Бiлiм берушiлiк мақсаты: 1) Сөйлем және сөз туралы мағлұмат беру. 2) Сөз тіркесін қолдана отырып сөйлем құрауға үйрету. 3) Сөйлем және түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: 1) Өз ойын ауызша, жазбаша баяндап бере білуге үйрету. 2) Оқушының ойлау қабілетін дамыту. 3) Дүние танымын кеңейту. 4) Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: 1) Оқушының мінез - қылық мәдениетін калыптастыру. 2) Өнер туындыларың түсiнiп сүйе білуге баулу. Сабақ түрі: қайталау сабақ. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, тест, сөзжұмбақ, көрнектiлiк. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
1 деген баға жаман баға, алады оны жаман бала,
2 деген нашар баға, інішегім нашарлама,
3 деген баға орта баға, сапасы да орта ғана,
4 деген баға жақсы баға, алады оны жақсы бала,
5 деген баға үздік баға, оқимыз тек үздік қана. 2. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыздар?
- Балалар бүгiнгi сабақтың мақсаты сөйлем туралы мағлұмат аламыз, сөз тіркесін қолдана отырып сөйлем құруды үйренеміз. Сөйлем және оның түрлерiмен танысамыз. Балаларға моншақ тастарын көрсете отырып сұрақтар қою. Мұғалім: Балалар, дыбыстағы моншақ тастар әдемі, әшейкелі болу үшiн не iстеуiмiз керек? (Балалардың пiкiрiн бiлу, сөйлету)
Балалар: Ыдыстағы тастар әдемі болу үшiн тастарды жiпке тiзiп жинауымыз керек. Мұғалім: Тастарды тiзбектеп жiпке тiздiк. Нені байқадыңдар? Балалар: Әдемі моншақ шықты Мұғалім: Ендi бiрнеше сөз алайық, әрбiр сөздi моншақтың жеке тасы деп ойлайық 1) Сөздер алу. Демалды, жок, ауамен, адам, ауасыз, өмір, таза, ауа, керек, болу. Ендi сөздердi оқиык, Балалар , түсiндiңдер ме? Не туралы айтылған? (Балалардың жауабы) 2) Ендi келесi сөз тiзбегiне келейік. Сөз тiзбегiн оқиық. Адам ауамен демалады. Ауасыз өмір жоқ, Ауа таза болу керек.
Түсiндiңдер ме? Не туралы айтылған? Бiрнеше мысалды жекелеген сөздер тұтac ойды бiлдiре алмайды, олар моншақтың жеке тасы сияқты. Екiншi мысалдағы сөздер бiр-бiрiмен тiркесiп байланысқан сөз тiзбегiн құрып бiр ойды бiлдiрiп тұр. Бұл тiзбектелген әшекейлі моншақ сияқты. Ендеше аяқталған ойды бiлдiретiн сөздi сөйлем дейміз.
Сөйлемнiң соңында аяқталған ойды бiлдiретiн белгi болуы керек. Ол қандай белгi деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы) Нүкте. Нүктенiң белгісiн көрсету. Адам ауамен демалады. Ауасыз өмір жоқ. Ауа таза болу керек. Осы мысалда неше сөйлем бар? Әр сөйлем неше сөзден кұралған?
(Балаларды сөйлету) Ендеше сөйлем бiр сөзден құралған сөйлем, екі сөзден құралған сөйлем, үш сөзден құралған сөйлем, бес сөзден құралған сөйлем болып келедi. Суретпен жұмыс. Балалар, мына сурет қандай әдемі салынған!
- Ендi, балалар, мынандай тапсырма Плакатта жазылған сөйлемнің тыныс белгiлерiн қою және оны дәптерге жазу.
1-жаттығуды ауызша орындау.
Дәптермен жұмыс.
2-жаттығуды жазбаша орындау.
3-жаттығуды орындау.
МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН.
(Балалардың жауаптарын тыңдау)
Сергіту кезеңі.
Ішік, пима, қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз, алақай.
Карточкамен жұмыс. Тапсырманы оқушылардың алдына жеке-жеке тарату. 1) Көп нүктенің орнына тиiстi әріпті жаз. С ... рет, бар ... к, ша ... а, қ... с. 2) Сөздерді буынға бөл: Аққу, ата, ыдыс, қалам. 3)Буындардан сөз құpaстыр: ө(piк), е(геу), ба(қа). 4 Оқуға болмайтын әріпті тап. Астын сыз. А, ө, в, д, е, h, ь, ц, щ, э, ъ. 5) Сөздегі дауыстыны (-) бiр сызықпен, дауыссыздарды (=) екі сызықпеп сыз. Дәрігер, Бұзау 6)Бiр буынды тап. Белгi (х) қой. Орман, ара, ұя, құс, қой, хат, кiлт. 7) Жуан айтылатын сөздердi тап. Өркеш, қарағай, жиде, қайық, бәтеңке. 8) Әр жолдағы сөздерден сөйлем құрап жаз. Биiк, тоғайда, өседi, ағаштар, ұя, балалар, жасады, кұстарға, кілем, әдемі, еденге, төселген.
9) Көп нүктенің орнына я, ю әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.