Ағасы мен інісін салыстыр. Кімді ақылды бала деп айтар едің? Айтындаршы, Компьютердің пайдасы мен зияны туралы айт. Өзің компьютерді қалай пайдаланасың? Ақылды бала қандай болады? Сипатта. Бүгін біз көркем әдебиеттің өлең жанрымен танысамыз. Педагог М. Отаралиевтің «Мен акылды баламын» өлеңімен таныстырып, балаларға жаттатады. Педагог ақылды, бүлдірмеймін сөздеріне түсінік береді. Ақылды - тілалғыш, үлкенге де, кішіге де көмектесетін бала. Бүлдірмеймін —айналасын таза ұстап, үнемі жинап жүретін ұқыпты бала. Көптілділік: ақылды -умный - clever Талқылау: Өлең мазмұны бойынша сұрацтар: Кім үйінде өзі киініп, өзі шешінеді? Үйдегі үлкендерді қалай сыйлайсың? Сен өзінді кандай баламын деп ойлайсың? Ақылды бала үй жұмысына, үлкендерге көмектеседі, өз бөлмесін өзі жинап, тазалық сактайды. Ондай инабатты, ақылды баланы барлық адамдар жаксы көреді. Сергіту сәті (әуенмен орындайды): Біз бақытты балдырған, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бэріміз де біргеміз. (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: 1. Әңгіме құрастыр.Бала не істеп жатыр? Сен бөлмеңді қалай жинайсың? Әңгімеле. Үйде ата-анаңа қалай көмектесесің? 2. Үқыпты, ақылды балага не қажет? Сызып қос. 3. Заттардың атауын көпше түрде айт. (Т) Д/ ойын: «Ойлан да, аяқта» Айтылган сөздерді есте сақтап, сөзді сөйлеммен жалгастыр: Ақылды ... Өзім ... Мен ... Бүлдірмеймін ... |