kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып сағаты "Тәуелсіз елім - тірегім" 2-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сғаты тәуелсіздік күніне арналған. 2-сыныпта өтілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты "Тәуелсіз елім - тірегім" 2-сынып»

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Сынып сағаты

Мектеп: «Береке орта мектебі» КММ

Күні: 11.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні : Ж.Е.Әлжанова

Сынып: 2 «Б»

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіз елім – тірегім

Сабақтың оқыту мақсаттары

  1. Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;

  2. «Отан»,«Тәуелсіздік»,«Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру;

  3. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың бәрі: сөйлемдерді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады

Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, өлеңді мәнеріне келтіріп оқиды.

Кейбір оқушылар: Тәуелсіздік туралы және батыр ағаларымыз бен апаларымыздың өмірінен қосмыша мәліметтер келтіреді.

Өткен сабақтардан алған білім

Менің тұңғыш Президентім

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Ой сергек: «Сәлемдесу»

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бас иеміз біз.

Топқа бөлу.

«Отан»,«Тәуелсіздік»,«Әнұран» деп 3 топқа бөлемін





Стикерлер


Сабақтың ортасы

30 минут









Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Өз топтары жайлы қорғайды.

Тақырыпты болжау

Тақтаға адасқан сөздер ілінеді. Оушылар сол сөздерді дұрыс орналастырып, тақырыпты табады. (Тәуелсіз елім – тірегім)

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Масатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Сөздік жұмысы

«Әріптерді сөйлету» оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

«Тәуелсіздік» сөзінің әріптерінің мағынасына тоқталайық.

Т-білдіреді теңдікті

Ә-әдептілік әлдікті

У-уайымсыз уақытты

Е-егемендік елдікті

Л-дейді лағып лепірме

С-сенімділік секілді ең

І-ілтипат қой

З-зиялылық тілек қой

Д-шақырады достыққа

І-ізет қой

К-дейді күн боп көктегі

Міне, «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын ашып алдық.







.

Сайыстың шарттары:

  1. Мақал-мәтел айту

  2. Бәйге

  3. Тіл-өнер

  4. Жеті жұмбақ

Жетістік китерийі: мақал-мәтелді айта алу, сұраққа жауап беру, үш тілде сөйлей алу,7 пәннен сұраққа жауап беру.

Бағалау: ЖК бойынша бағалау.




Ойтолғаныс

Жеке жұмыс.

Мен Тәуелсіздік ұғымын қалай түсіндім? ....... Эссе жаз.

Бағалау: Қол соғу арқылы бағалайды.




















Сабақтың соңы

5 минут


Үй тапсырмасы: Елбасына арнап өлең шығару

Кері байланыс . Ауызша. Сабақтың жетістік критерийін еске түсіріп, бүгінгі сабақтың мақсатына жеткен, жетпегендері туралы айтады. (барлық сабақтарда осылай қайталанып отырады)

Рефлексиялық шеңбер.

Мұғалім оқушыларға рефлексияны жасайтын мынандай сұрақтар қояды:

  • Сабақ барысындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяғындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?








Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіз елім — тірегім» атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз.

Сайыстың шарттары:

  1. Мақал-мәтел айту

  2. Бәйге

  3. Тіл-өнер

  4. Жеті жұмбақ


Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»

Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, — деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім. Мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батыр, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар)

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)

  1. Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

  2. Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

  3. 16-желтоқсан қандай күн?

  4. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

  5. Тудың авторын атаңыз.

  6. Елтаңбаның авторы кім?

  7. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

  8. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?

  9. Ұлттық валютаны айтыңыз

  10. Биыл Ата заңға неше жыл?

  11. Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз

  12. «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?

  13. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

  14. «Желтоқсан оқиғасы» туралы жазған қандай ақынды білесіз?

  15. Республика күнін айтыңыз

  16. Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?

ІІІ бөлім. Тіл-өнер.

  1. Ер елінде … жерінде (гүл – цветок — flower)

  2. Ер туған жерінде, …. тоңған жерінде. (ит-собака — dog)

  3. Туған жердің …. да болысады. (тас-камень-stone)

  4. Отаның ….. бесігің. (алтын-золото-gold)

IV бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)

  1. Дүниетану. Біздің елімізді дүние жүзіне танытатын мемлекеттік бет – бейне?

  2. Қазақ тілі. Керекті сөздерді пайдаланып өлең құра (114 бет)

  3. Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)

  4. Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен Алматы қаласында тұрамын.

  5. Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған жерімді жақсы көремін.

  6. Математика. 01.12.1941ж. сандары нені білдіреді?

  7. Жаратылыстану. Атмосфера дегеніміз не?

Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.



















Тәуелсіз елім – тірегім




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Сынып сағаты "Тәуелсіз елім - тірегім" 2-сынып

Автор: Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы

Дата: 31.01.2018

Номер свидетельства: 453756

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Внеклассное мероприятие "Т?уелсіз елім- тірегім""
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-t-uielsiz-ielim-tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "263516"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449566235"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Тәуелсіз елім -тірегім."
    ["seo_title"] => string(27) "t_uielsiz_ielim_tirieghim_1"
    ["file_id"] => string(6) "397275"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488469457"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "т?рбие са?аты "Т?уелсіздік хабаршысы Желто?сан""
    ["seo_title"] => string(45) "trbiiesagatytuielsizdikkhabarshysyzhieltoksan"
    ["file_id"] => string(6) "266418"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450160483"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Сынып сағаты тақырыбы: "Біздің Президент""
    ["seo_title"] => string(42) "synyp_sag_aty_tak_yryby_bizdin_priezidient"
    ["file_id"] => string(6) "387473"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486141207"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства