kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?з ж?не мінез ?дептілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: балаларды кішіпейілділікке, ?лкендерді сыйлау?а, к?мектесуге ?йрету, жа?сы ?асиеттерді бойына сі?іріп, жаман ?асиеттерден жирену сезімін дамыту; адам бойында?ы ?намды, ?намсыз ?ылы?тарды айыра отырып адеп ?ліппесін бойына дарыту, таным белсенділігін арттыру; о?ушыларды ?дептілікке, сыпайылы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: ма?ал-м?телдер, на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар, тірек сызбалар, слайд.

                                             Барысы.

Ж?ргізуші: Б?гінгі т?рбие са?атымызды ?дептілік та?ырыбында болады. ?дептілік – адамдарды? ?зара жа?сы ?арым – ?атынасыны?, ж?ріс-т?рысыны? ережесі. Осы ?дептілік ережесін са?тау керек. Б?гінгі заман адамы сегіз ?ырлы, бір сырлы болып ?суі керек. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?з ж?не мінез ?дептілігі»

Сөз және мінез әдептілігі

Мақсаты: балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту; адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып адеп әліппесін бойына дарыту, таным белсенділігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар, слайд.

Барысы.

Жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымызды әдептілік тақырыбында болады. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

“Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар, қалан” деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Тренинг “Тілек шоғы ”

Оқушылардың қолдарындағы гүл шоқтарын бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. “Өзгелеоге денсаулық тілеп жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады ”деген қорытынды жасаймын.Біреуге жақсылық тілеудің өзі әдептілікке жатады.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.



1-оқушы: Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің – әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің – әуре-сарсаң,әлегің.

2-оқушы: Тәртіпті бала – сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай-шу

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды қылық байқайсың

3-оқушы: Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

4-оқушы: Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні,

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

5-оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты.

6-оқушы: Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабағымен бәрі же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр салақ болмағын.

7-оқушы: Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін

Үйге қонақ келгенде.

“Әдепсіз ” деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.

8-оқушы: Атам маған қашанда

“Кішіпейіл бол”деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбау жөн көрем.

9-оқушы: Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.

10-оқушы: Атам маған қашанда

“Әділетті бол” деген

Ата сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.

11-оқушы: Қалдыратын ұятқа

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа

Тек шындықты көздеймін.

12-оқушы: Ата-ананың тілегі-

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

13-оқушы: Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің-

Әуре-сарсаң әлегің

14-оқушы: Атам менің әманда

“Ынтымақшыл бол”дейтін.

“Бірлік болса адамда

Шын бақыт қой ол”дейтін.

Ән: Не деу керек?

Жалғастыр ойыны

“Не істеуге болмайды?” деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

1.Үлкендердің алдын ...

2. Кішкене баланы...

3. Құстарды...

4. Қыз баланы...

5. Сабақтан...

6. Үлкен кісіні...

7. Үйге жүгіріп...

8.Оқу құралдарын...

9. Сыныпта айғайлауға ...

10. Ысқыруға ...

11. Құстың ұясын ...

12.Босағаға ...

13. Достарыңды ...

14. Малды ...

15. Ақты ...

Не істеу керек?

-Үлкендерді сыйлау керек.

-Ата – аналардың тілін алу керек.

-Тәртіпті болу керек.

-Оқу құралдарын таза, күтіп ұстау керек

-Сабақты жақсы оқу керек.

Жүргізуші: Ал енді, балалар, кезекті мақал – мәтелге берейік.

“Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен”деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Оқушылар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез, әдептен.

Әдептілік жайлы мақал-мәтелдер айту.

Әдепті бала – арлы бала,

... ... ... ... .



Әдептіліктің белгісі –

... ... ... .

Ашу – дұшпан, ақыл дос,

... ... ... .

‘’Сіз ’’ деген – әдеп,

... ... ... .

Ұлық болсаң - ... ... .



Кішіден ізет,

... ... ... .

Әдепті бала ата – анасын мақтатар,

... ... ... ... ... .



Жағдаят шешу: “Сен маған, мен саған

1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?

5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Жүргізуші: “Әдепдеп, “әдептілік ” деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?

15-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

16-оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізеті инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық дегенұғымдарды білдіреді екен.







“Әдептілік ” сөзін топтастыру.

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез-келген жағдайда, кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Оқушылар хормен: Жас – кәріге “Сіз” деген –

Жақсы үлгі іздеген.

“Дос боламыз біз” деген –

Ізетті ұлмен қызбенен.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
С?з ж?не мінез ?дептілігі

Автор: Рамазанова Мергуль Бактыгалиевна

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 287992


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства