kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йлемні? негізгі м?шесі "Баяндауыш"

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?н: ?аза? тілі

Та?ырыбы: Баяндауыш

Ма?саты: 1)О?ушыларды? ?ткен саба?та ал?ан ??ымдарын ке?ейту. С?йлемні? негізгі м?шесі баяндауыш туралы т?сінік бере отырып,с?йлем ішінен не істеді? Не?ылды? ?айтті?с?ра?тарына жауап беретін с?йлем м?шесіне с?ра? ?оя білуге, оны ажырату?а ?йрету.

2)Дамыта о?ыту?а негізделген шы?армашылы? ?иялын, с?здік ?орын молайтып, сын т?р?ысынан ойлау ?абілетін дамыту.

3)Жазу калиграфиясын са?тап, к?ркем жазу?а, еліні? арда?ты азаматы болу?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?ты ме?герту

?дісі: с?ра? – жауап, ??гімелесу, т?сіндіру, жатты?у

К?рнекілігі: ребус, с?зж?мба?, ереже.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йлемні? негізгі м?шесі "Баяндауыш"»

Пән: қазақ тілі

Тақырыбы: Баяндауыш

Мақсаты: 1)Оқушылардың өткен сабақта алған ұғымдарын кеңейту. Сөйлемнің негізгі мүшесі баяндауыш туралы түсінік бере отырып,сөйлем ішінен не істеді? Неғылды? Қайтті?сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесіне сұрақ қоя білуге, оны ажыратуға үйрету.

2)Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, сөздік қорын молайтып, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

3)Жазу калиграфиясын сақтап, көркем жазуға, елінің ардақты азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру, жаттығу

Көрнекілігі: ребус, сөзжұмбақ, ереже.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру

Кезеңі



Психологиялық

Дайындық








Үй жұмысын

Тексеру




Оқулықпен жұмыс












Ребус

«Баяндауыш»

Жаңа сабақ










Дәптермен

Жұмыс













Тақтамен

Жұмыс








Сергіту сәті






Сөзжұмбақ







Оқулықпен

Жұмыс






Дәптермен

Жұмыс






Тест жұмысы



Үйге тапсырма


Бекіту



Қорытынды








-Сәлеметсіздер ме балалар?

-Көңіл – күйлерің қалай?

Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, мына өлең жолдарын айтайық.

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

-Кім маған сурет бойынша құраған әңгімесін оқып береді екен?(4-5 баладан сұрап,қалғандарының дәптерлерін қарап,тексеріп шығамын)

-Өте жақсы,барлығымыз орындап келіппіз.

-Барлығымыз оқулықтың 82-бетін ашып, 35-жаттығуға қарайықшы.

Өлеңді түсініп оқы.

Маусымдар

Қыс құнар береді

Көктем дән себеді

Жаз баптап өсірсе

Күз жинап- тереді

3-4балаға оқытқызып,өлең жалпы не туралы, қарамен жазылған сөдерге сұрақ қойғызамын, ол сөздердің нені білдіретінін және қай сөйлем мүшесіне қатысты екенін сұраймын.

-өте жақсы.

-Балалар бәріміз тақтада не көріп тұрмыз?

-Онда осы ребустың жауабын маған кім айтады?

Ендеше бүгін біз сендермен баяндауыш тақырыбымен танысамыз.

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.Баяндауыш сөз таптарының ішінен етістіктің не істеді?неғылды?қайтті? деген сұрақтары қойылады.Мысалы: Жазира жүгірді. Жаңбыр жауды. Айгерім ойнады.

-Балалар бәріміз енді осы ережені ішімізден, шуламай оқимыз.

-Қане, кім маған осы ережені айтып береді?

-Барлығымыз дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, сынып жұмысын жазып қоямыз.

Енді 36-жаттығуға қарайық.

Өлеңді оқы,көшіріп жаз.

Тырс – тырс! Тырс – тырс!

Жаңбыр кеп жауды Жапырақ жылайды

Тамшылар тамады Жардан су құлайды

Осы өлеңді кім маған оқып береді?

Дәптерімізге көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сызыңдар.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояйықшы.Ол сөздер сөйлемнің қай мұшесі?Төмендегі үлгідегідей сызба арқылы бастауыш пен баяндауышты сызба арқылы көрсетіп қойыңдар.Кім тақтаға шығып, бір сөйлемді жазып,сызбамен көрсетеді?

Жазып болсақ, барлығымыз тақтаға қарайықшы.

Мұнда бізге сөздер берілген, сол сөздерге қатысты қимылын білдіретін сөздерді тауып, көп нүктенің орнына жазу керексіңдер.

Кім тақтаға шығып жазады?

Аңдар-түлейді, балалайды, жүгіреді, қоректенеді

Құстар-жұмыртқалайды, ұшады, жүзеді,жүреді

Оқушы-оқиды, отырады, жүреді, айтады

Су-ағады, төгіледі, қатады, жайылады.

-Балалар орнымыздан тұрып, бір сергіп алайықшы.

Орнымыздан тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп

Киіз үйді құрайық

Жақсы,орнымызға отырамыз.

Мұнда бізге суретте мал мен хайуанаттар берілген,біз олардың қалай дыбыстайтынын мынау торкөздерге орналастырып жазуымыз керек.

Ешкі-маңырайды

Мысық-мияулайды

Ит-үрді

Жақсы, сөзжұмбақты шештік.

Енді оқулықтағы 38-жаттығуға қарайық.

Мұнда бізгет өлең берілген, ол өлеңді кім маған мәнерлеп оқып береді?

Бұлт ыдырап тарады

Жел тез қуып барады

Көк түтінді қақ жарып

Күн күлімдеп қарады

Енді осы өлеңге қарап отырып,төменіндегі жаттығуды орындайық, мұнда көп нүктенің орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазу керек.

-Бұлт ... (тарады)

-Жел ... (барады)

-Күн ...(қарады)

-Өте жақсы.

Қазір сендерге 5сұрақтан тұратын тест жұмысын беремін, сендер оны мынау мен таратып берген қағазға белгілейсіңдер.

Әр қатарға екі баяндауыштан беремін, сендер соған үйден сөйлем құрап келіңдер.

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Баяндауыш дегеніміз не?

-Қандай сұрақтар қойылады?

-Нені үйрендік?

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
С?йлемні? негізгі м?шесі "Баяндауыш"

Автор: Ж?манова Кенжег?л ?айыржан?ызы

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298433


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства