|   Мұғалімнің аты- жөні   |    Шакенова Жанипа Тұрақбайқызы   |    №4 Ю. А. Гагарин атындағы орта мектеп.   |  
  |   Пәні     |    Ана тілі   |    2 сабақ     |    Күні     |    16.10     |  
  |   Сабақ атауы   |    Сұлтанмахмұд Торайғыров Арыстан мен Тышқан   |  
  |   Сілтеме   |    Ана тілі оқулығы – С.Рахметова, Т. Әбдікәрімова,Р. Базарбекова, интернет сайты –Яндекс   |  
  |   Жалпы мақсаттар   |    Мысалды таныстыру арқылы ондағы астарлап берілген ойдың мәнін ашу. Қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.    Сыни ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.     |  
  |   Оқыту нәтижелері   |     Жаңа тақырыпты толық меңгереді. Пәнге деген қызығушылықтары артады. Өз беттерімен бірігіп жұмыс жасап үйренеді.   |  
  |   Негізгі идеялар   |    Оқушылардың өмірдегі білегеніне сүйену, оқушының ойлау сөйлеу мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау.     |  
  |   Тапсырма   |    Сұлтанмахмұд Торайғыров туралы мәлімет – интернет сайты - Яндекс   |  
  |   Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:     |  
  |   Уақыты:     |    Мұғалім іс-әрекеті:   |    Оқушы іс - әрекеті:     |  
  |   1130 – 1215  1. 3 минут         |    1. Ұйымдастыру    Психологиялық дайындық.    Ойын: «Мен сізді.. таныстырғым келеді»   |     1.Жинақталу    Оқушылар бір – бірі туралы мәліметті жазып алып, бір –бірін таныстырады.   |  
  |   2.5 минут   |    2. Өткен сабақты пысықтау.  «Ара мен Шыбын» мысалы бойынша 5 сұрақ дайындап келу  Ара мен Шыбынды салыстыра сипаттап жазу.   |    2. Оқушылар дайындап келген сұрақтарын бір – біріне қояды.  Салыстыра сипаттап жазып келген жазбаларын сипаттайды.   |  
  |   3. 15 минут   |    3. Жаңа сабақ    1) С. Торайғыров туралы қысқаша мәлімет.    2) Мысал өлеңмен танысу.   |    3.    С.Торайғыров туралы мәліметпен өздері танысады.  Шумақтарын оқып талдау,топ басшылары өзге оқушыларға түсіндіреді.     |  
  |   4. 5 минут   |    4. Диалог әдісі бойынша жұмыс  4 топқа бірдей сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар қойылады.    Мысалдан адам бойындағы қандай мінез – құлықтар байқалады?  Арыстанның сөзінен оның қандай мінез – құлқын байқауға болады?  Ары қарай не болады деп ойлайсың?   |        Сұрақтарға ауызша жауап береді.     |  
  |   5. 2 минут   |    Сергіту сәті  «6,9 санын жазу»     |    Оң қолмен 6 санын, сол аяқпен 9 санын, сол қолмен 9 санын, оң аяқпен 6 санын жазады.     |  
  |   6. 5 минут   |    Топтық жұмыс    1-2 топ: Арыстанды сипаттайды  3-4 топ: Тышқанды сипаттайды.   |    А3 қағаздарына топтастыру стратегиясын пайдаланып, тапсырманы топпен орындайды.     |  
  |   7. 3 минут   |    Жұппен жұмыс  Мысалды бөліктерге бөлу. Әр бөлікке ат қойып, дәптерге жазу.   |    2-3 оқушыдан жұптасып жұмыс жасайды. Мысалды бөлікке бөліп, ат қояды, баяндайды.     |  
  |   8. 2 минут   |    Сөздік жұмыс  Зиян – залал, зақым.  Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.     |    Бұрын естімеген, түсініксіз сөздің мағынасын жазып алады.   |  
  |   9. 3 минут   |    Өзіндік жұмыс  Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазу.             |   С. Торайғыров жөнінде не білесің?   |    Арыстан қандай?   |    Тышқан қандай?   |     |        |         |         |            |     Оқушылар кестені өз бетімен орындайды.     |  
  |    10. 2 минут   |     Қорыту.      Бағалау   Стикерге сабақтан алған әсерлерін, сабақ туралы пікірлерін жазу.       |     Топ басшылары бағалау парақшаларын тапсырады, қорытынды баға қойылады.     Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу. Түсінбеген сұрақтары болса жазады.   |  
  |    Дереккөздер мен жабдықтар:     А3 қағаз, фломастер, оқулық, дәптер, бор, тақта, мультимедия және т.б.   |  
  |    Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері   |     Арыстан мен тышқан туралы материал жинақтау, суретін салу.     Сұлтанмахмұд Торайғыров туралы шағын кітапша жасақтау.   |  
  |    Кейінгі оқу     |     «Арыстан мен Тышқан» мысалын жатқа айту.     Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал – мәтел іздеу.   |  
  |    Сабақты талдау   |     Тәжірибеде өткізген сабағым талдау арқылы мынадай қорытындыға келдім.   Оқушыларға сыни ойлауға сұрақтарды көбірек дайындау қажет. Оқушыларды көбірек сөйлеуге дағдыландыру.   |  
  |    Тәжірибелік сабақты бағалау   |     Автор туралы мәлімет ала алды ма? Мысалдың мазмұнын түсінді ме?   |  
  |    Сабақ бойынша өзгертулер   |     Топқа сурет құрастыру арқылы бөлінуді үйренді. Жұптасып жұмыс жасау дағдылары дамыды.     |