Сабақтың тақырыбы: Су. Судың күйі (тәжірибелік жұмыс)
Сабақтың мақсаты: 1.Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру. 2.Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту. 3.Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндірмелі, топтастыру, тест. Сабақтың көрнекілігі: Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, интерактивті тақта, тест тапсырмалары, калий перманганаты.
Сабақ барысы: I.Психологиялық дайындық.
Интерактивті тақтадан өлең қойылып, бірге қайталап бимен жаттығу жасаймыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Ауаның қасиетін айту.
III.Жаңа сабақ Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзенді кездеседі? Есіл өзені. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз. Оқулықтағы мәтінді оқу.
1 – тәжірибе. 1-топ. Суға қант салып араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.
2 – тәжірибе. 2-топ. Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.
3 – тәжірибе. 3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.
4 – тәжірибе. 4-топ. Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.
Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу. Не аламыз? Нені бақылаймыз? Қант суда жақсы ериді. Тұз суда жақсы ериді. Құм суда ерімейді. Саз суда ерімейді. Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар.
V. Логикалық тапсырмалар. Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды? Оқушылардың жауабын тыңдау. Сонда суда барлық затар ери ме? Тағы да тәжірибе жасап көрелік.Әр топтан бір оқушыдан келіп жасау.
1 топ. Ас содасы.
2 топ. Крахмал.
3 топ. Калий перманганаты.
4 топ. Бор.
VI. Кесте толтыру. Жақсы ериді ас содасы, калий перманганаты ерімейді. Бор нашар ериді. Крахмал нашар ериді.