kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?т калай ?йы?тады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы

С?т ?алай ?йы?тады?

Саба?ты? ма?саты

С?т туралы білідерін толы?тыру, м?тіндегі негізгі ойды, идеяны  аны?тату. ?аза?ты? белгілі сы?а?шыл а?ыны   

О. ?уб?кіровті?    ?мірбаянымен таныстыру, ертегідегі астарлы ойды ашу. 

К?тілетін н?тиже

О?ушыны? жа?а та?ырыпты о?ып-білуге деген ынта-жігері ?алыптасады, ?з ойын толы? жеткізе білуге

?йренеді.

Дерек к?здері

«?дебиеттік о?у»  о?улы?ы 2сынып 2013жыл  Алматы «Атам?ра» баспасы.М??алімге арнал?ан о?улы?.

О?ытуды? ?діс т?сілдері

Сын т?р?ысынан ойлау.Блум таксономиясы.АКТ ?олдану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?т калай ?йы?тады?»

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ «ШҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Сүт қалай ұйықтады ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ 2 СЫНЫП ОРЫНДАҒАН: БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ ОРТА МЕКТЕБІ НУРТАЕВА А. С.
2015жыл 10 Қараша



Әдебиеттік оқу пәні бойынша 2- сыныпқа арналған сабақ жоспары.









Сабақтың тақырыбы


Сүт қалай ұйықтады?


Сабақтың мақсаты

Сүт туралы білідерін толықтыру, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны анықтату. Қазақтың белгілі сықақшыл ақыны

О. Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру, ертегідегі астарлы ойды ашу.


Күтілетін нәтиже


Оқушының жаңа тақырыпты оқып-білуге деген ынта-жігері қалыптасады, өз ойын толық жеткізе білуге

үйренеді.



Дерек көздері


«Әдебиеттік оқу» оқулығы 2сынып 2013жыл Алматы «Атамұра» баспасы. Мұғалімге арналған оқулық.


Оқытудың әдіс тәсілдері


Сын тұрғысынан ойлау.Блум таксономиясы.АКТ қолдану.




Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Оқыту үшін бағалау



Қызығушылықты ояту

1.Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет!(қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап! (қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О, о, о(бас бармағын көтереді)

2. Сыныпты топқа бөлу.(суреттер арқылы)

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Ы. Алтынсариннің «Салақтық» деген әңгімесінің мазұнын сұрау.

Салақтық туралы жазып келген мақал- мәтелдерін оқыту.


4. Сөзжұмбақ «Ұйқышыл» Көлденеңінен:
1. Сүт қандай? (сұйық )
2. Сүтті пісіріп, ашытқы қ осып әдейі ашытып жасалатын тағам (айран)
3. Тұз қосып кептірілген, сүттен жасалған тағам. (құрт)
4. Сиыр туғандағы алғашқы сүт (уыз)
5. Сүтке сары су қосып, ұзақ уақыт қайнатып жасалған
жұмсақ, сарғыш тағам (ірімшік)
6. Айранды сүзіп,............ жасайды. (қатық)
7. Сиырдың сүтін қандай ыдысқа сауып аламыз? (шелек)

Торкөздің ішінен "Ұйқышыл" деген сөзді оқуға болады.
б) Жаңылтпаш айту:
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.



Психологиялық дайындық арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады.






Топқа бөлініп отырады.


Оқушылар үйден дайындалып келген тапсырмаларын айтады.




Интерактивті тақтадан сөзжұмбақ шешеді.










Жаңылтпашты қайталап оқиды.











Жұлдызша арқылы





Қол шапалақтау


Мағынаны тану.


1. О. Әубәкіров туралы түсінік беру.

Жазушы - ақын Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы, мамыр айының 4 - ші жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. 1958 - 1976 жылдары қазақ филармониясында «АРА - Шмель» журналында қызмет істейді. Сатиралық жанрмен бірге балаларға арналған өлең, жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлар әндеріне мәтін жазумен, аудармалармен айналысқан.
«Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Күлкіңіз келе ме?», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен жинақтары жарық көрген.
1980 - жылы балаларға арналған қазақ - қалпақ сатиралық жинағы үшін Қазақстанның
Жазушылар одағының сыйлығы берілген.

2. Оқулықпен жұмыс.

Ертегіні мәнерлеп оқыту.

Ой - толғаныс
1. Сұрақтар қою:
- Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?
- Ертегіде қандай нақыл сөз келтірілген?
- Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.
2. Мәтінмен жұмыс. а) іштей оқу, б) дауыстап тізбектеле оқу
3) Суретпен жұмыс:
- Суретке қарап ертегідегі сүттің іс - әрекетін қарасөзбен әңгімелеу.

4) ДЖИКСО әдісі.( әр топтан бір бала басқа топқа барып, мазмұнын түсіндіреді)




















Ертегіні мәнерлеп оқып, тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға жауап береді.








Әр топтан бір бала басқа топқа барып, мазмұнын түсіндіреді.























Бағдаршам







Бас бармақ

Ой толғаныс

  1. Ойын: «Аялдама»

  2. 1-топ «Сүттен жасалатын тағамдарды жаз»

2-топ «« Дұрыс сөз тіркесін сәкестендір»
балдай құрт
тәтті сүт
тұздалған айран
қышқыл ірімшік
туралған қатық
кепкен сүзбе
қара сары май
ашыған


3- топ «Ақиқат па жалған ба?»Семантикалық карта толтыру.

Мазмұны

Ақиқат па

Жалған ба?

Сүт ұйып қапты



Ұйықтап қапты



Айқайлап жатса да оянбапты



Бақырып тұрып ашыпты



Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты



Әжем қапшыққа құя сапты




4-топ «Ырым-тыйымдар жазу»


2. «Қарама-қарсы пікірлер»

1, 2 – топтар «Ұйқының пайдасы»

3, 4- топтар «Ұйқының зияны»


 Қосымша мағұлматтар:


Сүт өнімдері адам ағзасына пайдалы ма?

                       Иә                      Жоқ 

Сүт өнімдері адам ағзасына пайдалы.

Сүтті көп ішкен адамның өмір жасы ұзақ  болады екен.

Сүттің ішінде дәрумендер көп. Сүтті алюминий ыдысында ұзақ сақтауға болмайды. 

Сүт ұзаққа шыдамайды, ашып кетеді.

Кез келген адамнан сүт алуға болмайды. Сүтке әк, су қосып жіберуі мүмкін.

 Қорыта айтқанда сүттен алынған құрт, май, айрандардың адам ағзасына пайдасы көп. Әрқайсысының өзіндік емдік қасиеттері бар. Ешкінің сүті адамдарға пайдалы.

Қымыз асқазанға, ұйқы безіне, жүйке жүйесіне, жүрек, қан тамыр, қан аздығы, өкпе туберкулезін емдеуге пайдалы. Ұзақ жасайды. Тәбетін ашады.

Шұбат – қанның қызыл, ақ, түйіршіктерін арттыруға. Бауырдағы зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Жүйке жүйесін емдейді. Созылмалы ауырғандарға ем.

Сүтте В2,Д,А1 дәрумендері бар. Сүт адам ағзасына кальцийді көбейтеді және сүйектерді қатайтады.

Эссе: 

«Сүт береді саған күш», «Ұйқының зияны» әр оқушы өз пікірін жазып, тақтаға жапсыру тапсырылады.




Топтың барлық мүшелері орын ауыстырып, барлық тапсырмаларды кезекпен бір-бірден орындап шығады. Топтар қол шапалақтау арқылы тапсырманы аяқтағандарын білдіріп, келесі топқа ауысады.



















Топ мүшелері ақылдаса отырып, ұйқының пайдаса мен зияны туралы өз ойларын дәлелдейді.




























Өз ойларын стикерлерге жазып, білім ағашына жапсырады, талқылау жүргізіледі.



Топтпрдың өзара бағалауы






















2 жұлдыз 1 тілек
































Үйге тапсырма


Мәнерлеп оқу,мазмұнын айту және сүтке байланысты ырым сөздер,жұмбақтар жазу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?т калай ?йы?тады?

Автор: Нуртаева Асемгуль Советхановна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 281029


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства