kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йемін, ?скен Отаным! М??а?али Ма?атаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?ара?зек» жалпы орта мектебі коммуналды? мемлекеттік мекемесіні? бастауыш сынып м??алімі Бектасова Г?лжан Казыхан?ызы

Саба?ты? та?ырыбы: С?йемін, ?скен  Отаным!     М??а?али Ма?атаев

Саба?ты? ма?саты:

1) білімділік: О?ушыларды ?аза? поэзиясында шо?ты?ы биік аса дарынды а?ын М??а?али Ма?атаев шы?армаларымен таныстыру.

 2) дамытушылы?: М?нерлеп т?сініп о?у да?дыларын дамыту

 3) т?рбиелік: ?з елін, ту?ан Отанын с?юге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: суреттер,  ма?ал-м?телдер, кеспе с?здер, кесте

Т?рі: Аралас саба?

 ?дістері: Т?сіндіру, о?ыту, ??гімелеу, ойын

 П?наралы? байланыс: Д?ниетану, бейнелеу ?нері

Жа?а технология : Сатылай кешенді талдау, жалпы о?ыту да?дыларын дамыту

 Саба?ты? барысы :

 I.?йымдастыру б?лімі

 1. Саба??а к?тері?кі к??іл к?ймен ?атысайы?

 Бір-бірімізге с?ттілік тілейміз !

І. ?й тапсырмасын с?рау

 ?асым Аманжолов «Ту?ан жер» м?нерлеп о?у. Лирика дегеніміз не?

ІІ. Сергіту с?ті «Ту?ан жер» ?ле?ін ты?дау

III. Жа?а саба?

 Мына ?ле?дерді еске т?сірейік.  Осы ?ле?дерді? авторын ата?дар

М??ала?али атамызды? елін, тілін, хал?ын с?йген азамат ретінде барлы? ?аза? еліне м?лім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йемін, ?скен Отаным! М??а?али Ма?атаев»

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бектасова Гүлжан Казыханқызы

Сабақтың тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным! Мұқағали Мақатаев

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік: Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларымен таныстыру.

2) дамытушылық: Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту

3) тәрбиелік: Өз елін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, кеспе сөздер, кесте

Түрі: Аралас сабақ

Әдістері: Түсіндіру, оқыту, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері

Жаңа технология : Сатылай кешенді талдау, жалпы оқыту дағдыларын дамыту

Сабақтың барысы :

I.Ұйымдастыру бөлімі

1. Сабаққа көтеріңкі көңіл күймен қатысайық

Бір-бірімізге сәттілік тілейміз !

І. Үй тапсырмасын сұрау

Қасым Аманжолов «Туған жер» мәнерлеп оқу. Лирика дегеніміз не?

ІІ. Сергіту сәті «Туған жер» өлеңін тыңдау

III. Жаңа сабақ

Мына өлеңдерді еске түсірейік. Осы өлеңдердің авторын атаңдар

Мұқалағали атамыздың елін, тілін, халқын сүйген азамат ретінде барлық қазақ еліне мәлім.

Үш бақытым!

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Кім мықты? - десе біреу, - Отан дер ем,

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.


Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның касиетті тілін сүйем,

Мен оның кұдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан,

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: Бұл өлеңдердің авторы –қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаев. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдерінің бірі –Сүйемін, өскен Отаным!

Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы

Сүйемін, өскен Отаным

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да

Сүйемін думанды елімнің,

Кәрісін және жасын да.

Бұлтсыз ,айсыз,жылы деп,

Сүйемін салқын кештерін.

Бетті аймалап уілдеп,

Толассыз соққан ескегін.

Шаңдатып жота, қырларын

Жылқы ойнаса біріндеп.

Мен сүйемін тұрғанын

Жылқышының күлімдеп.

Сүйемін гүлге нәр берген

Нөсерді жауған сіркіреп.

Жарқ –жұрқ етіп әр жерден

Сілкінсе аспан күркіреп

Бұлт ойнаған бетінде

Сүйемін көкшіл аспанын

Ауылдың оқшау шетінде

Асыр салған жастарын.

Байқасам кейде тұра қап,

Тәтті бір сырды сеземін.

Сүйемін суды қуалап

Сырқырап жатқан өзенін.

Сан алуан гүл өскен

Далаңды сүйем сұлаған.

Төбелестен ,күрестен,

Балаңды сүйем жылаған.

Сүйемін, өскен Отаным,

Жылысып өткен жылыңды.

Қарыздармын сондықтан,

Беремін талай жырымды.

ІV. Сатылай кешенді талдау (мұғалімнің түсіндіруі)

1. Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным

2. Авторы: Мұқағали Мақатаев

3. Бұл-әдеби шығарма. Әдеби шығарма –дегеніміз белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі

4. Жанр түрі: өлең (поэзия). Себебі, белгілі бір өлшеммен алынған қиыстырылып үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

5. Идеясы: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау

6. 16 шумақтан тұрады. Шумақ дегеніміз аяқталған біртұтас ойды білдіреді.

7. 12 тармақтан тұрады. Тармақ бұл өлеңнің әрбір жолы.

8. Қара өлең ұйқасы (АБАБ)

Ұйқас-бұл соңғы сөздері бір-бірімен үндес, дыбыстары да бірегей жақын ,ол өлеңнің бүкіл бітімімен, мазмұнымен тамырлас.

9. Әдеби теориялық ұғымдар:

А. Кейіптеу –табиғат құбылысын жандандырып ,адам сияқты күлдіріп,қуантып, т.б кейіпте суреттеуді айтады (бетті аймалап уілдеп…)

10. Түсіндірме сөздік:

Ескегін - бұл жерде желін,самалын

Сұлаған - созылып жатқан

Сұлаған - созылып жатқан

11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Отансүйгіштікке тәрбиелеу

V. Топпен жұмыс

1-топ. «М. Мақатаев-ақын». Бұл топтағы оқушылар М. Мақатаевтың өмірі мен шығармаларын айтып өтеді.

2-топ. «Топтастыру». Өлеңдердің ішінен туған жер, Отан туралы өлеңдерден текшеге құрастырады.

3-топ. «Іздену, ойлану». Үлгілі ағашқа «Сүйемін» тақырыбында құрастырады және екі өлеңді салыстырады.

Қ. Аманжолов.

«Туған жер»

М. Мақатаев.

«Сүйемін, өскен Отаным»




4-топ. «Бейнелеу». Оқушылар туған жері, ауылының бейнесін салады.


5-топ. «Поэма, проза». Өздері өлеңдер шығарып, әңгімелер жазады.

V. Жаңа сабақты бекіту

Мәтінмен танысу (мәнерлеп оқу)

Мәтінмен жұмыс

Оқыту түрлері Тізбектеп оқу

Ақынның нені сүйетінін үлгілік ағашқа қарап жазып шық

Сүйемін

топырағын тасын

кәрісін жасын

ескегін кештерін

нөсерді аспанын

жылыңды жастарын

өзенін даланы

Дәптермен жұмыс.

Туған жер туралы шағын әңгіме жазу

Дидактикалық ойын «Жалғастыр»

Өз елің….

Отан оттан да …

Қорытынды

1. Бүгін сабақта қандай мәтінмен таныстық?

2.Мұқағали кім?

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Туған ел тақырыбына шығарма жазу




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
С?йемін, ?скен Отаным! М??а?али Ма?атаев

Автор: Бектасова Гулжан Казыхановна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291274


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства