Просмотр содержимого документа
«С?з ж?не оны? ма?ынасы »
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Қосымша тапсырмалар арқылы оқушы шығармашылығын дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту; 3. Оқушыларды сауатты және таза жазуға тәрбиелеу. Зейінділікке және бәсекеге қабілеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 5 - жаттығу/103-бет/
● Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау. ● Сөз және оның мағынасы туралы сұрау.
IIІ. Жаңа сабақ
Сөз және оның мағынасы
Электрондық оқулықпен жұмыс
Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі. • Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер. • Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы. 2. Бұл қандай сөздер? • Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)/ащы-тәтті/ • Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер) /көрікті,әдемі,сұлу,сымбатты/ • Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер) /құрма,ара,бұрыш/ 3. Оқулықпен жұмыс 7 - жаттығу
Айтылуы бірдей,бірақ мағыналары әр басқа сөздерді табу.
Әуелей өссін құрма,
Әткеншек оған құрма!
8-жаттығу
Жұмбақ өлеңді оқып,шешуін тап
Бірде мен
Тәтті нәр берер жәндікпін,
Бірде мен бөрене тілер әйдікпін.
Ас пісірсең әрине,
Табыламын әр үйден.
НЕМЕСЕ
Ата жұрты татардың,
Ежелгі бір шаһармын.
Ара,қазан сөздерінің әрбір мағынасына сөйлем ойлап жаз.
«Сыңарын тап» ойыны Әр топқа жеке жұмыс беріледі. Мына сөздердің сыңарын тауып,қарсы мәндес сөз жаз. Алғырлар: аласа, ескі, жарық Білгірлер: үлкен, ащы, жақсы Зеректер: тез, алыс, қара
Оқулықпен жұмыс 9 - жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.
Оқушылар мақта туралы оқыды.Сен Айгүлді мақта. Атам қой бағып жүр.Кітапты орнына қой.
Жатқа жазу.Қарамен жазылған сөздердің астын сыз.Мағыналарын түсіндір.
Үй салайық сәнді,кең.
Топырақ үй алдымен.
Құмды еле де,
Тас тасы,
Дайын тұрсын қақпасы.
Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу) Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту • Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт. • Досым допты домалатты. • Суық сумен сүртіндім. Оқулықпен жұмыс 11 - жаттығу. Берілген сөздерді екі түрлі мағынада қолданып,сөйлем құра.
Алма,тамақ,қара,шық.
Оқулықпен жұмыс 12 - жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Екі бала таласты, -Жылқышы-
Едірейе қарасты: Көл құсы,-
-Жылқышы- Деді Жаннұр.
Ол кісі,-деді Арнұр. Кім жаңылып бұрыс айтты?
Екеуі де дұрыс айтты.
Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па? а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу ○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды. ○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады. • Жақсы, жаман - синоним сөздер ○ Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі түбір деп аталады. ○ Қаратпа сөзден соң үтір қойылады. • Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі ○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады. ○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап. Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет. Көз қорқақ, қол батыр. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа. Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.