kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сын есім" тақырыбына 2 сыныпқа арналған ашық сабақ жлспары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сын есім" ашық сабақ жоспары. 2 сынып.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сын есім" тақырыбына 2 сыныпқа арналған ашық сабақ жлспары.»

Сабақтық тақырыбы : Сын есім.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін кеңейту.

2) Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  1. Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, жұмбақ шешу, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау. Сабаққа көңіл аударту.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

54-жаттығу. Берілген етістіктерді үш жақта жазу.

Оқы, көр, ойна.

Осы шақ

оқып отырмын

көріп тұрмын

ойнап жүрмін

Өткен шақ

оқыдым

көрдің

ойнады

Келер шақ

оқимын

көреді

ойнайсың

Сұрақ-жауап арқылы бекітемін.

Жақсы балалар, үй тапсырмасын бәріміз жақсы етіп орындап келген екенбіз, олай болса қолымызды алдымызға қойып бәріміз тақтаға қарай қояйық.

  • Балалар тақтада не беріліп тұр?

  • Олай болса осы сөзжұмбақты шешейікші. Ол үшін әр жолға берілген суреттердің

аттарын сәйкестендіріп қоюымыз керек.

Сөзжұмбақ шешу.

1. Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

2. Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды. (Балық)

3. Қыс мезгілінде қандай айлар болады? (Ақпан)

4. Әне барады өзі, көрінбейді ізі. (Жел)

5. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (Су)

6. Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап инесін. (Кірпі)

7. Өзі жап-жас мұрты бар, ет пен сүтке ұмтылар. (Мысық)




С






Ы







Н







Е




С







І



М







- Балалар қай сөз табы шықты? (Сын есім)

- Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім».

Күннің жадын жазайық.

ІІІ. Жаңа сабақ : Сын есім.

- Сын есім дегеніміз не?

- Қандай сұрақтарға жауап береді?

«Сын есім»

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады: көк, әдемі, тәтті, жақсы, үлкен.

Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз. Мысалы: таза, үлкен, қызыл.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы: таудай, өнерлі, сезгіш.

(Ережені хормен оқыту, 2-3 баладан сұрау).

IV. Оқулықпен жұмыс.

1- жаттығу. Ауызша. (Интерактивтік тақтадан шығарамын).

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Тәуелсіз елім бар

Көк айна көлім бар,

Кең жайлау жерім бар.

Еңбегі еленген

Атақты ерім бар.



Жемісті бауым бар,

Шың-құзды тауым бар.

Еңісті өр еткен,

Жеңісті қауым бар.

Жайдарлы желім бар,

Өрісті белім бар.

Ерлікке баулитын,

Егемен елім бар.



Тарих боп кешегім

Көп жұмбақ шешемін.

Егемен еліме

Еге боп өсемін.

(Базарбай Исаев)

  • Өлеңнен сын есімдерді тауып қайсысы негізгі, қайсысы туынды сын есім екенін айтқызу.

  • Туынды сын есім дегеніміз не?

V. Сергіту сәті.

Бақыт маған да ортақ,

Бақыт саған да ортақ,

Бақыт бәрімізге ортақ

Біз бақытты баламыз.

- Осы сөйлемде сын есім бар ма? Қандай сын есім? Неліктен?

VІ. Дәптермен жұмыс

2-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.

Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл, тәп-тәтті.

(Қарбыз)

  • Сын есімдерді тауып (жасыл, қап-қатты, қызыл, тәп-тәтті), олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айт (түсін, түрін, дәмін).

  • Жұмбақтың шешуін табуыңа қай сөздер көмектесті ?

  • Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесің?

  • Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз)

Менің бағытым” ойыны

1. тәтті жар

2. тік адам

3. тегіс қант

4. суық қоян

5. сұр су

6. ақылды жер



3- жаттығу. Мәтінді алдымен толық, содан соң сын есімдерсіз оқы. Сонда мәтін мазмұнында қандай өзгеріс болғанын айт.

Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар – геологтер. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.

Тау жолы. Соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында сөмке, қолдарында сапты балғалары бар. Бұлар – геологтер. Олар тау-тасты кезіп, қазбалар іздейді.

  • Сын есімдердің не үшін қажет екенін түсіндір (заттың көлемін, сапасын білдіру үшін).

  • Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз, қайсысы негізгі, қайсысы туынды

екенін айт.

Сиқырлы сандар” ойыны.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

т

щ

і

ы

к

с

қ

ұ

р



1

3

5

а

щ

ы



2

4

6

т

і

к







7

9

10

с

ұ

р



5

7

2

5

8

ы

с

т

ы

қ

4-жаттығу. Берілген сын есімдерге сай келетін затты тап. Неліктен сол затты

айтқаныңды дәлеледе.

қалың бұйра

ұзын шаш қысқа

кең жарық

биік

Бұл не? Бұл кім?” ойыны.

Сипатталған заттарды тап.

  1. Ақ, тәтті, қатты, ұсақ – бұл не? (Қант)

  2. Домалақ, жұмсақ, үрленген – бұл не? (Нан)

  3. Ащы, қызыл, жасыл – бұл не? (Бұрыш)

  4. Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк – бұл не? (Алма)

5-жаттығу. Оқы. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қой.

бала – сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз – күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

бала жанында

Ұрыс пен , айқай-шу.

бала маңынан

қылық байқайсың.





VII. Тест бойынша бекіту.

VIII. Қорытынды.

ІХ. Үйге тапсырма. 6-жаттығу, ереже жаттау.

Х. Білімді бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Сын есім" тақырыбына 2 сыныпқа арналған ашық сабақ жлспары.

Автор: Атагараева Женис Изтургановна

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405446


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства