2. Бұрыңғы өткен заманда бір адам білім алсам ба, әлде дүние жинасам ба? деп көп ойланады. Бірақ ешқандай шешімге келе алмайды. Содан бір ғұлама ғалымға келіп ойындағысын айтып көмек сұрайды.
- Білім артық па, әлде дүние байлық артық па?- деп сұрақ қояды.
Сонда ғұлама 9 түрлі тапсырма береді. Осы тапсырмаларды орындасаң өмірде не қажет екенін білетін боласын - дейді. Сол 9 түрлі жауапты қазір біз әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау арқылы білеміз. Мұнда бағалау әр оқушының жауап беруіне байланысты болады
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 52- жаттығу. Біріңғай мүшелерді тауып, тыныс белгісін қою
Әр қатар өткен тапсырма бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
1 - жауабы «Білім артық себебі білім - ғаламдардан қалған мирас.»
2. «Білімпаз»
Мына кестені пайдалана отырып, сөйлемнің бірыңғай мүшесіне байланысты не айтуға болады. Тауып, дәлелдеу керек
Мұны тапсаңдар екінші жауабын білетін боламыз.
Сөйлемнің бірыңғай мүшесі
Өзендер, көлдер-жердің берекесі.
Кітаптар, дәптерлер, қаламсаптар-оқушы құралдары
Өзен, көлдер-жердің берекесі
Кітап, дәптер, қаламсаптар-оқушы құралдары
Өзен мен көл-жердің берекесі
Кітап пен дәптер және қаламсап-оқушы құралдары
Қорытынды: 1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысына қосымша жалғанған
2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің соңғы сөзіне қосымша жалғанған
3. Мен, пен, және деген жалғаулар жалғанады үтір қойылмайды.
2-жауабы: «Білім – сені асырайды, дүниені сен асырайсың»
3. «Ой ашар»
Дәптермен жұмыс.
Көркем етіп жаз.
Оқу түбі – тоқу. Еңбек түбі – рахат.
Интерактивті тақтада жазылып тұрған өлеңді, мәнерлеп оқып, талдау, бірыңғай мүшені тауып, ереже қорытып айту. ( Бірінші оқушы оқиды, екінші оқушы талдайды)
3- жауабы. «Білімің көп болса – досың көп болады, ал дүниең көп болса көре алмайтын қызғаншақ адам да көп болады»
4. «Кім алда?» (оқулықпен жұмыс) 56 – жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелерді тауып, дәлелдеу..