Просмотр содержимого документа
«С?йлем. ?арыш?а ?шу »
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Ғарышқа ұшу
Сабақтың мақсаты: а) Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы түсінік бере отырып, «Ғарышқа ұшу» өлеңімен таныстыру ә)Сөйлеу тілдерін,ой-өрісін дамыту. б) Сауатты жазуға, бірін-бірін тыңдауға , сыйлауға, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Т.Әубәкіров суреті,өмірбаяны
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі:
-Балалар, қазақтың тұғыш ғарышкері кім? Ол туралы не білеміз? -Т.Әубәкіров
V. Жаңа сабақ: Тұңғыш ғарышкер туралы, оның өмірбаяны туралы мағлұмат беру.«Ғарышқа ұшу» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беру .
1946 жылы маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ.Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан «Союз ТМ — 12» ғарыш кемесімен ұшып, «Мир» орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми өзерттеу жұмыстарын жүргізіді.1992 жылы сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі.Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры,
Талғат Мұсабаев 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Юрий Гагарин Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаев
VI.Жаңа материалды пысықтау: Алғаш ғарышқа ұшқан кім?
Қай жылы ұшты?
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
158-жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазу.
Байқоңыр
Ғарышкерлер мекені –
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
Е.Ерботин
VII.Бекіту кезеңі:
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
-Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау : 159- жаттығу. «Кім болам?» тақырыбына әңгіме жазу.