kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йлем т?рлерін пысы?тау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: ?аза? тілі
Сыныбы: 2 «а»

Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем т?рлерін пысы?тау.
Саба?ты? ма?саты
:  С?йлемні?  айтылу  ма?сатына  ?арай  с?раулы, лепті, хабарлы  болып  б?лінетінін  еске  т?сіру;    с?зді?   ?орын  тіл  байлы?ын   дамыту,  жан – жа?ты ойлау?а ?йрету ; ?йымшылды??а, досты??а т?рбиелеу

  Саба?ты? міндеті:О?ушыларды? а?ыл ойын, с?йлеу тілін дамыту, ?иялын ?штау.Тапсырмалар ар?ылы шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

Саба?ты? т?рі: аралас саба? 
Саба?ты? ?дісі: топты? ж?мыс, т?сіндіру, с?ра?-жауап, салыстыру, талдау.
Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та,  суреттер, ?лестірмелі тапсырмалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йлем т?рлерін пысы?тау.»

Кеңес Одағының Батыры

И.М.Бережной атындағы

Келлер орта мектебі КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Джунисбекова Роза Құралқызы

бастауыш сынып онкүндігі аясында

өткізілген ашық сабақ жоспары.
Күні: 08. 12.2015 жыл
Пәні
: Қазақ тілі
Сыныбы: 2 «а»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлерін пысықтау.
Сабақтың мақсаты
:  Сөйлемнің  айтылу мақсатына  қарай  сұраулы , лепті , хабарлы  болып  бөлінетінін  еске  түсіру;    сөздің   қорын  тіл  байлығын   дамыту ,  жан – жақты ойлауға үйрету ; ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу

 
Сабақтың міндеті:

Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау.Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар.


Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1\Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2/Психологиялық дайындық

Жағымды көңіл күй орнату

Екі көзің не үшін керек?

Бар жақсылықты көру үшін.

Екі құлақ не үшін керек?

Ақыл кеңесті тыңдау үшін.

Екі қол не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Екі аяқ не үшін керек?

Шетте жүрсең туған жерге жету үшін.

-Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай?

-Ендеше бүгінгі сабағымызды да осындай көтеріңкі көңіл күйде өткізейік.

3/Топқа бөліну.

Оқушыларды тыныс белгісі арқылы «ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ» , «СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ» және «ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ» атты үш топқа бөлу.

/Оқушылар тыныс белгілерін таңдап, үш топқа бөлініп отырады/


ІІ. Өткенді пысықтау. «Мен саған, сен маған»ойынын ойнау арқылы.

- Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?
- Ия, Сөйлем және олардың түрлерімен.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз адамның аяқталған ойы.
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Сөйлемнің үш түрі бар.
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлемнен кейін (?) белгісі қойылады.
Мысалы: Сен қай сыныпта оқисың?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз бірдеңенің жайын хабарлап тұрады. Хабарлы сөйлемнен кейін (.) қойылады.
Мысалы: Менің апам ауылдан келді.
Лепті сөйлем дегеніміз не?
Лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем.Лепті сөйлемнен кейін (! ) белгісі қойылады.



ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

- Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге 4- жаттығу берілді.
Қане, оқып шығайықшы

1-топ.Өлеңді оқиды

2-топ.Не істейді? Сұрағына жауап беретін сөздерді оқиды.

3-топ.Өлеңді жалғастырып оқиды.


Дәптермен жұмыс.

Желтоқсанның сегізі

Сынып жұмысы

Сс

Сөйлем.


ІV. Жаңа сабақ
Балалар біз жануарлар еліне саяхатқа шығамыз.Бірақ бізді қақпадан жануарлар ішке кіргізбейді. Ол үшін жануарлардың тапсырмасын орындауымыз керек.Дайынбыз ба?

Қоянның тапсырмасы.

1-жаттығу.

Ертегіні түсініп оқы.Сұраулы және лепті сөйлемдерді тауып, дәптеріңе көшіріп жаз.

1-топ.Ертегінің мазмұнын айтады.

2-топ.Адамды қиындықтан не құтқарады? Сұраққа жауап.

3-топ.Ақыл не үшін қажет?сұраққа жауап.

Аюдың тапсырмасы.

2-жаттығу.Жұптық жұмыс.

Адасқан тыныс белгілерін орнына қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.Сұраулы сөйлем қандай мақсатпен айтылады?


Әр топ өз тобына қатысты сөйлемдерді жазады,дәптерлерін алмасады,бір- бірін бағалайды.


Қасқырдың тапсырмасы.

3-жаттығу.

Сөйлемдерді оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.


Сергіту сәті.


Түлкінің тапсырмасы.

4-жаттығу.

Өлеңді жатқа жаз.

Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр.Қошақанның атынан балаға жауап жаз.Үш топтың жазған жауабы оқылып талқыланады.



V. Жаңа сабақты бекіту. 
Сәйкестендіру тесті: 

  Жауап алу мақсатында айтылады.
Алақай, Астанадан әкем келді!

Бірдеңе жайында хабарлау

Лепті сөйлем. мақсатында айтылады.


Қанат мектептен ерте келді.

Сұраулы сөйлем. Адамның көңіл күйін білдіреді.

Сенде қарындаш бар ма?

Айнұр ертегі оқыды.

Хабарлы сөйлем. Мектепке барасың ба?

Мереке құтты болсын!





VІ. Қорытындылау

1/Бес саусақ әдісі: «Бір минуттық эссе»- Мен бүгін не істедім? Не білдім? Сабақ туралы пікірім қандай?
2/Бағалау 
3/Үйге тапсырма. 94-бет. 5- жаттығу

 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
С?йлем т?рлерін пысы?тау.

Автор: Джунисбекова Роза ??рал?ызы

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288887


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства