kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су.Судың қасиеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

  Оқушыларға судың маңызы туралы түсінік бере отырып, білімдерін дамыту, судың маңызы туралы танымдарын кеңейту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, суды үнемдеп жұмсауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су.Судың қасиеті»



Тақырыбы: Су. Судың қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

  Оқушыларға судың маңызы туралы түсінік бере отырып, білімдерін дамыту, судың маңызы туралы танымдарын кеңейту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, суды үнемдеп жұмсауға , қорғауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктер:

  Интерактивті тақта, сызбалар, карта, тәжірибеге қажетті заттар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу.

Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндірме, әңгімелесу, ой – толғау, топтастыру, тәжірибе.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

      Психологиялық дайындық.

     Үлкенге де “сіз”,

     Кішіге де “сіз”.

     Барша адамды құрметтеп,

     Бас иеміз біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1- қатар.    Ауаның ластануы.

2 -қатар.    Ауаны қорғау.

3 –қатар .  Ауаның қасиеттері.

Жаңа тақырып:

                          Жұмбақ жасыру:

Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

Кіріспе:

     - Су –сұйық зат. Су мұз, бу, сұйық күйде кездеседі. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Адамның денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су болады. Оның мөлшері 17 кг кемісе адамға қауіпті. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.  Ауыз су тапшылығы – әлеуметтік мәселе. Біздің планетамызда су көп. Бірақ жершарының 60 пайызында тұратын халық тұщы судың болмауынан зардап шегуде.

   Мысалы:  Грецияның Афины және Персияға жақын аудандарында жеткілікті. Сондықтан суды дұрыс пайдалануымыз керек. Табиғатта су барлық жерде әр түрлі кездеседі. Судың екі түрі бар. Ащы су және тұщы су. Ащы су – мұхитта, теңізде, көлде кездеседі. Тұщы суға құдық суы, жаңбыр суы, өзен суы жатады.

Тәжірибелік  жұмыс

 Судың қасиеті

 Тәжірибе жасау арқылы       судың қасиетін анықтау.

  1. Стакан, кесе дайындау. Осы ыдыстарға су құямын.

Сендер әрбір ыдыстағы судың пішініне қараңдар.

 Су қандай пішінге ие болды?

      2. Қант, тұз, бұрыш, лимонның дәмі қандай?  Қант тәтті, тұз, бұрыш ащы, лимон қышқыл . Енді судың дәмін байқайық?

3.Екі стаканды аламыз. Біреуіне сүт, екіншісіне су құямыз. Екеуін салыстырыңдар.

4. Анаң тамақ дайындап жатқан кезде астың иісін сезесің? Гүлдер мен иіссудан да жағымды иіс шығады. Ал судың иісі бар ма?

  САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Судың қандай қасиетін білдік?

              Мөлдір

Су         түссіз

             Иіссіз

            Дәмсіз

            ағады

1-қатар  Су туралы мақал-мәтел жазу

2-қатар Су туралы өз ойларын жазу

3-қатар Су туралы ырым-тыйым сөздер

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

Мазмұнын айту , жұмбақ , 5жол өлең құрастыру

БАҒАЛАУ.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Су.Судың қасиеті

Автор: Скакова Аида Алижановна

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399154


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства