Просмотр содержимого документа
«Сын есім 417-421 жатты?у»
Сабақтың тақырыбы: Сын есім 417-421 жаттығу
Сабақтың мақсаттары :
1. Білімділік:Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту.
Ойлануға, ізденуге жетелеу.
2. Дамытушылық: сын есімнің сындық қасиеттерін ашу;Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі , таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, семантикалық кеспе қағаздар, тапсырма жазылған плакаттар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың әзірлігін бақылап, назарларын сабаққа аудару. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ, өйткені біздің сыныпқа көптеген мұғалімдер келіп отыр. Орнымыздан тұрып сәлемдесеміз.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге, құрметпенен біз.
Психологиялық дайындық :
Қазақ тілім - өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызы мәңгі сені,
Балалығым, бақытым, қазақ тілім, - деп қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Осы өлең жолдарынан сын есімдерді табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бұйра
қалың
ұзын
қысқа
Оқулықпен жұмыс :
417 – жаттығу Өлеңді көшіріп жаз., Сын есімдердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Құшағы кең теңізден,
Аясында гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың-
Өлең кім туралы?
418-жаттығу. Сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жаз
Жуас, таза, биік, сұйық, жүйрік, ұзын
Үлгі: жуас ат,.......
419 –жаттығу .Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Қасық,,, лақ,,ыдыс,,, ң
«Қалың» Қарқалың жауды. Қалың орман арасымен жүріп келеміз.
420 –жаттығу Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде.
Адал,жіңішке, кең, семіз.
Бұл-сын есім, өйткені
IY Ой толғаныс.
«Менің анам қандай» әңгіме құрау. Сын есімдерді табу