ІІ. Көркем жазу. Дыбыстық талдау. Жайлау, әңгіме сөздерін әдемі жазу, дыбыстық талдау жүргізу.
Электронды жұмыс дәптері. Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау, 3 деңгей 1 нұсқа.
ІІІ. Қайталау.
Электронды жұмыс дәптері. Тақырыбы: Сөйлем, 2 нұсқа, 1деңгей.
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдыр.
ІV.Жаңа сабақ.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Электронды жұмыс дәптері. Тақырыбы: Сөйлем , 2 нұсқа, 1деңгей.
Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске ұшырады?
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.
208-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау.
Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.
Мұғалім тапсырманы тексерді.
- Мұғалім не істеді?
- Мұғалім тексерді.
- Нені тексерді?
- Тапсырманы тексерді.
209-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Электронды жұмыс дәптері. Тақырыбы: Сөйлем 1 нұсқа,2деңгей.
Сергіту сәті.
211-жаттығу. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра.
-Қандай құстар қыстап қалады? Суреттерді көрсету арқылы қыстап қалатын құстарды атау. Оқушыларға құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелету.
Дәптермен жұмыс.
212-жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету.
Шөп өсті.( Не өсті? Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.)
Сабақты бекіту.
Әр оқушыға парақшаға жазылған сөйлемдер беру , сйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету .