
Оқулықты мектебің Берер саған теп − тегін Білмейсің ау, сен бірақ, Қаншама еңбек кеткенін.
в/ Кеңестер, үнемі есте сақтап жүру керек. ☺Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме. ☺Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал. ☺Кітап беттерін жыртпа. ☺Кітапқа сурет салма, жазба. ☺Тамақ ішіп отырып кітап оқыма. ☺Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма. ІІІ. Қорытынды бөлім. а/ Мектеп кітапханасына қонаққа бару. Кітаптар да адам сияқты: өмірге келеді, өмір сүреді, қартаяды, өледі. Олар да біз сияқты ауырып қалуы
мүмкін. Ауырған жағдайда оларды емдеу қажет. Сол үшін де кітаптарды аялап ұстауымыз керек. Бүгін біз кітаптарда қонақтамыз. Бізді қоршап тұрған кітаптар. Ол − кітапхана. Кітапханада өз өзіңді қалай ұстау керек? 1. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені, басқа адамдарға кедергі келтіресіңдер. 2. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын естен шығарма. 3. Кітапты уақытында қайтар. Өйтпесе, басқа оқушы күтіп қалады. 4. Кітапты жоғалтып алма. ә/ Сұрақтарға жауап алу
б/ Кітап − жан айнасы. Адал досың. Кітаптың да арманы бар. Ол − лас, ұқыпсыз оқушылардың қолына түспеу. Білімге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссек екен деп армандайды.
Кері қайту
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер әлемінде Мақсаты: • Білімділік: Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. • Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық шеберліктерін арттыру. Ертегілер арқылы сөздік қорларын молайту. • Тәрбиелік: Ертегі мазмұны арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа, жақсылыққа тәрбиелеу • Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, сахналық көрініс • Көрнекілік. Интерактивті тақта, суреттер, компьютер, карточкалар, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері, ертегіге қатысты заттар (сүт, жапырақ, мейіз...) Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Ертегілер әлемінде Тәрбиешінің нің сөзі: Бүгінгі сабақтың тақырыбы ертегілер жайында болмақ Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімімізді толықтырамыз, пысықтаймыз, бекітеміз. Сабақтың мақсатына жету үшін әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, ауызша сөйлесіп, тіл байлығымызды дамытамыз. Сабағымыз 4 кезеңнен тұрады. Сабақ барысында тапқырлығымызды, білімімізді, алғырлығымызды көрсетеміз. 1 кезең. Еске түсіру кезеңі. А) Ассоциациялық сызба « Ертегі» «Ертегі» дегенде қандай сөздер көз алдымызға келеді? (көркем, халық ауыз әдебиеті, ауызша тараған, жануарлар, тұрмыс - салт, қиял - ғажайып, жақсы өмір, арман) Б) Сызба бойынша сөз тіркесі, сөйлемдер құрау. Осы сызбаға қарап сөз тіркесі немесе сөйлем құрап жіберейік.
2 кезең. Жұмбақ шешу. 1. Өзі жап – жас, мұрты бар, Ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйді, Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық) 2. Қиқу салып бақырып, Айқайлауды тауыпты. Қыт-қыт дейтін шақырып, Кім біледі...? (Тауық) 3. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі) 4. Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ, Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян) 5. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю) 6. Өзі қып - қызыл болып піседі Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ) 7. Итке өзі ұқсаған, Айтыңдаршы, ол қай аң? (қасқыр) . «Кім жылдам?» ойыны. Мақсаты: Мұнда ертегіден үзінді ретінде сурет қойылады, ал сендер ол ертегінің атын, кейіпкерлерін табасыңдар. 8. Мақта қыз бен мысық ертегісінен сахналық көрініс. . Сабақты қорытындылау. 9. Рефлексия жүргізу. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? 10.«Ертегілер» әнімен аяқтау
1
2Тақырыбы: «Қауіпсіз деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама.»
Мақсаты: Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту.
Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру.
Спорттық эстафета, көрініс және сұрақ-жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Барысы: Балаларды шаттық шеңберге шақыру.
1. – Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр. Ендеше қане шеңбер жасап тұра қалып қоршаған ортамен амандасып жіберейік.
–Армысыз, қайырлы күн!
-Армысыз, қайырымды Аспан ата!
- Армысыз, мейірімді жер-ана!
-Армычыз, шұғылалы Алтын-күн!
-Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
-Күліп шықты күн бүгін!
-Бәріміз күндей жарқырайық!
-Бәтіміз тату болайық!
-Бәріміз дос болайық!
Балаларды орындарына отырғызу.
2. Ғажайып сәт. Шырпы, майшам, газ.
Тәрбиеші: Осы суреттерді көре отырып, сіздерге қандай ой келді?
- Шырпы күнделікті өмірде қажет. Шырпы арқылы майшамды,газды т.б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт-тілсіз жау. Шырпының адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады.
3. Слайд көрсету. Өрт сөндірушілер туралы фото материал көрсету, әңгімелеу.
4. Топқа бөліп ойын ойнату:
1) «Қай топ отты бірінші сөндіреді»
2)«Кім бірінші бітіреді» ойын
3)Видеоролик көрсету
Өрт болған кезде «101» нөміріне қоңырау соғу керек.
Қорытындылау
Баспалдақтан далақтап.
Ұшып- қонып Қалтақбай.
Сырғанап кеп Қанаттан
Қшып түсті қалпақтай.
Келеді әркез сендіргім-
Қауіпсіздік керек бұл:
Шығарда үйден сөндіргін,
Құралдарын электр.
Қауіпсіз деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама.
3
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем мақтанышым Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға Отан туралы жалпы мәлімет беру. Дамытушылығы: оқушылардың ой - қиялын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Тәрбиелігі: өз халқына, еліне, Отанына деген мақтаныш сезімін ояту, оқушылардың елін, жерін сүюге, қадірлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: суретті кестелер, мақал - мәтелдер, дидактикалық ойын
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық, әңгімелеу, ой - толғау. Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Туған өлкем мақтанышым Психологиялық дайындық: Бөбек жыры. Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз.
Ой қозғау а) Туған ел дегеніміз не? ә) Отан деген не? Кім қалай түсінеді (оқушылар ойы тыңдалады) Тәрбиеші: Отан - адамның туып - өскен, ата - бабаларынан бері кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиеттісі, ең аяулысы - анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен байланысты. Отансыз адам болмайды. Туған жер ата - ана, бала - шағасы, солармен бірге осы өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы. Туған жерді шексіз сүйіп, ардақтау керек. Отансыз адамдардың күні жоқ. Онсыз тіршіліктің мәні болмайды. Алыс кетсең оны сағынасың, тіпті ол алыстан қол бұлғап шақырғандай болады. Ол жерде сен дүниеге келесің, өсесің, білім аласың. Кейін сол үшін адал қызмет жасайсың. Оны мәңгілік сүю және қорғау әрбір азаматтың парызы. - Балалар, мен не туралы айтып тұрмын? - Әрине туған жер, Отан туралы. Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтел, өлең білесіңдер? 1 - топ. Мақал - мәтелдер. 2 - топ. Өлең - тақпақтар. 3 - топ. «Менің ауылым» тақырыбы бойынша әңгімелеу. ІІІ. Сергіту сәті. ІV. «Кімнің мекені жақсы» атты ертегі тыңдау. - ертегі мазмұнын әңгімелеу - суретпен жұмыс - сахналық көрініс
VІ. Дидактикалық ойын. Кім шапшаң? - топтық тапсырма - оқушыларға суретті кестелер таратылады 1 - топ. Үй жануарларын топтастыру. 2 - топ. Үй құстарын дұрыс анықтау. 3 - топ. Жабайы аңдарды дұрыс орналастыру.
VІІ. Сабақты қорытындылау: - әр топтың ұпай санына қарай отырып, жеңімпаз топты анықтау. - жеңімпаз атанған топты мақтап, мадақтау.
Кері қайту
5
Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
ақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық. Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан. - Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші. - Қайырлы күн, - Сабағымызды жақсы оқиық - Әрқашан күн сөнбесін, - Аспанымыз ашық болсын. - Аман болайық. - Деніміз сау болсын. - Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады. - Балалар, Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы. Айнара: Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың. Әбдіхалық: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені. Айшат: Үлкенге құрмет, кішіге ізет. «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін барлығы жатқа айтады. - Жақсы болу өзіңнен Жаман болу өзіңнен Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жамандық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла. Жақсылық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла! - Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті,
сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер? Жасарал: - Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн. Бердімұрат: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек. - Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық. Ұл - қыз сәлем береміз Өнегелі өренбіз. Білер қазақ баласы: «Сәлем - сөздің анасы». - Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш
бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала). Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс. - Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек? - Автобус көлігіне. - Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады). Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді. - Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыс па? Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс. - Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді. - Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу. Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады. - Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық. Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын, Саған таңдап әперді, Не деп барып, жеу керек?,- Рахмет, сізге деу керек. - Өте жақсы. Енді бәріміз сергіту сәтін орындайық. Сергіту сәті. - Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық. Бала, бала, балақан, Қане, қайсы алақан? Саусақтарың әйбәт, Былай - былай ойнат. Күндей жайнап алақан, Қолымызда жалау бар, Жалауымыз жайнап, Би билейміз ойнап. Сәлден соң есік қағылып, Әдемі қыз сыныпқа кіреді.(Бастауыш оқушысы). Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті. - Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым - Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім. - Балалар, бізге Әдемі қыз(бастауыш сыныбының оқушысы) суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.( тақтаға ілдіру). - Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр. Бұл балалар қандай балалар? Жақсы, онда Айнара қай қалтаға салады екенін көрейік.
- Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз? - Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала? Жасарал қандай қалтаға салады екен. - Ендігі суретте не көріп отырсыңдар? - Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала. - Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала? - Жақсы. Әсел қандай қалташаға салады екен. Өте жақсы Қорытынды: - Әдемі қыздың әкелген тапсырмаларын орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды. Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың өлеңін оқып берейін (Абай атаның суреті) көрсету. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ. Бес дұшпанын білсеңіз, Талап, еңбек терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой. - Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі естеріңде сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.
Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі» Мақсаты: Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндіру, өмірде қолданылатын орнын атап айту. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, оқушылардың тілдерін жаттықтыру, мәнерлі сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын нығайту. Ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу. Көрнекілігі: ұлағатты нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер Әдісі: ойын-сайыс, сұрақ – жауап Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Тәрбиеші: Мәтелдің айырмашылығы, неден шыққан ұғым екеніне тоқталайық. Мақалда қортынды, тұжырымды түйін болады. Мысалы, «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақал, өйткені мұнда еңбек еткен адам ер аталатыны жайлы ой анық айтылып тұр. Ал мәтелде ой тікелей білдірілмей, тұспалдап айтылады. Мысалы, «Көппен көрген ұлы той» деген мәтел. Өйткені мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген ой тұспалдап тұр. «Сөйлей-сөйлей шешен боласың Көре-көре көсем боласың» деген мақал тегін айтылмаған, олай болса ойынымызды бастайық Ойынымыз 4 айналымнан тұрады. 1 айналым - Мақалдың тақырыбын анықтау - Мен сендерге кез-келген мақал оқимын, ал сендер сол мақалдың қай тақырыпқа байланысты айтылғанын тауып айтасыңдар 1. Анасыз өмір, сөнген көмір 2. Еңбек – ер атандырады 3. Мектеп – кеме, білім – теңіз 4. Ас атасы – нан 5. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл 6. Жолдасын тастаған жолда қалар ІІ айналым Тақырыпқа байланысты мақалды табу - Қазір мен әр топқа мынандай мақал-мәтелдер таратамын. Сол мақал-мәтелдердің ішінен мәтінге байланысты айтылған мақал-мәтелді тауып оқисыңдар. ІІІ айналым Мақал құрастыру - Әр топ басшысы өзіне қатысты геометриялық пішіндерді жинап, тобымен бірге мақал құрастырады ІҮ айналым Мақал – мәтелдер айтысы - Әр топ білгенінше мақал-мәтел айтып жарысады Әділ-қазылар өз шешімін шешкенше топ арасында жаңылтпаштар айтып жарысу 1. Шеше, шеше Неше кесе Сынды кеше 2. Тары ақта, тары ақтап Қапқа қапта
3. Ақ шар бар, Көк шар бар Көп шар бар Бес шар бар 4. Доп, доп! Доп жоғалды, Қап, қап! Тап, тап! 5. Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па? Тәрбиеші: - Жақсы қатысқан балаларды мадақтау Қорытынды: Мақал-мәтел дегеніміз – нақты бір ойды қысқаша, нақышты әрі санаушы сөзбен жеткізу. Мақал-мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. - Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етер мақал-мәтелдің адам өміріне азық болары анық. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білім де, ақылы да арта түседі.
Тақырыбы: Мен көшемен келемін Білімділік мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Теміржолда, әуеде, жерде жолда жүру ережелерімен таныстыру, жол апатынан сақтандыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабырлылыққа, байқағыштыққа, қиын жағдайда қайырымды болуға, көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: „Көше және мен”, „Бағдаршам”, „Оқушылар шығармашылығы” „Баспасөз материалдары” тақырыбындағы фотостендтер, „ Көліктердің түрлері” тақырыбындағы жинақтама. т. б. Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Ой қозғау - Балалар, ата - анамыз қайда барады? - Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады. - Олар немен жүреді? - жеңіл көлік, газель, автобус, поезд, ұшақпен жүреді.
Тәрбиеші: - Көліктер не үшін қажет? (тіл дамыту) (балалардың жауаптарын тыңдау) СТО технологиясы бойынша (Венн диаграммасы арқылы оқушылардың байқампаздық қабілетін дамыту) Алысқа жеткізеді, қыста тоңдырмайды, жазда ыстықтамайсың, киімің лас болмайды, музыка тыңдайсың, ішінде отырып тамақ шесің Көп ақшаға сатып аласың, бөлшектерін сатып алуға, жанармай алуға ақша жұмсайсың, жол апатына ұшыратады. Олай болса балалар көліктердің барлығы бізге үнемі пайда әкелмейді екен. Мен сендерге жұмбақ айтамын(ойлау қабілетін дамыту) Қатар жатқан қос білек, Үстінен келер күш үдеп. (Жауабы: теміржол) - Кім поездға мініп көрді? (оқушылардың жауаптарын тыңдау) Тәрбиеші:: Пойызға тоқтағаннан кейін міну керек, терезеден басыңды шығаруға болмайды, поезд тоқтағаннан кейінде түсу керек, секіріп түсуге болмайды. Теміржолда да апаттар болып тұрады. Жыл сайын көптеген адамдар зардап шегіп жарақат алады. Сондықтан теміржол бойындағы апаттан да әрқашан сақ болуымыз керек. (өмір қауіпсіздігі тәрбиесін беру) Жұмбақ: Құстан аумайды, Көктен заулайды. (Жауабы: ұшақ) Кім ұшаққа мініп көрді? (тіл дамыту) Мен мініп көрдім. Басқа қалаларға барып көрдім. - Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдаңдар. Жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та Ол не? (Бағдаршам) Көрініс. Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Тәрбиеші: : Сіз кім боласыз? Неге көңілсізсіз? Бағдаршам: Мені танымай қалдыңдар ма? Мен – Бағдаршаммын. Ауа - райы қолайсыз болғандықтан, қатты жел тұрып, шамдарым сынып қалды. Енді көше тәртібі бұзылып көліктер мен жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзып жатыр. Балалар экранға назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар: (сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу) - Көшеде адамдар мен көліктер қалай жүру керектігін білмей бір - біріне кедергі келтіруде. (экранға қарап өздері қорытынды шығарады) Бағдаршам: Мен сіздерге бір оқиғаны айтып берейін. Көрініс. Екі балдаққа сүйенген Есек келе жатады. Алдынан Арыстан шығады. (Екеуі қол алысып амандасады) Арыстан: Есек, қайда барасың? Есек: Базарға бара жатырмын. Арыстан: Аяғыңа не болды? Есек: Жол апатына ұшырадым. Арыстан: Бағдаршамға қарамадың ба? Есек: Досыммен сөйлесіп келе жатып байқамай қалдым. Арыстан: Есек, сен болашақта МАИ қызметкерінің кеңесін есіңнен шығарма. Соны барлық аңдарға жеткіз. (Арыстан МАИ қызметкерін шақырады)
МАИ қызметкері: (Есекке қарап, балаларға қарап) 1. Жолда жүргенде бағдаршамға мұқият қараңдар. 2. Ата-аналарыңсыз жолға шықпаңдар. 3. Жолда доп ойнамаңдар. Жол апаты айтып келмейді. Мұғалім: Балалар жол апатының қандай себептері бар деп ойлайсыңдар? - жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе; - қатты шаршап, ұйықтап кетсе; - көлік бұзық болса; - жол ережесін бұзса; - бағдаршамға қарамаса;; Тәрбиешінің қорытынды сөзі: Олай болса балалар арақ ішкен адам көлік жүргізбеу керек, қатты шаршаса ұйықтап алу керек, қала ішінде жоғары жылдамдықпен жүруге болмайды, көлік бұзық болса жөндету керек. Сұрақ: Балалар бағдаршам туралы не білесіңдер? (шарды пайдаланып қимылды ойын ұйымдастыру.) Оқушылардың белсенділігін арттыру Айнара: Қызыл көзін ашқанда Сынық сүйем баспа алға. Жасарал:: Сары көзін ашқанда. Қарап қалма аспанға. Әсел: Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. Тәрбиеші: Құрметті бағдаршам, біздің балалар саған көшелерге қоятын көптеген бағдаршамдар дайындап береді. (Балалар шаршыдан дөңгелек қиып алып бағдаршам дайындайды) Қол еңбегі сабағымен байланыстыру. Бағдаршам: Сендердің жасаған бағдаршамдарыңды алып көше қиылыстарына қоямын. Сендерді жол апатынан осы бағдаршамдар құтқарады. Бағдаршам: Кел, балалар ойнаңдар Бағдаршамға қараңдар. Жанған кезде көздерім, Ережені бұзбаңдар.
Тәрбиешінің қорытынды сөзі: Бағдаршам - біздің досымыз. Ол бізді жол апатынан құтқарады.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын мемлекет Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру. Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру. Дамытушылық: Ой - өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту. Тәрбиелік: Балаларды үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Көрнекі, көркем суреттер
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Психологиялық дайындық “Қайырлы күн” деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз. Көңілді өтер күніміз. ( Қимылмен орындау.)
«Отбасы», «Сенің отбасың», яғни, біз алғаш дүниеге келгеннен бастап бізге ең қымбат отбасында өсіп - өніп, тәрбие мен адамгершіліктің ең құндылығын аламыз. Отбасы мүшелерін топтастыру Атасы Анасы Отбасы Әкесі Әжесі Балалар Суретпен жұмыс. Мазмұнды сурет бойынша әңгіме жүргізу Ой толғау. «Өзіңнің отбасың туралы айтып бер» Оқушылардың ойын талдау. 1. Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім? Отбасында сендерді қалай еркелетеді? Тәрбиеші: Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
.
Сергіту сәті. Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым – атам. Балаң үйрек - апам. Ортан терек – ағам. Шылдыр шүмек – мен. Кішкене бөбек - сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде бесеуміз Қорытындылау: 1. Отбасы мүшелерін ата. 2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер? 3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің? 4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді? Біз не білдік? Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек. Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы дейміз. Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді. Қорытынды сөз. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Отбасы шағын - мемлекет.
Жұмбақтар сыр шертеді Мақсаты: Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту; шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: моноблок Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір - біріне сәттілік тілеп тілектер айтады. «Жұмбақтар сыр шертеді» атты сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады. ● Сөзжұмбақ шешу. ● Кім жылдам?(Әр топ ұяшық таңдап, сұрақтарға тез жауап беруі тиіс.) ● Үй тапсырмасы (Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.) ● Сурет жұмбақ (Ұяшықты таңдайды, суреттің төрттен бір бөлігі ашылады, қалған суретті өздері табады, сол суретке байланысты жұмбақ жасырады) Тәрбиеші:
Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді». Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық. Сайысқа қатысушылар «Алғырлар», «Білгірлер» тобы болып екіге бөлінеді. 1. Бөлім: Сөзжұмбақ шешу.(Алғырлар тобына) 1. Төрт түліктің бірі.(жылқы) 2. Не көрсең көзін аш?(бұлақ) 3. Тышқанның жауы.(мысық) 4. Араның қорегі.(бал) 5. Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын) 6. Тамақ ішетін құрал.(қасық) 2. Сөзжұмбақ (Білгірлер тобына) 1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық) 2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық) 3. Жеті қазынаның бірі (мылтық) 4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық) 5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз) 6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)
2. Бөлім «Кім жылдам?» ойыны Айналадағы дүниелер: 10ұпай: Төрт түліктің бірі (сиыр); 20 ұпай: Сырты сары, іші дәрі (лимон) 30 ұпай: Қыста демалып, жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды. (субұрқақ) 40 ұпай: Алып баланың атымен аталған тау (Толағай)
Әріпті жұмбақтар: 10 ұпай: Қар да бар, Мұзда жоқ. Жарда бар, Құзда жоқ.(Р әрпі) 20 ұпай: Өмірде жоқ, Өңірде бар. Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі) 30 ұпай: «Ащы»дейсің қазақта, Келу үшін осы әріп. Құрық жалғап азапқа, Түсті «ш» - ға дос әріп. (Щ әрпі) 40 ұпай: Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше, Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ белгісі)
Жан - жануарлар: 10 ұпай: Алабота тамағы, Шөлге шыдай алады (Түйе) 20 ұпай: Мойны ұзын болғанымен, Әрең жетер төменге. Теңбіл - теңбіл денесі, Келеді не дегенге? (Керік) 30 ұпай: Суда жүзеді, Тұмсығы ұзын, Махаббат құсы.(Аққу) 40ұпай: Қанаты бар суда ұщпайтын құс (балық)
Әр түрлі жұмбақтар: 10 ұпай: Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар(бас, көз, құлақ, тіс) 20 ұпай: Екі бала қатар тұрса да, Бірін бірі көрмейді. (Көз) 30 ұпай: Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты (Үтік) 40 ұпай: Біреуін бердім, Онын тердім (Тұқым)
3. Бөлім. Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір - біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.
4. Бөлім. Сурет жұмбақ Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сол суретке байланысты жұмбақ жасыру керек.
Қорытындылау
Жарыс жеңімпазын анықтау, мадақтау
Тақырыбы: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.
Мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты жазылған плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары!
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Ондаған жылдар бойы іште жинақталған наразылықтың бұрқ етуіне Мәскеудің республика халқының пікірімен еш санаспастан, ел мүлде білмейтін Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің басшысы етіп қоюы себеп болды. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!
1 - оқушы:
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.
2 - оқушы:
Жаңғырды халқымыздың мың өшкені
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады.
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.
3 - оқушы:
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін
Ата - бабам армандаған, аңсаған
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.
4 - оқушы:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаны менен жанын берген ерлердің
Есімдері биіктерге өрледі.
5 - оқушы:
Тәуелсіздік көптен күткен бақытым
Әзер жеткен баға бермес жақұтым
Өркендей бер, пейілі кең қазағым
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.
Хор: «Желтоқсан желі»
Тәрбиеші: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 21 жыл толды. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.
Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут еске алайық.
Тойланып мың мереке ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Ішкі жау балағыңнан қаппасын кеп,
Сыртқы жау пәле - жала жаппасын тек.
Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп.
Би. «Адай» биі
Ән. «Туған жерім»
Тәрбиеші:Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...
Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар - асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз – Қазақстан. Біз 23 жылда үнемі даму үстіндеміз.
Хор. «Атамекен»
Хормен:
Қазақстан!
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Қорытынды:
Тәрбиеші : «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Тәуелсіз 23 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Нан-дастархан байлығы»
Мақсаты:1)нанды қадірлеуге,асты ысырап етпеуге баулу,ас атасы нан екендігін,нанның адам өміріндегі ең маңызды
екендігін,оның оңайшылықпен келмейтіндігін айтып ұғындыру.
2)өмірден алған білімдерін ,түсініктерін жетілдіру.
3)ысырап етпеуге,шашпауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нанға байланысты суреттер,дақылдардың суреттері,егістік алқабы.
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Сабақ барысы:
Тәрбиеші:
Нан үш –ақ әріптен тұратын сөз адам баласы үшін ең қадірлі де қасиетті ұғым,онда өмірдің өзегі деп аталатын үлкен
мағына жатыр. Атақты күрішші аталарың Ыбырай Жақаев нан жайлы ойын былай білдіреді: «Егер менен әлемдегі ең асыл не?» дейқалса,
бөгелместен «Нан» деп жауап берер едім.Себебінан әлемнің жарығы күннен нұр алады,адамға күннің нұрын құяды.
Оның өмірін күндей жарқыратады».
Нанның өмірдегі маңызы жайлы мына өлең жолдарынан көруге болады: Ақиқатты ежелден ұғып анық,
Парасаттың шыңына шығып алып,
Ізгілік пен әдептің биіктігін
Тек нанменен өлшейді ұлы халық.
Жанарыңды жұлдыздайын жандырып,
Өн бойыңа сіңірер нағыз дәмділік.
Бұл ғұмырда тірі жүрген шағыңда
Сол бір нанды ұмытпассың мәңгілік.
Халық нанды қашанда қадірлеп,оған даналық сөздерін арнап,кейінгі ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған.
Әсел: «Нан-дастархан байлығы.» Тәрбиеші: Нан-бұл біздің жеріміздегі нағыз күн,дастарханда мәңгі жылу шашып тұратын ыстық от, нанға деген ұқыптылық
қоғамның бүкіл өмірін көктей өтетін мемлекеттік іс болуы тиіс.Нанды бәріміз қадірлейік , балалар.
Тақырыбы: «Дәрумендер – денсаулық кепілі» Мақсаты: оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу. Көрнекілігі: көкөніске толы себет, газет «Денсаулық және көкөніс» Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
1 – оқушы: - Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр. Асқабақ: - Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін. 2 - оқушы: Іші сары, сырты қатты, Дәні – дәрі, дәмі тәтті. Пісіріп жесең ас - тамақ, Оның аты – асқабақ. Домалаған дәу өзі, Құшағыңа сыймайды. Күзге дейін бақшада, Суық түсе жинайды. Орамжапырақ келеді Дәмді болсын десең Орамжапырақты егер, Жаздай суар оны, Жатпасын шөлдеп бекер. Орамжапырақ та сенің Еңбегіңді өтер. Орамжапырақ: - Сен керемет емессің, бірақта мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін. Асқабақ: - Онда неге сені бұлай атаған? Орамжапырақ: - Ежелгі египеттіктер мені қатты жақсы көрген. Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап қойып, тағамға қажеттті дәрумендерім үшін қолданады. Сондықтан мен керемет көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр сияқты кішкентай емеспін. Қияр келеді. Қияр: - сопақшы көк өңім бар, Пайдалы, мөлдір сөлім бар. Піскен кезде жиярсың, Менің атым – қиярмын. Қазір ұзын сабағым Жан – жағыма тарайды. Қол ұстасқан баладай, Бақшаны алып барады. - Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына
көмектесемін. Және қазіргі кезде косметикаға да қолданады. Қызанақ келеді. Қызанақ: - Немене бәрің оны ренжіте беречіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын. Асқабақ: - сен де мақтанғың келіп тұр ма? Қызанақ: - Жо – жоқ, мен өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын. Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды. Әсем, нәзік көріктімін, Көктей жеуге болмайды. Салатқа мені қосқанда Қияр қасымнан қалмайды. Қып – қызыл боп пісемін, Жәшікке лақтырып салмайды. Жарылып қалам өйткені, Көтермеймін ондайды. Картоп келеді.
Картоп: - Әй, қойыңдар! Адамның екінші наны атансақта көкірегімізді кермей – ақ тып – тыныш жатырмыз ғой! Ылғалды топырақ мекенім, Сол жерде жақсы өсемін. Жегенде жақсы тоясың, Ұраға салып қоясың: Мен екінші нанмын! - Мені ең алғаш 1537 жылы білді. Голландияның І Петр 1700 жылы шамасында Ресейге әкелінді. Құрамымда 14 – 24 % крахмал бар. 200 – ге жуық әртүрлі тағам әзірленді. Мені де әртүрлі атайды. Отаным – Оңтүстік Америка. Сарымсақ: - егер бұрыш өзін өте пайдалымын, бәріне қажеттімін десе, онда мен туралы айтып керегі де жоқ. Менсіз астың дәмі жоқ, Күлдіре алмаймын жылайсың. Ащы болсам да мені Базардан жиі сұрайсың. Түшкірсең, пысқырсаң Мен шипа боламын. - Өзіме тән иісім бар, құрамымда 20 – 27 % полисахарид, нәруыз 7 – 28 %, С дәрумені бар. Бактерияларды жойып жіберетін эфир майын медицинада қолданады. Қшпа зат, фитоцидтер де бар. Сондықтан жұқпалы аураларға қарсы апйдаланады. Бұрыш: - Сенің Отаның қай жер? Сарымсақ: - Азияда тудым. Бірақ Еуропа мен Африкада тқрамын. Орта ғасырларда батырлар мені кеуделеріне тұмар ғып тағып жүрген. Өйткені мен әртүрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Пияз келеді де сарымсақтың қасына тұрады.Сәбіз: - Сары, дәмді, ұзынмын, Жер астында тығылған. Тартсаң шыға келемін, Өсіп тұрған бұрымнан. Күзде қазып аласыз, Тамаққа да саламыз. Егер мені көп жесең, Биік, ұзын боласыз. Сәбіздің мәдени дақылдарға жатқызылуы – біздің заманымызға дейінгі 2000 – 1000 жылы. Отаным – Жерорта теңізі, одан ол барлық жерлерге таратыла бастады. Құрамы дәрумендер – витаминдерге өте бай. А, В, С, К, Д, Е, сонымен қоса микроәлементтер де бар, кобальт, темір, йод, мысқа да бай. Садат жасауға, тағамдарға пайдаланады. 4 – оқушы: - Көкөністер айтысы ұзаққа созылды. Біреуі «тәттімін», біреуі «өте қажеттімін» десе, енді біреуі «емдік қасиетім бар, сондай пайдалымын» деп жатыр. Бақша иесі келіп көкөністерді жинауға кірісті. 5 – оқушы: - Барлығың да демдісіңдер, Шырқап айтар әнімсіңдер. Көз тоймайтын кереметтер, Дастарханның сәнісіңдер! Мұғалім: - «Бірінші байлық - денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін
Жол ережесін есте сақта!
Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау. Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз. Арманға алдан күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Айшат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік, Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік. Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан, Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік. Жасарал: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Қуаныш: Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Бердімұрат: Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. Ескерту белгі: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Тыйым салу: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?
Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Әсел: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын. Төрт топтан құрылған белгілер туыстай, Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай. Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді, Ескеріп ешбір адам емдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Викториналық сұрақтар. 1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ? Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар. 2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ? Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді. 3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат. 4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Көрнекіліктермен жұмыс. А) жолда жүру ережесінің сақталуы Ә) көлік түрлері Б) жол белгілері Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау. Көшеде тек жүрелік, Өзінше бұл да бір ерлік. Ата-ана қынжылмасын, Түсіріп ұнжырғасын.
Жасыл шырша жанында Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Біздің мектептегі Жаңа жылдық шыршаға қош келдіңіздер. Бүгінгі шырша мерекесін көңілді өткізіп, жақсы әсер алып қайтуларыңызға тілектеспін. Жақсы тақпақ, өлең айтқан балаларға Аяз ата сыйлық береді. Балалар сендер дайынсыңдар ма? Олай болса: Азаймасын ән мен жыр, Балалар көңіл көтерсін Құтты болсын келген жыл! Бақыт, дәулет әкелсін! Жаңа жыл құтты болсын!
1- оқушы: Аппақ бүгін қыр, далам Ақ дастарқан жапқандай Халық біткен қарбалаң Қонақ күтіп жатқандай Көңілде көп қуаныш Әр көңілде жақсылық Кетер жылға мың алғыс Әкелген көп жақсылық.
2-оқушы: Жаңа жылда алдағы Көңіл өсіп кеңейсін Ортақ ойы, арманы Жақсы дәстүр көбейсін Оқ атпасын ешкім де Өмір деген тым ыстық Жұмыр жердің үстінде Бұзылмасын тыныштық!
Хормен: « Бұзылмасын тыныштық!» (шырша әуенімен барлық оқушыларды шырша жанына шақыру) Ал, балалар, балалар. Ескі жылдай аға бар Оны ортаға алайық, Қош айтысып қалайық. (Ортаға ескі жыл шығып, басын иеді.) Өткен жылға ырзамыз Өсе түсті бойымыз. Қандық талай сырға біз Шарықтады ойымыз. Жақсы жаңа жыл келді Асқар таумен тұлғалас Біз осылай жылда енді Жоғарылайық бір класс.
Қызықты математикалық ойындар Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, моноблок, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: - Құрметті ұстаздар, оқушылар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
«Математикалық бейнелі сөз» шешу Үйрек Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр) Сергіту сәті: Жапырақтары жайқалып, Биік ағаш өседі. Самал желмен тербеліп, Бұлттар жылжып көшеді. - Тағы қандай үлес қосамыз. - Гүл егеміз. - Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет. Қызғалдақ тапсырмасы. «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты: 5. Сапырып-сапырып Арманға бер, Құйып-құйып Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам. Раушан гүл тапсырмасы. Математикалық санамақ айтып жарысу. 4-дегенім жақсы баға, 1-дегенің жаман баға, - Алады оны жаман бала. 2-дегенім нашар баға, Інішегім нашарлама. 3-дегенім орта баға Сапасы да орта ғана.
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді, қане құстарымызды шақырайық. Құстар біздің досымыз Біз қамқоршы боламыз Құстарға ұя саламыз Жем су беріп жаз бойы Балапанын бағамыз.
1-құс «Аққу» тапсырмасы Математикалық викторина. 15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек. 2 –құс «Кептер» тапсырмасы. Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады. Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау. - Кел балалар, ойнайық Қандай есеп болса да. Шешпей оны қоймайық. Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар. Асығыстық қылмаңдар. Асықпайық дегенге. Бөгеліп те тұрмаңдар.
6. Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?» Талдан ұшты көп торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында оның қостаушы. Және тағы қарасақ, Қайта оны санасақ, Соңында біреу қап келді, Алдында төртеу, топ келді, Үшеуі қатар жарысқан, Түзіліп үшеу қалыспан. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу, есепкер (Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз, Қайтып қонды 20 қаз Қонбады оның нешеуі, Қане кім тез шешеді? (30 қаз) 6 аламаның 2-ін Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады. (4) Табақта 5алма Қолымда 5 алма Барлығын қосқанда Болады неше алма?
Математика Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер, Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер, Жасау үшін бәрің де Математика - Ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл. Суреттегі фигураларды анықтау
Қызықты тапсырмалар. 1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? 2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? 3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?
- Осымен, балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
К
Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз» Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту. Сабақтың түрі: сахналау. Көрнекіліктер: үш бидің суреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
1. Көп жасаған қария Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі - сопақ, өзі нәр. 2. Ата салты - ардақты, Әрбір сөзі - салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң Тістерсің бір күн бармақты. Жоспары: 1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп. Біз сөйлеу мәдениеті, ана тілі сабағында халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық. Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын – жыраулар мен сал - серілерден мұра - мирас болып қалған шығармаларды оқыдық. - Халық шығармаларының түрлерін кім айтады? - ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, батырлар жыры. - жырлардың қандай түрлерін білесіңдер? - Төрт түлік туралы, батырлар жыры т. б. - Жырау деп кімді айтамыз? - Жыршы деген кім? - Жырды шығаратын адамды жырау деп атайды. - Жыршы деп сол жырды халыққа таратушы адамды айтады. - Шешендік сөздердің қандай түрлері болады? - шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
- Балалар сендер қандай шешендік сөздерді білесіңдер? /бірнеше оқушы жатқа шешендік сөздер айтады/
- Балалар, шешендік сөздердің ерекшелігі бір оқиғаға байланысты болады. Белгілі бір адамдардың атынан айтылады. Ұқсастығы қысқа, әрі нұсқа болады. Шешеннің бағалы қасиеті - қиядан жол, қиыннан сөз табу. /Досбол бидің шешендік сөзі. 1 - оқушы/ - Қандай белгілі шешендерді білесіңдер? Олар кімдер? - Қазбек би, Төле би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Сырым батыр, Аяз би т. б. - Ал, қазір, ортаға шешендік өнерді бағалап, оқыған білгендерін көкейге тоқып жүрген оқушыларды ортаға шақырайық. /ортаға Қазбек би, Төле би, Әйтеке би болып киінген оқушылар шығады/ Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады. Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады, Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады, Халық азса хандыққа таласады.» Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз, Жерімізді жау баспасын деп, Елімізден құт қашпасын деп, Найзамызға үкі таққан елміз» Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын. Бірің ту ұстаған қолбасшы, Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар, қанаттарым! Бердім батамды! Аллауакбар!»
Міне, балалар, сендер тәлім - тәрбие аларлықтай «Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзін зер сала тыңдап, ұғып, әр сөздің астарына үңілу керек. - Ал, балалар, осы сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?
Сабақ ұнады ма? - Шешендік сөздерді оқып, жаттап, үлкендерді тыңдаймыз, көп оқып, билер сияқты шешен болуға тырысамыз, ырым - тыйымдарды еске сақтап, салт - дәстүрді қадірлейтін боламыз.
Тақырыбы: Мінез - адам көрсеткіші Мақсаты: • Оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; • Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету; • Адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын Сабақтың көрнекілігі: адамның мінез - құлқын жылдар, тағам, айлар арқылы салыстыру суреттері, т. б. ). Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау
Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау, бақылау;
Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ.Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой толғау) сұхбаттасу өткізу
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Шаттық шеңбері: «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі...» Жақсы мінез, жылы сөз - жан дәруі, Жігіттің керек мұны аңғаруы. Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның Тіптен оңай адасып, сандалуы. Мінездер бар жақсы - жаман, әр алуан, Әдептілік әділдіктен нәр алған. Кең болғанның кем болғанын көрмедім, Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
ТӘРБИЕШІ: Мінез – адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Мінез грекше - характер деген мағынаны білдіреді. Өзіне деген қатынас: өзімшіл, сыншыл, заттарға ұқыпты, қызметіне адал болуы мүмкін. Ойланайық, пікірлесейік • Неліктен «Мінез - адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз? • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады? • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма? • Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп, ойлайсыз?
Осы берілген сұрақтарға оқушылар шынайы түрде жауаптарын айтып, мінездің жақсы - жаман түрлерін, жаман мінездің адамның іс - әрекетіне кедергі келтіретінін, жақсы мінездің әрдайым жақсылыққа апаратынын айтып өтеді. • Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе? «Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»- деп таусылыпты Абай. Сіздер ше, келісер ме едіңдер? (оқушылардың пікірлері тыңдалады) Сергіту сәті. Оқушылар кесте толтырып, ол туралы өз ойларын айтады. Мінезімнің жақсы жақтары --------------------- Мінезімнің міндері -----------------------
«Жақсы мінез бітпес байлығың, жаман мінез - өмірлік азабың» деген қанатты сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.