kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су айналымы.Жер асты сулары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок на казахском языке, по познанию мира, посвящен водным ресурсам, круговороту воды в природе.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су айналымы.Жер асты сулары»

Сабақтың тақырыбы: Су айналымы.Жер асты сулары

Сабақтың мақсаты:1.Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру 

2.Ой-өрісін, сөздік қорын, байлығын, мазмұнын өз сөзімен жеткізуге

білу қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатты қорғауға, суды үнемдеуге баулу

Сабақтың түрі: аралас.  

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

 

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру

2.Психологиялық дайындық

                             Табиғат сен-тіршілік тұнып тұрған,    

                             Сен-күнсің, көтеріліп күліп қырдан.

                             Сен-көлсің, сен ормансың, сен-бұлбұлсың,

                             Адамға сұлулықты сен ұқтырған-деп

табиғат құдіретінің мәнін түсініп, айнала, қоршаған дүниені танып білуге ат салысып, сабағымызды бастайық.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Су. Табиғаттағы су айналымы       (2-3 оқушыдан мазмұнын сұрау)

4.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Тест

1. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?

А. сұйық, қатты, газ.

Ә. сұйық, газ, ащы.

Б. сұйық, газ, жұмсақ

2. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А. үштен бір

Ә. үштен екі

Б. екіден бір

3. 70 кг. адамның денесінде қанша кг.су бар?

А. 60 кг

Ә. 70кг.

Б. 50 кг.

4. Адам су ішпей қанша шыдайды?

А. 1 күн

Ә. 1 апта

Б. 3 күн

5.Жаңа сабақ.

ЕХРО-2017 көрмесіне үлес қосу. Ребус шешіп, жаңа тақырыпты ашу.

Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.

Оқулықпен жұмыс. а. Мәтінді оқып беру. ә. Мазмұнын ашу.

 Сергіту. Бейнеу ауданына 40 жыл туралы айту. Бейнеубай ата 1864-1937ж өмір сүрген. Әйгілі құдықшы, ол қай жерден құдық қазуға болатынын дәл таңдай білген, қабілеті ерекше адам болған. Маңғыстаудың ойы мен Үстірт үстіндегі мол сулы ондаған құдықтың бірден бір шебері. 30-шы жылдары жасы егдіріп қалған әрі ескіше сауаты бар Бейнеубай «молдасың» деп қудалау қаупінен бас сауғалап, Иран жеріне ығысуға мәжбүр болып әйгілі құдықшы жат елде дүние салады.

Ағзалар денесі 50-90% -ға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 су бар.Адам су ішпесе бір апта ғана шыдай алады. 

Су- табиғатта ең көп таралған зат. 
Глобусқа қарасақ Жер шарының үштен бір бөлігін көғілдір түске боялган.Ол-су,мұхит,өзен,көл,теңізәдер.Сонымен қатар өсімдік,топырақ,тірі ағзалардың құралында су бар. 
Су-ащы,тұщы 
Су-3\1 бөлігі құрлық,ал 3\2 бөлігі -су. 
Судың тағы бір кереметі,ол жер бетінде үнемі тынымсыз аиналыста жүретіндігі.Оны түсіну үшін слайдқа назар аударайық. 
Күннің сәулесі өзен,көл,теңіз және мұхиттардың бетін,қыздырғанда,судың біраз бөлігі буға айналып ұшып кетеді. 
Бастапқыда бұл тамшылар өте ұсақ болғандықтан ,оларды көру мүмкін емес.Су буп ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланады.Олар бірігіп,бұлтқа айналады. 
Осы кезде ғана көзге көріне бастайды 
Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа қайтып оралады. 
Брақ,браздан соң күн қыздырғанда бір бөлігі қайтаданбұланып ауаға көтеріледі. 
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сінеді,онда өсімдік қорегіне айналады.Жер асты 
сулар қорына қосылады. 
Судың мұндай қоозғалысын су айналымы дейді. 
Сергіту сәті. 
Табиғатта өтетін осы ғажайып процесті біз тәжірибе өткізіп байқап көрейік. 
Штативке колбаны орнатамыз, колбаға су құямыз. 
От жағып, колбаны қыздырамыз. 
- Не байқадыңдар? ( Су қайнады) 
- Шыны өзгердіме? ( Ия) 
- Ол не деп ойлайсындар? (Бу) 
- Дұрыс, бу шыныға қонғаннан кейін, суып, яғни мұздап, су тамшыларын байқаймыз. Олар бір-біріне қосылып, ұлғая бастайды. Салмағы ауырлаған тамшылар төмен ағып кетеді. Міне, балалар, осы тәжірибе аркылы табиғаттағы су айналымының кіші моделін жасадық. 

      Біздің Бейнеу ауданымыз осы кісінің атымен аталады. Ауданымызға биыл 40 жыл Мерекеге арнап туған жер түлектерінің шығарған «Бейнеу-бағым»  әнін орындайық.

Б. Өз беттерімен оқу. В.Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.

1. Судың  қасиеті-жақсы еріткіштігі. Тәжірибе жасау. (Ас тұзын стақандағы суға салып еріту)                                  

2.Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарын ерітеді. Физикалық қасиетін өзгертеді, дәм және иіс т.б

3.Минералды су жарамды, жарамсыз болады. Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде 2-20 г. еріген тұздары болады. Адам ағзасына пайдалы әрі сырқаттарынан айығуына көмектеседі. Сондықтан оларды «Шипалы су» деп атайды. Сарыағаш», Тассай», «Қарағайлы», Вита» т.б

4. Сарыағаш курорты туралы деректі кітаптан оқыту. Суреттерін көрсету.

5. Өз ауданымыздан шығарылатын шипалы су «Қарағайлы» суы туралы әңгіме.

Г. Сен білесін бе? (Оқулықтан 1оқушыға оқыту).

6. Шығармашылық тапсырма:

1-топ. Су туралы мақал-мәтел жазу.

2-топ. Жұмбақ шешу.

3-топ. Тыйым сөздер жазу

7. Сабақты қорытындылау.  «Жаңбыр тамшылары» ойыны арқылы сұраққа жауап алу.

А. Егер өсімдік сусыз қалса не болады?

Ә. Терек бір жазда неше литр суды буға айналдырады?

Б. Маңында өзен-көлі жоқ елді мекен суды қайдан алады?

В. Каспий теңізінің суды қалай тазартады?

Г. Біздің ауданымызда қандай минералды су бар? Шаршағанды басатын,

Сарайыңды ашатын.

Су болмайды қашанда,

Қарағайлы суынан асатын.

Тәуелсіз елім,тәуелсіз болсын жерімде,

Жарқырап көзің ай,жұлдыз күлсін көгіңде.

Сулы да болып,нулы да болып Бейнеуім,

Төрт түлігім жайылып жүрсін төріңде - деп сабақты аяқтаймыз.

 

8.Оқушыларды бағалау.           

 

























№ 32 жалпы орта білім беретін мектеп КММ





Дүниетану

Тақырыбы: Су айналымы.Жер асты сулары



Бастауыш сынып мұғалімі: Бейембаева А.К





2015 – 2016 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Су айналымы.Жер асты сулары

Автор: Бейсембаева Аяулым Кайратовна

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365548


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства