Просмотр содержимого документа
«Су ж?не оны? ?асиеттері »
Сабақтың тақырыбы: Су.
Мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, су жайлы
білімін толықтыратын болады.
Міндеттері:
Мәтінді толық талдай отырып су жайлы білімін жалпы білімін өз жұмысында қолдана алатын болады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту . Мәтінді зерттеп талқылап, су жайлы алған білімін өз білімімен салыстырып талдау жасай алатын болады.
Топтық жұмыс кезінде бір- бірімен пікірлесе отырып әр топ білімдерін бекітеді.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
*Ьалалар стол үстінде не көріп отырсыңдар ?
*Үш стакан, бірінші стаканда мұз, екінші стаканда ыстық су,үшінші стаканда суық су.
*Ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Су»
*Сонымен бүгінгі су тақырыбына байланысты не білуіміз керек?
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірігіп шығару.
*Оқимыз,үйренеміз,бұрынғы білгенімізді еске түсіреміз.т.б.
*Жарты шарлар картасын көрсету.
Балалар жер шарында ең көп сұйық зат су. Оның көбі құрлықтан үш есе көп.
*Осы су жайлы не білесіңдер?Білгім келеді деп ойлайсыңдар. Сол жайлы көршіңмен бөліс, шағын топтарда талдап, топтарға сөз беріледі.
2. Мағынаны тану.
ББҮ- стратегиясы.
Білемін
Білгім келеді ?
Үйрендім
Түссіз,сұйық, ішеміз, мұз
Су қайдан шығады?
Буға қалай айналады?
Су қалай қатады?
Көл, өзен, мұхит
Ыстықтан буға айналады.
Қатты суықтан мұз болып қатады.
*Білем, білгім келеді кестесін толтыру.
Балалар бір-бірін қайталамай айтып шығады.
Ой ашар: Кім жылдам ?
Балалар «Табиғаттағы су» көрінісін суреттейді.
Әр топ не суреттегенін қорғайды.
Енді оқулығымыздың 25 бетін ашып «Су» тақырыбын оқуға дайындаламыз.
«INSERT - стратегиясы» бойынша жұмыс жасау, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескерту.
Енді « Үйрендім» кестесін топта пікірлесе отырып толтыру .
Интерактивті тақтадағы жазуды бір оқушыға оқыту.
«Су бізге дос қана емес, ол тілсіз жау».
Балалар дос деген жағымды, қас дегенім жағымсыз.
Олай болса жағымды, жағымсыз кестесін толтырыңдар.
Жағымды
Жағымсыз
Бау-бақша суаруға пайдаланамыз,ішеміз,жуынамыз.
Адам терең суға батып кетуі, суда адам жейтін балықтар болады.
3Ой толғаныс..
Көрнекілік стратегиясы:
Балалар біздің Батыс Қазақстандағы Жайық өзенінің табиғи байлығын қорғау, жөнінде жоба жасалып Ұлттық. Экология . Қоғамының Батыс Қазақстан бойынша бөлімше төрағасы Ғазиз Хамидуллин ағамыз да үлкен жұмыстар жүргізуде.
Суды қорғауға сендер де атсалысыңдар.
Әр топ пікірлесіп қағаз бетіне бейнелеп түсіріңдер.
1 топ.
Заводтардан, фабрикадан шыққан қоқыстан суды қалай қорғар едіңдер?
2 топ.
Шағын ауылдан шыққан «шипалы суды» қалай Қазақстан мемлекетінің бүкіл қаласына жеткізер едің ?
3 топ.
Ластанған судағы тіршілік жойылмас үшін не істеу керек ?
4 топ.
Біздің су қоймаларын қорғау туралы арнаулы Заң қабылданған. Ал осы заңға тағы сендер өздерің қандай Заң шығарып қосар едің.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта қандай жаңа білім алдың ?
Үйге тапсырма. Су тақырыбына ребус құрастыру, эссе жазу.