kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Суды ?ор?а?дар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен сактаганова Рая

Бостал орта мектебінде

35 жыл е?бек етіп келемін

Осы жылдар арасында

к?птеген жетістітерге

?ол жеткіздім

жетістіктеріме келетін

болсам

"?здік сынып б?лмесі" 

?здік   т?лімгер ата?ына ие болдым

осы жылдарда

к?птеген ш?кірттер т?рбиеледім

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Суды ?ор?а?дар »


Сабақтың тақырыбы: Суды қорғаңдар.


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Табиғат пен адам үшін судың маңызды рөл атқаратындығы туралы түсінік қалыптастыру.


Дамытушылық: Судың ластануы және оны қорғау жолдарын түсіндіру.


Тәрбиелік:Суды қамқорлықпен қорғауға, үнемді пайдалануға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: демонстарциялық материал, оқулық, дәптер.

Сабақтың түрі: пысықтау

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, топта талқылау, «Түртіп алу» стратегиясы.


Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Оқу-құралдарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта жасаған тәжірибе жұмысы бойынша судың қандай қасиеттері барын білдік? (Судың пішіні болмайды. Су-түссіз, мөлдір, су- сұйық зат,

Суда еритін және ерімейтін заттар болады).

Су қандай күйде кездеседі? (қатты, сұйық,газ түрінде)

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

ІІІ. Жаңа білімді игеруге дайындық:

Қызығушылықты ояту: Суды қорғау деген не? (топтармен жұмыс)

ІҮ. Психологиялық дайындық.

Проблемалық жағдаяттар шешу. Пікірталас. (топтармен жұмыс)

  1. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі қандай?

  2. Адамның іс-әрекеті суға қандай зиян келтіреді?

  3. Егер жер бетіндегі су құрып кетсе, онда жер бетінде қандай өзгеріс болар еді?

  4. Суды үнемді пайдалану үшін не істеу керек?


Ү. Топтық жұмыс: (Әр топ проблемалық сұрақтарды талқылайды және

шешім шығарады.Топ басшылары өз пікірлері мен шешімдерін ортаға салады). (оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жүргізіледі)

1-топ: адамдардың атынан сөйлейді

2-топ: жануарлар атынан сөйлейді


(топтардың жауаптары тыңдалады)


ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтінді түсініп оқу. (топпен жұмыс).

  • «Түртіп алу» стратегиясы бойынша керек жерлерін оқулыққа белгілеп отырады.

  • Сұрақ-жауап бөлімі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу:

Жер бетінде судың маңызы қандай? Жер бетінде тұщы суды қайдан табуға болады? Тұзды суды ше? Жердің су қорына адам қандай зиян

келтіреді?


ҮІІ. Сергіту сәті: Қане қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық,

Білімде алда болайық.


ҮІІІ. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттегі екі үйде суды қалай пайдаланады? Айырмашылықтарды тауып, дөңгелектеп белгіле.


Топпен талқылау: Қайсы үй суды үнемді пайдаланған? Қайсысы үнемдемеген? Неге? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)


ӨҚН: Табиғат. Су. «Суға қауіп төніп тұр» тақырыбында әңгіме жүргізу.

Табиғатта қандай сулар кездеседі? Адамдар қандай суды пайдаланады?

Неліктен су ластанады? Суды таза сақтау үшін қандай экологиялық ережелерді сақтау керек? Әр адам суды үнемдеуі тиіс дегенге келісесің бе?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Табиғаттағы су: Су-адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика)

Су-қозғалтқыш ( паровоз, пароход). Су-жол (өзен, теңіз көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасмалдаушы). Су- бұзушы (сел, дауыл, су тасқыны).

Бір сөзбен айтқанда: «Су-тіршілік»


ІХ.Сабақты қорыту: Сен суды сақтау үшін не жасай аласың?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады).


Х. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. 36-бет. «Біздің отбасымыз суды қалай үнемдейді?» тақырыбына әңгіме дайындау.


ХІ.Бағалау. Сабағымызды Ермек Өтетілеуұлының «Су» өлеңімен аяқтайық.

Дененің тазалығын сақтау, қолды жуу, моншада тазалану- осы гигиеналық рәсімдердің бәрі де суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан суды ысырап етпей үнемдей білейік. «Судың да, сұрауы бар», «Суды бекерге ысырап етпе», «Су ішкен құдыққа түкірме» деген қағидаларды үнемі есіңде сақта!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Суды ?ор?а?дар

Автор: Сактаганова Рая Жандарбековна

Дата: 06.05.2015

Номер свидетельства: 208840


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства