Сабақтың әдісі: ақпараттық технология, түсіндірмелі – иллюстративті көрнекілік әдісі
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарларын аудару.
- Балалар, сыныпта қандай өзгеріс көріп тұрсыңдар? Дұрыс, қонақтар отыр. Ендеше сабағымыз да ерекше өтпекші. Кәне, барлығымыз бір-бірімізге жақсы лебімізді білдірейік. Қонақтармен амандасып алайық.
Психологиялық дайындық (№3)
Білер қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Иіліп сәлем береміз!
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. (№4)
Енді біз өткен сабақты қайталап жіберейік.
«Кубизм» стратегеясы арқылы өткен сабақты пысықтау. (№5)
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін атауы не деп аталады?
Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?
Абзац дегеніміз не?
Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін қалай аталады?
Тамаша, балалар. Міне, біз өткен сабақты қайталадық.
ІІІ. Жаңа сабақ. (№6)
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
( Оқушылардың жауабы)
Жаңа сабақтың тақырыбың ашу үшін мемлекетіміздің тарихына шолу жасап
жіберейік. Ол үшін мына сұрақтардың дұрыс жауабын тауып алуымыз керек
ҚР тарихына шолу. ( №7-13)
ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін алды?
ҚР Президенті кім?
Мемлекетіміздің бас қаласы?
4 маусым 1992 жылы қандай заң қабылданды?
2011 жылы мемлекетімізде қандай елеулі оқиға болды?
1-желтоқсан қандай күн деп жарияланды?
16-желтоқсан
1991 жылы
Рәміздер туралы Заң
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Сонымен, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз - сөйлем. Мақсатымыз: сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік алу; (№14-15)
Дәптермен жұмыс. (№16)
Қарашаның жиырма тоғызы
Сынып жұмысы
Сөйлем
Көркем жазу. Сс Сс Сс ( Оқушыны тақтаға шығару(№17)
Тақтамен жұмыс. Енді тақтаға назар аударайық. Сөйлемді мұқият оқып, өзгешелігін табайық. (№18)
Салыстыру.
Кітап, Кітапты күтіп ұста.
жаңбыр , Далада суық жаңбыр жауып тұр
дала.
Олардың қандай айырмашылығы бар?
Сөйлемдерді көшіріп жазу.
«Миға шабуыл» стратегиясы. (№19-20)
Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғанын оқып көр.
мендосымныңүйінекеттімбірсағаттанкейінкелемін
Мына сөйлем дұрыс жазылған ба? Қандай қателерін көріп отырсыңдар?
Ережемен жұмыс. (№21-25)
Сөйлем сөздерден құралады.
Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлем соңынан тыныс белгісі қойылады. ( ? ! . )
Сергіту сәті (№26)
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Оқулықпен жұмыс. (№27)
3- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
« Сүйікті пән» өлеңін кім жазды?
Қадыр Мырза Әли туралы мағлұмат беру. ((№28) слайд)
Қадір Мырза Әли 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының
Жымпиты кентінде туған. 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби – сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары бар. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Қадыр Мырза Әли 2011 жылы қаңтардың 22-і күні дүниеден өтті.
Ал енді осы өлеңді мәнерлеп оқиық.
« Сүйікті пән»
Түртіп қалдым Майқанды,
Майқан маған қарайды.
-Әй, сен осы қай пәнді
Сүйесің?- деп сұрадым.
-Білгендерге пән – мәннің
Барлығы да тәуір- ау!-
Деді Майқан.- Ал менің
Сүйер «пәнім» - қоңырау!
Топпен жұмыс. (№29)
І – топ – Нүктесі бар сөйлемді тауып оқиды.
ІІ– топ - Леп белгісі бар сөйлемді тауып оқиды.
ІІІ – топ – Сұрақ белгісі бар сөйлемді оқиды.
Ой шақыру. (№30)
Ал сендердің сүйікті пәндерің қандай? Неліктен ол пән сендерге ерекше ұнайды?
( 1-2 оқушы жауап береді)
Шығармашылық диктант ( Дәптермен жұмыс) (№31-32)
5-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
І – топ : Адамға, пайда, құстар, келтіреді, көп. Құстар адамға көп пайда келтіреді.
ІІ – топ: Үйлер, көрінді, биік, алыстан. Алыстан биік үйлер көрінді.
ІІІ – топ: Бар, кітаптар, қызық, кітапханада. Кітапханада қызық кітаптар бар.
Сергіту сәті (№33 ? )
Мен күштімін!
Мен мықтымын!
Мен ақылдымын!
Мен бақыттымын!
Семантикалық карта ( жұптық жұмыс) (№34-
Сабақты қорытындылау. (№37)
Бүгінгі сабақта не өттік?
Сонымен, сөйлем дегеніміз не?
Фишбоун (Балық қанқасы) толтыру арқылы қорытындылау. (№38)