kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"С?з ж?не оны? ма?ынасы" 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

?стаз болу – ж?ректі? батырлы?ы, ?стаз болу – сезімні? а?ылды?ы. ?стаз болу – мінезді? к?н шуа?ы, ?стаз болу – адамны? асылды?ы, ?мірдегі к?п маманды?тарды? ішінде жан-жа?ты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше ш?кіртжандылы?ты, мейірімділікті ?ажет ететін маманды? та – ?стазды? маманды?. Олай дейтінім, м??алім е?бегі біріншіден, адамзат ?о?амы тарихында жина?тал?ан ?ылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ?немі ш?кірттерімен ?арым-?атынаста болып, білсем, ?йренсем деген бала арманы мен оны? сырлы та?дырына басшылы? етуді мойнына ал?ан маман. Б?гінгі ?стаз ш?кіртіне ?ылым негіздерінен м?лімет беріп ?ана ?оймай, оны д?ниеж?зілік білім, а?парат, экономика ке?істігіне шы?у?а, я?ни ?ата? б?секе жа?дайында ?мір с?руге т?рбиелеуі керек
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"С?з ж?не оны? ма?ынасы" 3 сынып»

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

Сөз

Сөз

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:



Сан

Сын



қимыл



зат



атауы





Әрбір сөз тобының атауы қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Оқулық бойынша жұмыс 4-5 бет

2,3 жаттығулар ауыз ша орындалады.

тоң-тоң тонды-тңды жана-жаңа рас-лас ара-ала қатар-қатал

-сөздердің мағыналары не себептен екі түрлі; ауызша сөйлемдер құрастыр.

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут

Аа Ал Ам Ан Аи

Ана аспан ақ ақылды ашты айтты (1 с)

Бб Вв Гг Ғғ Дд Жж (2 с)

Жаз жаңбыр бақытты гүлдеді жасыл жүрді

Берілген сөздерге сұрақ қой ,мағынасын түсіндір. Неге сұрақтары әртүрлі?

4-жатттығу Сурет бойынша жұмыс

Суреттерде не бейнеленген? Әр сурет бойынша сөйлемдер құрап жаз.

5-жаттығу Суретте үстелдердің қандай түрлері бейнеленген? Үстел деп айту үшін оның қандай қаситеттері болу керек?

Сұрау белгісі

Сөз бай-

ланысы

атауы

Сздікпен жұмыс: жиһаз- 236 беттегі түсіндірме сөздіктен берілген сөздің мағынасын тауып оқып шық.

сын

3. Жаңа білімді бекіту:

нүкте



Сөйлеу

мәнері

қимыл

Леп белгісі

зат

Сергіту сәті

Сөзге сипаттама беру үшін қандай сөздер мен сөз тіркестері көмекке келеді? Сөйлемге ше?

8,9- жаттығулар ауызша; 10 жаттығу (жұптық жұмыс, өзара тексеру.) 11 –жаттығу (топтық жұмыс) 4 сөз 4 топқа беріледі.

4. Үйге тапсырма: 4-7 бет 7,12 жаттығулар

Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз және оның құрамы

Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

Сөз

құрамы

Сөз

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:





жалғау түбір жұрнақ



Мысал келтіріп оны сөз құрам ына талда ауызша.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Оқулық бойынша жұмыс 8-9 бет

15 жаттығу ауызша орындалады.

Еріншек, ерініп, еңбеккер, еңбегін, еңбектің.

Түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут

Дд Бб Ии Жж Кк Ққ

Жаз жаңбыр бақытты гүлдеді жасыл жүрді

Берілген сөздерге сұрақ қой ,мағынасын түсіндір. Неге сұрақтары әр түрлі?

16-жатттығу Көн нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.

  • Еңбектің... нан... тәтті, жалқау... жан... тәтті.

  • Ер... ат... еңбек шығарады.

  • Жер... бай...-ел... бай.

17-жаттығу Сөздердің түбірін бөліп алып, оларға бақа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жаса.

елім оқуы кітапты

дәріні көлде жұмыспен

3. Жаңа білімді бекіту: Кестені дұрыс толтыр




жаңа сөз

құрылыс

....

....

....

.....

-

тар

кітаптар

көл

....

тер

...

дос

тық

...

....

жаз

....

-

...

Сергіту сәті

18 жаттығу мәтінді оқы, қарамен жазылған сөзді талда Жалғаудың астын бір, жұрнақтың астын е,кі рет сыз.

21 жаттығу-ауызша оқу ,талдау

Ойын «Жапырақтың сыңарын тап»

Оқу бал лық ық қалам тер дар тарақ тар

4. Үйге тапсырма: 9 бет 20 жаттығу.



























Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз және оның құрлымы

Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

Дыбыстар

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:





дауысты дауыссыз

жуан жіңішке

қатаң ұяң үнді

Мысал келтіріп оны сөзге дыбыстық талдау жаса ( ауызш).

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Оқулық бойынша жұмыс 10-11 бет

22 жаттығу Жатқа жазу Еңбек етсең еріңбей,

Тояды қарның тіленбей. (Абай)

Мағынасын ұғыну, өзара тексеру (жұптық жұмыс)

24-жаттығу ауызша орындалады.

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут

Тттт // ттт // Пппп // ппп / Рррр // ррр/

Ааа Оооо Ууу

Сыйлады тыйым сыйлық

25 жаттығу Көп нүктенің орнына әріп қою арқылы бірнеше сөз жаса.

1 нұсқа т....р қ...с 2 нұсқа б...л ж...л

т....р қ...с б...л ж...л

т....р қ...с б..л ж...л

Осы сөздермен 3-4 сөйл ем құр.

Ойын «Тиісті әріпті қой» : үк..., жүг,,рі, б...рғы, д...птер, ...рік, си...р, ағ...ш, б...ркіт.

І Ы Ү Ұ А Е

Ә Ө

32-жатттығу Көн нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.

Б..ыл бидай бітік шықты. Біз ш...е теруге бардық. Мұрат досына кітап сы...лады. Қорғауға алынған аң-құстарды аулауға ты...ым салынған.

17-жаттығу Сөздердің түбірін бөліп алып, оларға бақа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жаса.

елім оқуы кітапты

дәріні көлде жұмыспен

  • Жаңа білімді бекіту: Кестені дұрыс толтыр

Дауысты у дыбысы бар сөздер

Дауыссыз у дыбысы бар сөздер











Сергіту сәті

34 жаттығу-ауызша оқу ,талдау

Ойын «Сиқырлы тізбек»

шуақ—қуырдақ—қиын—нар

37 жаттығу Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құр.

  • Шөп, әкем, маялады.

  • Өзен суы, молаяды, көктемде.

  • Ғ, дауыссыз, дыбыс, ұяң.

  • Оқушы, Әлия, озат.

Ребус шеш:

,,, ,, , , 3



Кестені толтыр:

Жуан дауыстылар

Жіңішке дауыстылар

Қатаң дауыссыздар

Ұяң дауыссыздар

Үнді дауыссыздар






4. Үйге тапсырма: 10 бет 24 жаттығу, 13 бет 33 жаттығу, 39 жаттығу49 жаттығу











































Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз таптары

Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарының сұрақтарын білу қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

Дыбыстар

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:





дауысты дауыссыз

жуан жіңішке

қатаң ұяң үнді

Мысал келтіріп оны сөзге дыбыстық талдау жаса ( ауызша).

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Бойынша жұмыс: кестені толтыр: бүркіт, күн, бес, оқыды, жеті, жазушы, қырық, барды, үйренді, әдемі,жасыл, үлкен.

Кім? не?

Не істеді?

Қандай?

Қанша?













52 жаттығу Әр сөз табы білетіннніңді есіңе түсір.

Зат есім

Етістік 1. Нені білдіреді?

Сын есім 2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сан есім

53-жаттығу ауызша орындалады. Ойын «Артық сөзді тап» Әр қатардағы сөздердің қайсысы артық Неліктен?

  • Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді.

  • Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма.

  • Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу.

  • Ұшырды, жазды, келмекші, аң, оянды.

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут

Иииии /// Иииии /// Ййййй /// Ййййй

54 жаттығу Сұрақтардың көмегімен сөлем құр.

Кім? Не істеді? Кім? Неше? Не? Не істеді?

Қандай? Не? Қайтты? Не? Қайтты?

  • Жаңа білімді бекіту:

Кестені толтыр: күнделік, құрт, мөлдір, мың, алтыншы, жиналды, ірімшік, кенші, пайдаланды, жаман, ұмытпайды, шаңқылдайды, екі, кең.

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік




мысық


зат

Сергіту сәті

Сын есім

57 жаттығу-ауызша оқу ,талдау

Кім? Не?

Ойын «Шашылған сөздер»

сын

Қандай?

Зат есім



тәтті



4. Үйге тапсырма: 19 бет 56 жаттығу.























Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Зат есім. Етістік. Сын есім.

Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарының сұрақтарын білу қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

Зат есім

Етістік 1. Нені білдіреді?

Сын есім 2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сан есім

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут

Иииии /// Иииии /// Ййййй /// Ййййй

58 жаттығу Мақалдарды жатқа жаз

  • Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

  • Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

*Зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қой.

*Зат есімдердің астын сыз.

59-жаттығу Шығармашылық тапсырма: Кітап соңындағы сөздікке сүйеніп алдымен гүл, сонан соң дәрілік өсімдіктердің аттарын жаз.

Ойын «Сөздерді топтап жаз» Қанша топқа бөлдің? Айырмашылықтары неде?

Бала сурет тауықтар әжелер

дәргерлер күн жапырақ көршілер

65,66,68 жаттығуларды орындау.

  • Жаңа білімді бекіту: Карточкамен жұмыс: 3 қатарға беріледі.

Сөзге дыбыстық талдау жаса: орман, мектеп, оқушы.

Сергіту сәті

67 жаттығу-ауызша орындау, 70,72 жаттығулар ауызша, 71. 74 жаттығулар жазбаша орындалады. Балалар тапсырманы өздігімен орындайды, бірінші дұрыс орындаған 5 оқушы бағаланады.

жүрді

Ойын «Шашылған сөздер»

Ұйықтап жатыр

Тұрып жүр

салды





Ойнап жүр

Келе жатыр

жаз





4. Үйге тапсырма: 20 бет 60 жаттығу, 69 жаттығу, 76 жаттығу.











Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Сан есім. Сөйлем.

Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарының сұрақтарын білу қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

Зат есім

Етістік 1. Нені білдіреді?

Сын есім 2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сан есім

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут

Ууууу ... Үүүү ... Ұұұұ ...

Үш бес алтыншы бірінші жүз

-сөздерге сұрақ қойып шық. Бұл қай сөз табы? Өзің мысал келтір.

77 жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Сан есімдерді тап , сұрақ қой.

Көшет Үш жыл болды. Бір көшет тіккеніме, Арық қазып, Суарып күткеніме.



78-жаттығу Көп нүктенің орнына сан есімдерді қойып жаз.

Елдос ... жаста. Ол ... сыныпта оқиды. Оның сыныбы мектеп үйінің ..қабатында. Керекті сөздер: жиырма бес, бірінші, тоғыз, үшінші.

Сергіту сәті

79,80,81 ауызша жаттығуларды орындау.

Жаңа білімді бекіту: Өзіндік дәптерімен жұмыс- 8 бет 6 тапсырма: сұрақтарға жауап бер.

алтау

Ойын «Өз орныңды тап»

алтыншы

(?) (!)

Сөйлем нені білдіреді? Сөздер өзара қалай жазылады? Бірінші сөз қандай әріптен жазылады?

. ?



! – схемалар бойынша сөйлемдер құр.

28-31 беттегі жаттығуларды орындау.

Ойын «Кім шапшаң?» Тақтадағы әр топ сөйлемдерді өз үйлеріне орналастыр. «Хабарлы» «Сұраулы» «Лепті»

4. Үйге тапсырма: Өзіндік жұм дәп.7 бет- 3,4 тап., 84 жат,94 жат.



















































Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Мәтін. Тіл және сөйлеу.

Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарының сұрақтарын білу қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

Сөйлем

хабарлы

(.) сұраулы лепті

(?) (!)

Мысал келтір, қандай мақсатымен айтылып тұр дәлелде.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Кккк Ққққ Ғғғғ Гггг

Мәтін

басы

негізгі бөлім соңы

Мәтін

әңгімелеу

сипаттау пайымдау

97 жаттығу Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге ат қой.

100 жаттығу сызба арқылы әңгімелеу мәтінің құрастырып жаз.

.Сөйлеу не үшін қажет? Сызбаны пайдаланып түсіндір:

сөйлеседі

хабар береді

Тіл арқылы пікірлеседі

білмегенін сұрайды

кеңеседі

Суреттерге қара сөйлеу түрлерін ажырат:



Сергіту сәті

.4 жаттығуТөменгі заттармен сөйлеудің қай түрі іске асырылады?

Телефон, журнал, магнитафон, кітап, газет, микрофон.

3.Жаңа білімді бекіту:

7 жаттығу сөйлеудің қай түріне жатады

11 жаттығу Жұмбақтарды оқы ,шешуін тап:

Сөзі-дана,үні жоқ, Қолыңа алсаң-шешен,

Сөйлемейді, тілі жоқ. Ақылы асқан көсем.

Шешуін суреттердің көмегімен тауып көр.

Өзіндік дәптерімен жұмыс- 7бет 1,2 тапсырма

4. Үйге тапсырма: 101 жат, 35 бет 5 жат.







Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Дыбыс және әріп. Э дыбысы.

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; дыбыс және әріп туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: әріп пен дыбысты ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтін

басы

негізгі бөлім соңы

Мәтін

әңгімелеу

сипаттау пайымдау

Мысал келтір, қандай мақсатымен айтылып тұр дәлелде.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Ччччч Ффффф Ццццц - әріп элементтерін жазу

Эээ экран электр элеватор экипаж

Дыбыстар







Э- дауысты дыбыс

1 жаттығу Сөздерді оқы. Дыбыс санына қарай топтап жаз.

Отан, ар, аю, ақыл, ана, дана, ұят, намыс, ес, жер, қоян, фильм, ою.

2 жаттығу Олеңді көшіріп жаз. Соңғы жолдың дауысты дыбыстардың астын бір рет, дауыссыз дыбыстардың астын екі рет сыз.

.Отан

Отанды біз атамекен Отанды жас, кәріміз де

Деп аялап атаймыз. Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені оны мекен еткен Өйткені онда бәріміз де

Бабамыз бен атамыз. Туып, өмір сүреміз.

(Ермек Өтетілеуов)

5 жаттығу Кестені толтыр:

Жуан айтылатын сөздер

Жіңішке айтылатын сөздер

Жуан-жіңішке айтылатын сөздер

қарағай

жүйрік

егінжай

Хабар, жүзім, театр, беймаза,қызмет, дәптер.т.с.с.

4 жаттығу Сөздерді алфавит ретімен жаз.

Сөздердегі жоқ әріпті тап, ол қандай дыбыс «Қай дыбыс?»- ойын

..кипаж

...лектр

..стафета



...кспресс

...кран

...леватор





Сергіту сәті: Қақпаға тұралап теп допты оң аяқ

Қақпаға тұралап теп допты сол аяқ

3.Жаңа білімді бекіту:

-суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Шағыг әңгіме айт.



7-жаттығу Электр шамы туралы жұмбақ құрастыр.

Өзіндік дәптерімен жұмыс- 9бет 1,2 тапсырма, 9 бет 3 тапсырма.

4. Үйге тапсырма: 39 бет 9 жаттығу,41 бет 8 жаттығу..



Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: В, ч,щ дыбыстары.

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; дыбыс және әріп туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: әріп пен дыбысты ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздік диктант: Экипаж, элеватор, экран, экспресс, электр, эстафета, эмблема, экскаватор.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Вввв Чччч Щщщщ - әріп элементтерін жазу

Троллейбус велосипед автобус

Қазақ алфавитінде неше әріп бар? Орыс алфавитінде неше әріп?

В-дыбысы орыс тіліннен енген сөздерде кездеседі.

В-ұяң, дауыссыз дыбыс. Ч,щ-қатаң, дауыссыз дыбыстар

1 жаттығу Өлеңді жатқа жаз.. В әріпінін астын сыз. Ол қандай дыбыс?

Вагондар тұр тізіліп,

Володя тұр қызығып.

Вокзал басын қызықтап,

Валя да жүр жүгіріп.

4 жаттығу Көп нүктенін орнына керек әріпті қойып жаз.

Қазақстанда трам..ай 1937 жылдан бастап жүреді.Мен мектепке тролле..успен барамын. Қыздар ..ойлейбол ойнады. Ұлдар фут..ол ойнады. Олар ..альс биледі.

5 жаттығу Кестедегі жасырыңған сөздерді тап : волейбол, трамвай...

А

К

Т

У

М

Е

Б

У

Л

А

З

В

И

Я

Н

Е

З

В

У

О

Ш

О

Р

И

Д

Ь

Е

О

Л

Е

Е

Б

Т

Р

А

М

П

О

С

В

Ә

Ң

А

Қ

Е

Н

Н

О

Ж

Н

А

В

Л

В

Е

М

И

Т

У

М

И

С

С

Л

П

Э

П

А

К

Р

Й

Л

О

Ш

Н

П

Е

Д

Д

Ә

Г

Р

Ғ

Й

Е

Л

І

Қ

П

С

И

У

Ә

Ю

Ю

О

6-жаттығу өздік жұмыс

он

ка

1 жаттығу Берілген буындардан сөз құрап оқы.

Чемпион, чек, точка, карточка, щетка, пищи.

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту: 3-жаттығу ч,щ әріптері бар сөздерді көшіріп жаз.

4,5,7 жаттығулар орындау.

Өзіндік дәптерімен жұмыс- 10 бет 1,2 тапсырма, 11 бет 1,2 тапсырма

4. Үйге тапсырма: 43 бет 7 жаттығу,49 бет 844 жаттығу..









































Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Ф дыбысы.

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; дыбыс және әріп туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: әріп пен дыбысты ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздік диктант: Вагон, велосипед, трамвай, волейбол, Валя, вокзал,автобус, паровоз.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Фффф // Ффф /// - әріп элементтерін жазу

Фонтан ферма форма фирма

Қазақ алфавитінде неше әріп бар? Орыс алфавитінде неше әріп?

Ф-дыбысы орыс тіліннен енген сөздерде кездеседі.

Ф-қатаң, дауыссыз дыбыс, ол сөздің барлық буындарында кездеседі.

1 жаттығу Жоғалған сөздерді оқы.

Н О A H М Р A Ф А Т К У Р Ф Л М А С О Т Р Е

3жаттығуӨлеңді оқып, жаз.Ф –астын сыз.

Фойеде ел жиналған

Фестивальді тойлады.

Фатима қыз финалда,

Флейтада ойнады.- ф дыбысы бар сөздерді түсіндір.

6,12 жаттығу .Ребус шеш: ферма

Ф , ,, ,,

Ф,, ,, 50 ,, ,

Тарақ ,,,- флейта

4-жаттығу Көп нүктенің орнына керек әріпті қой.

Балалар а..тобуспен қалаға келді. Асан мектепке жаңа ту..ли киіп барды. Пинг..индер құс болғанымен ұша алмайды. Үйдің жоғарғы қабатына ли..тпен көтерілдік. Мектепте ..утбол ойнадық.

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту: 2-жаттығу ф әріптері бар сөздерді көшіріп жаз.

9, 11, 13 жаттығулар орындау.

Өзіндік дәптерімен жұмыс: 11 бет 3,4 тапсырма

4. Үйге тапсырма: 45 бет 7 жаттығу,47 бет 15 жаттығу..

























Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Ц дыбысы. Х,һ дыбыстары. Диктант№2 «Шахтада»

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; дыбыс және әріп туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: әріп пен дыбысты ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

Карточка бойынша жұмыс: Көп нүктенің орнына ч, щ дыбыстарын қой.

...тка, ...ашка, ...ек, карто..ка, пла.., ..емпион, то..ка, бор..,.

Карточка бойынша жұмыс: Көп нүктенің орнына х,һ дыбыстарын қой.

Қа..арман, ша..ар, ..алат, ..ат, ...абар, кітап..ана, жи..аз, гау..ар, ...оккей, ..алық, жи..ангер.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Цццц // Цццц /// - әріп элементтерін жазу

Цемент циркуль цифр

Хххх // һһһһ /// жиһаз хат хабар қаһарман

1 жаттығу Сөзжұмбақты шеш:

1.Ата заң 2. Өлшем бірлігі. 3. Сахнадағы ән, би кеші.

4. Санның таңбасы. 5. Көлік түрі. 6. Оқу құралы. 7. Ойын көрсететін орын.-

Барлық сөздерде қай дыбыс кездеседі?

Ц-дыбысы орыс тіліннен енген сөздерде кездеседі.

Ц-қатаң, дауыссыз дыбыс. Х,һ-дауыссыз дыбыстар

2 жаттығу Көп нүктенің орнына керек әріпті қой.

Анасы балаларын ..ирке апарды. Құрылысқа ..емент өте қажет болады. Әлім әкесімен бірге әр гектардан неше ... ентнер күріш жиналатынын есептеді. Алмас мото..икл жүргізуді үйренді.

3жаттығу . Өлеңді оқып, жатқа жаз. Ц әрпінін астын сыз, сөздердің мағынасын түсіндір.

Цементке, расында,

Целлофан қап жарамас.

Центрлеп тасуда

Цистернадай бола алмас.

1-жаттығуСөздерді оқып ,мағынасын түсіндір.

Халық, хикая, хан, хат, хабар, қаһарман, мархабат, жиһангер, Гауһар.

3-жаттығу Сөз тіркесін құрап жаз.

Жеке мектеп балалр орталық қалалық -кітапхана

Үлгі: Жеке кітапхана....

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту: 2-жаттығу х,һ әріптері бар сөздерді көшіріп жаз.

5 жаттығу топтық жұмыс 8,9,12 жаттығулар орындау.

Өзіндік дәптерімен жұмыс: 12 бет 1,2 тапсырма



Диктант№2 «Шахтада»

Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада жұмыс істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келеді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым. (43 сөз)

Тапсырма:1. 1- нұсқа шахта, 2-нұсқа фонарь- дыбыстық талдау жаса;

  • Алдыңғы екі сөйлемдегі қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.

4. Үйге тапсырма: 51 бет 7 жаттығу,52бет 2 жаттығу..54бет 11 жаттығу.





























Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Мәтін

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Қатемен жұмыс

Көргім келеді-білемін-кетеді-биік-кірер есік;

Ұнатамын-тұр-жұмыс;

Тарттым-қайтты-жатты.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Рррр Тттт - әріп элементтерін жазу

Мәтін деген не? Мәтін туралы не білеміз еске түсірейік ,сызбаға салайық.

Мәтін

басы

негізгі бөлім соңы

Мәтін

әңгімелеу

сипаттау пайымдау

1 жаттығу ауызша Кайсысы мәтін?

Біз үшінші сыныпта оқимыз. Інжугүл-хош иісті өсімдік. Мирас ұшқыш болғысы келеді.

Інжугүлдің гүл шоғының пішіні қоңырауға ұқсас. Оның гүлі аппақ. Тұқымы жануарлар арқылы таралады.

-Мәтінді қандай белгісі арқылы анықтаймыз?

2 жаттығу Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы Ат таңда : Егіс даласында; Ас атасы-нан. Таңдау үлгілеріне берілген мәтін аттарының қайсысы тақырыптың, қайсысы негізгі ойдың қысқаша атауы? Негізгі ойды білдіретін атауды жаз.

Өзіндік дәптерімен жұмыс: 5 бет №3 тапсырма: «Бау-бақшада» тақырыбына әңгіме жаз. (көмек ретінде тақтада сурет ілінеді.)

4 жаттығу Көргені бойынша жазып шыққан қыздың әңгімесін ретке келтіріп жаз.

5-жаттығу Суретке қарап, бұлар қай ертегіден? Төмендегі мәтінді оқы. Сурет бойынша сөйлемдерді жаз.

9 жаттығу . Оқы Күздің қай айының аты көп нүктемен берілген?

.. айы- қыстың хабаршысы. ... айында жердің топыра тоң болып қатады. Бұл айды ... немесе қауыс деп атайды. Қара суық күшейеді. Су бетіне мұз қатады.

Күн қысқарып ,түн ұзарады.Кей жерделерді қар басады. Кей жерлерде жауған жаңбырдың арты қарға айналады.

Мәтіннің атан анықта. Қандай сөздер мен сөз тіркестері күз айының атын табуға көмектеседі? Мәтінге ат қой.

10-жаттығу Қалай ойлайсың, төмендегідей атпен берілген мәтіндерде не туралы айтылады? Олардың мазмұны бірдей ме?

Күз

Күзгі орманға саяхат

Күзгі дала Күздің қызықты бір күні

Күзгі еңбек

Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда, көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе, әлде кәмпит берсі дейсің бе?

Жоқ, жоқ кәмтип болмайт тәтті ас, бидай менен арпа шаш.

3.Жаңа білімді бекіту: 11 жаттығу Өлеңді оқы Олар қандай тақырыпқа жазылған?

12 жаттығу Мәтінді оқы. Мәтін неше бөліктен тұрады? Алғашқы бөлігін көшіріп жаз.

Жолбарыс-жыртқыш аң. Ол негізінен Азияны мекендейді. Оның аулайтын аңдары-бұғы, жабайы шошқа және киік.

Жолбарыс тордағы тіршілікке де оңай үйренеді. Бұл жыртқышты көптеген хайуанаттар бағынан көруге болады.

Өзіндік дәптерімен жұмыс:10 бет 3 тапсырма «Жазғы демалыста»



4. Үйге тапсырма: 59 бет 3 жаттығу,.61 бет 8 жаттығу, 63бет 13жаттығу



















Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Мәтін

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Ссссс Ххххх Эээээээ - әріп элементтерін жазу

Мәтін деген не? Мәтін туралы не білеміз еске түсірейік ,сызбаға салайық.

Мәтін

басы

негізгі бөлім соңы

Мәтін

әңгімелеу

сипаттау пайымдау

16 жаттығу ауызша (топтық жұмыс 3 қатар)

-мәтін түріне байланысты мәтін құр.

17 жаттығу «Меніңсүйікті ауылым» , « Мен демалысты ауылда қалай өткіздім?», «Мен ауылымды неліктен жақсы көремін?» (3 қатар үш тақырыпқа әңгіме құрып, жазады, оқиды.)

18 жаттығу Дәмді сорпа- мәтінді оқы, мазмұның айт, мәтін түрін анықта, негізгі ойды анықта.

Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда, көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе, әлде кәмпит берсі дейсің бе?

Жоқ, жоқ кәмтип болмайт тәтті ас, бидай менен арпа шаш.

3.Жаңа білімді бекіту:

Азат жол





Негізгі бөлім

Незізгі ой

тақырып





Өзіндік дәптерімен жұмыс:11 бет 1,2 тапсырма «Бұл қай кезде болады ?»



4. Үйге тапсырма: сипаттау мәтінін жазып кел.





































Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Мәтін

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Жжжж Шшшш Щщщщ - әріп элементтерін жазу

Мәтін деген не? Мәтін туралы не білеміз еске түсірейік ,сызбаға салайық.

Мәтін

басы

негізгі бөлім соңы

Мәтін

әңгімелеу

сипаттау пайымдау

20 жаттығу Мәтінді оқы. Түрін ажырат

Ердостың атасы –шопан. Қыстың cуық бір күні атасының қызуы көтеріліп ,жатып қалды.Ердос атасына көмектесті.

Мына сұрақтарға жазбаша жауап бер:

-Мәтін кім туралы?

-Ол қандай бала?

22 жаттығу ауызша Мәтінді оқы, әрі қарай жалғастыр.

24,25 жаттығу Керік туралы мәтіндероқу

Бұл қандай жануар? Ол қайда тіршілік етеді? Оның мойны қандай?

Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда, көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе, әлде кәмпит берсі дейсің бе?

Жоқ, жоқ кәмтип болмайт тәтті ас, бидай менен арпа шаш.

3.Жаңа білімді бекіту: Керік туралы мәтінді сызбаға түсір.

Сыртқы түр-түсі





Жалпы ерекшелері

Қорытынды



27,28,30 жаттығуларды орындау.

4. Үйге тапсырма: , 66 бет -21 жаттығу, 69 бет -29 жат

































Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Мәтін

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру

Азат жол



Азат жол



Негізгі бөлім

Незізгі ой

тақырып





2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Енді хат жазуды үйренейік.

Хат әдетте қысқа түрдегі хаттан ұзағырақ болады. Хатта мынадай бөліктер болуы керек:

-сәлемдесу сөзінің біреуге қаратылып айтылуы;

-өз хал-жағдайын әңгімелеуі;

-хат арнап отырған адамның хал-жағдайын білу мақсатындағы сұрақтары;

-қоштасу сөздері;

-қолы.

31 жаттығуқысқаша хатты көшіріп жаз.

32 жаттығу оқы хат дұрыс жазылған ба? Нені өзгертіп , қосуға болады?

Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда, көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе, әлде кәмпит берсі дейсің бе?

Жоқ, жоқ кәмтип болмайт тәтті ас, бидай менен арпа шаш.

3.Жаңа білімді бекіту:

34 жаттығу Туған күн, бақа да мерекелерге шақыру алып көрдің бе? Ата-аналарыңа «Алтын күз мерекесіне » шақыру қағазын жазып көріңдер.

Әлия!

Қазанның 29-ы күні сағат 12.00-де

Болатын туған күніме шақырамын.

Сені асыға күтемін

Досың Меруе



4.Үйге тапсырма: 71 бет 33 жаттығу











































Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Мазмұндама №1 «Балық аулаған балалар»

Мақсаты мен міндеттері: мазмұндама жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: жеке мазмұндама жазылған карточкалар, жоспар , сұрақтары бар жеке карточкалар

Әдіс-тәсілдер: өзіндік



Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Мазмұндама мәтінімен танысу:

Мазмұндама№1

«Балық аулаған балалар»

Күн жылы еді. Балалар өзенге келді. Біраздан соң қатты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды.Аздан соң жаңбыр құйып кетті. Балалардың үсті су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды.Жауын басылды. Күн шықты.Балалар қайтадан өзенге келді.Қармақ салды. Біраз балық ұстады. Кешке қарай үйлеріне қайтты.

(47 сөз)

Балық аулаған балалар

Жоспар Сұрақтар:

  • Демалыс күні 1. Балалар қайда келді?

  • Табиғаттың құрт өзгеруі 2. Табиғатта қандай өзгер болды?

3. Үйге оралуы 3. Балалар қайда тығылды?

4. Балалар өзенде не істеді?

5. Кашан үйге қайтты?

Керекті сөздер: өзенге келді, қатты жел соқты, жаңбыр жауды, үсті су болды, күн шықты, қайтты.

Мәтінді әңгімелеу (жұптық жұмыс), тақтаға шығып әңгімелеу.

Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда, көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе, әлде кәмпит берсі дейсің бе?

Жоқ, жоқ кәмтип болмайт тәтті ас, бидай менен арпа шаш.

3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.

Балық аулаған балалар

Жоспар Сұрақтар:

  • Демалыс күні 1. Балалар қайда келді?

  • Табиғаттың құрт өзгеруі 2. Табиғатта қандай өзгер болды?

3. Үйге оралуы 3. Балалар қайда тығылды?

4. Балалар өзенде не істеді?

5. Кашан үйге қайтты?

Керекті сөздер: өзенге келді, қатты жел соқты, жаңбыр жауды, үсті су болды, күн шықты, қайтты.



4.Үйге тапсырма: қайталау
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"С?з ж?не оны? ма?ынасы" 3 сынып

Автор: Ба?ытбек І?к?р Ба?ытбек?ыз

Дата: 09.11.2015

Номер свидетельства: 250210


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства