Просмотр содержимого документа
«С?йлем. Білімді тияна?тау.»
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаттары:
1.Сөйлем, сөйлем түрлерін, сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы алған білімдерін жалпылау;
2.Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау, талдау, алған білімдерін пайдалана білуін, тілдерін дамыту, өзіндік пікір айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
3.Білімділікке, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, еңбек сүйгіштікке, туған елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл?
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі- өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?
-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
-Қазақстан Республикасының Президенті кім? СЛАЙД
Біздің Президентіміздің «Қазақстан-2030 жыл» стратегия бағдарламасында былай деп жазылған: «Қазақстанның болашағы-білімді ұрпақтың қолында. Балалар, Қазақстан сендердің қолдарында, жан жақты білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсете біліңдер. Отанды қорғауға дайын болыңдар!».
-Дайынбыз ба?
Бүгін қазақ тілі сабағында алған білімдерімізді көрсетейік.
Сабақтың ұраны:
«Тек қана алға!» .
Өткен сабақты пысықтау.
Сабақтың тақырыбын жұмбақты шешіп білеміз
Өзім сөзден тұрамын. Біткен ойды құрамын. Сөйлем
Қоя салсаң бір тары, Жаңалықты жеткіземін. Хабарлы сөйлем.
Ойды аяқтап орақ тұрады, Жауап сөз қалап тұрады. Сұраулы сөйлем
Сөйлем дегеніміз не? (сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек бөлек жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.)
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болады.
Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз)
Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.)
Лепті сөйлем дегеніміз не? Адамның көңіл күйін сезімін, білдіреді. Олар көтеріңкі көңіл күймен айтылады.
Ауызша жұмыс: 60 бет, 8-жаттығу. (тәрбиелік мәнін айта кету)
Дәптермен жұмыс: 60 бет, 9-жаттығу.
-Бұл кім?
-Мен сізге жеделхат әкеп тұрмын.
Үлкен рақмет!
Сергіту сәті Мынау менің - жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым - ақылды, Бәрін осы - басқарған. Мынау менің - оң қолым, Мынау менің - сол қолым. Барлық істі атқарған
ОЙЫН: «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне орналастыру керек.
Тақтамен жұмыс: 60 бет, 10-жаттығу.
Арыстанның төлі не?
Ауа қандай таза!
Балалар қардан аққала жасады.
Әлия кітапханаға барды ма?
Шығармашылық жұмыс:
Жұмбақ: Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман» ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)- күз ерекшеліктерін сұрау.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)-қыс ерекшеліктерін сұрау.
Топпен жұмыс: СУРЕТ БОЙЫНША сөйлемдер құру.СЛАЙД
Жұмбақ:
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)
Үстіне ақ қамзолын киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып. (сауысқан)
Итпен бірге таласып,
Табаққа қонып қоймайды.
Білесің кәне, айта ғой,
Танисың ба ......... (торғайды)
61 бет, 11-жаттығу. (сұрақтарға жауап беру)- тәрбиелік мәнін айта кету
«Қара жора» биі. Сергіту сәті.
61 бет, 13-жаттығу. КЕЛДІ, КӨКЕМ, ҚАЛАДАН, КЕШЕ.
ОЙЫН: Ой сергіту жаттығуы. «Сөзден сөз шығарып, ол сөздерден сөйлем құра»
Ақыл сөзінен бірнеше сөз шығару керек: ақ, ақы, қал, лақ.
Көрініс-АЙТЫС: Нүкен Ей, кішкентай ғана нүкте! Сенің осы керегің жоқ-ау түкке. Керек болсаң, айта қойшы, Сырыңды менен бүкпе. Нүкте. Мен сөйлемінің соңында тұрам. Сөйлемдердің жігін ажыратып, Кідіріс белгісі орнында тұрам. Тиянақты ойды біткенін білдірем. Сөйлем соңына таман, Даусыңды бәсеңдетіп үлгерем Мен емеспе бөліп ой арасын? Сұраған. Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың, Осы саған не керек?
Сұрақ белгісі Киноға барасың ба? Газет аласың ба? Деген секілді сөйлемдерді Кейде оқушы сен секілді Тыныс белгі қоймай кетеді, Өзің айтшы білсең, Осылардың соңында, Қандай белгі келеді? Ілебай Осы сен неге айғайлай бересің! Сөйлемде қандай мағына бересің? Жөн-жосығынды түсіндірші, Жазуға қандай жерге келесің! Леп белгісі. Мен ылғи айғайлай бермеймін, Қуана да, күледе білемін. Кейде өкініп, ренжісем де, Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.
Аймақ құру: «Сөйлем»
ТЕСТ жұмысы:
Сабақты қорыту кезеңі. Қазақстанның гүлденуіне ат салысамыз.
Балалардың білімі, қатысуы сарапталады.
«Атамекен» әнімен қазақ тілі сабағы аяқталады.
Үйге тапсырма беру кезеңі.
61 бет 12-жаттығу
«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Алтынсарин орта мектебі» ММ