Просмотр содержимого документа
«С?з ма?ынасы.?арама-?арсы ма?ыналы с?здер.»
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білдіріп тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. 3. Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу. Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы. Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау, түсіндірмелі. Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар. Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру. Ал,балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
.............
-Өте жақсы,жарайсыңдар!
-Ал,енді барлығымыз мына тақтаға қарайық.
І.Ұйымдастыру бөлімі. IІ. Психологиялық дайындық. 1-слайд
IЖарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз- еңбектену Еңбектену арқылы “5 “- ке қолды жеткізу!
ІІІ.Үй жұмысын тексеру.
Өткенді қайталап алу мақсатымен «допты қағып алу» ойынын ойнау.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшелер деп аталады.Сөйлем мүшелері толық мағыналы сөздер болады.)
Данышпандар кітабы. Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны, ал түймесе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезден осылай таныса, әрине оның жас шағы кемелдене отырып ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.
Тапсырма: мәтіндегі қарама-қарсы сөздерді табу.
Әр топтан бір спикер шығып ( ақ қағазға жазып талдайды,қорғайды.) жұмысын қорғайды. Ережесін шығару.
V.Суретпен жұмыс. Топпен жұмыс
1.Мына сөздерге назар аударыңыздар.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болатын заттарды атаймыз 1-топ 2-топ 3-топ
Үлкен - ......... Түзу - Қыз-
Қосу - қысқа - кең –
Аз- қорқақ- таза-
Дос- алыс- жас-
Жарық- әдепті- жақсы-
-Балалар,Ендеше біз бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз деп ойлайсыңдар?
-Қарама-қарсы сөздер.
-дұрыс.жақсы.
6.Ой толғаныс «Балық аулау» ойыны .
Балалар сендер жазды күні балық аулауға барғанды ұнатасыңдар ма?
Иә, ендеше сендерге мен құрлықта қалып қойған балықтарды таратып беремін сендер оларды құтқару үшін,балықтың артында жасырылған тапсырманы орындай отырып балықты құтқарасыңдар.
1топ . Әдепті бала арлы бала,.....................сорлы бала. (әдепсіз)
Батыр бір рет өледі, ...............мың рет өледі. (қорқақ)
2 топ. Еңбектің наны тәтті, .............жаны тәтті. (жалқаудың)
Білімдіге дүние жарық, ..........дүние кәріп. (Білімсізге)
2 топ.Берілген қарама-қарсы мағыналы сөздерді қойып жаз.
1.Биік тау-
2.жақсы кино-
3.аласа ағаш-
3 топ Берілген мақалдардың ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз.
1.жақсы бала-қызық,
Жаман бала-күйік.
2.Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
8.Оқулықпен жұмыс.108 бет 20-жаттығу.( Тақтамен орындау.)
Мақалдарды оқы. Олардың мағынасын түсіндір.
Ақылды іс тындырады,ақымақ тіс сындырады.
Жақсы сөзге жан семіреді,жаман сөзден жан қорқады.
Ашу –дұшпан,ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Қарамен жазылған сөздерді жұбымен көшіріп жаз.Олар мәндес сөздер ме,әлде мағынасы қарама-қарсы сөздер ме?
9. Ауызша тапсырма.
Оқулықтағы 108 беттегі 22-жаттығу.
Мысалды түсініп оқы.
Қай мақал мысалдағы негізгі ойды білдіреді?
Өзін-өзі мақтаған-өліммен тең.
Көп сөз-көмір,аз сөз-алтын.
Ой қорыту
Есіңе сақта!
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді қазақ тілінде антоним сөздер деп атайды.Антоним сөздер де синонимдер сияқты біздің тілімізді бай,көркем,мазмұнды ете түседі.Көбінесе мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда кездеседі.
Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту,дұрыс жауапты дәлелдеу.
Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.(
Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.(
Бастауыш –сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.(
Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді.(дұрыс)
XIV. Үйге тапсырма XV. Шығармашылық тапсырма. 19- слайд. Қарама – қарсы мағыналы сөздерді қойып, жаңа мәтін құрастыру • Мен көптен нашар оқушымын. • Дәптерімді ұқыпсыз ұстаймын, жазуым лас. • Сабақтан кейін үйге көңілсіз қайтамын. • Менің күнделігімді көргенде анам ренжиді. • Осының бәрінен шаршап кеттім. Мен басқалардан кеммін бе? Енді...