Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық: (4модуль) Шаттық шеңберін құрып: Біздер тату баламыз, Өсіп,алға барамыз. Жақсы оқып сабақты, Білімді шәкірт боламыз-деген шумақты хормен айтып, бір-біріне сәттілік тілейді. Топқа бөліну ( түсті қағаз қиындылары арқылы) Сабақтың мақсатын хабарлау Үй тапсырмасын тексеру, өткенді жан-жақты қайталау 77-жаттығуда берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою. Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз? Тұрлаулы мүшелер не құрай алмайды? Неліктен? Жаңа сабақ. а) қызығушылықтарын ояту: ертегі тыңдағыларың келе ме? Бүгін біз тағы да Қазақ тілі атты ғажап елге саяхаттаймыз. Жай сөйлем деген кішкентай ауылында Жалаң деген сөйлемнің екі ақылды ұлы болыпты, біреуі - бастауыш, ал екіншісі - баяндауыш. Бастауыш үлкен ұлы болғандықтан ылғи алдында, басында жүреді екен. Жайылма сөйлем деген қария Жалаң сөйлемнің ұлдарын қатты құрметтеп, ауылдағы алатын орындары үшін тұрлаусыз атты мүшелерді жандарына серік етіп жібереді. Солай екі қария бір-бірімен ұрыспай тату-тәтті өмір сүреді. ә) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.Негеш пен Білгішбектің арасындағы диалогты оқу, түсіну, есте сақтау. 79-жаттығу. Сөздерден сөйлем құрау. Жалаң, жайылма сөйлемдердің пойыз вагондарына сәйкестендіріп орналастыру. 80-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу, жай сөйлемнің түрін анықтау. 81-жаттығуда берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып көшіріп жазу. Сурет бойынша екі жалаң, үш жайылма сөйлемді ауызша құрастыру: «Сөйлем »ағашын салу (жапырақтарға сөйлем түрлерін, ережесін, сұрақтарын жазып, жапсыру).(1модуль) 2) Жалаң және жайылма сөйлемдерді салыстыру- Венн диаграммасына салу.(1модуль) 3). Интербелсенді тақтада жұмыс(3модуль):семантикалық карта- сәйкестендір: Асан оқыды. Асан кітап оқыды. Қар қалың жауды. Қар жауды | Жалаң сөйлем | Жайылма сөйлем | 4). Сергіту сәті . (4модуль ) 5). Шығармашылық тапсырма: -Тақтадағы сызба бойынша сөйлемдер құрап жазу,топтық жұмыс - Қар кесектеріндегі сөздерден сөйлем құрау; - кіші пікірталас(5модуль) -Шығармашылық диктант(5модуль) «сөзді тап»ойыны арқылы Қорытынды шығаруға жетелеу. «Сөйлем »ағашының жемістері (жеміске жалаң және жайылма сөйлемдерге мысалдар келтіріп, жазып, жапсыру) Оқушыларға баға қою-топ басшыларының бағасы, мұғалімнің бағасы. «Бағдаршам» арқылы қорытындылау. |