Просмотр содержимого документа
«Сіз деген-?деп, біз деген-к?мек»
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы
Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі
Cіз деген—әдеп, біз деген—көмек
(Өзін –өзі тану сабағы)
Өткізген: Г. Шарипова бастауыш сынып мұғалімі.
03.12.2015жыл
Күні: 03.12.2015жыл
Пәні: Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Сіз деген — әдеп, біз деген—көмек
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық »құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:- өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру
-бірлесіп еңбек етуге қызығушылығын арттыру
-өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Оқулық, дәптер, түрлі түсті қағаздан қиып жасалған үйдің макеті.
Шаттық шеңбері: балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім бүгін ерекше сәлемдесетіндіктері туралы айтады:
Балалар, « Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені» дегендей, қане балалар, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық. Бәрі осылайша амандасады.
Әдеп
Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен
Сыпайылық белгісі-
Үлкендерге «Сіз» деген
(видео көру)
Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген « Балалалы үй базар» жатқа және «Сүйіспеншілік» әңгімелейді «Көмек» мәнерлеп оқиды.
Қызығушылықты ояту: Биопоэма стратегиясын қолдану
Атыңыз:
.2-3 сын есім.
3. Неге ұқсайсыз:
Топтастыру стратегия
Сыйластық
Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай-ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз» деп сөйлесуі игі әдетке айналған. Бұл сыпайлықтың, адамға деген сыйластықты құрметті білдіреді. Ал біз деген ұғым көпшілікті білдіреді. «жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі ғана адами қасиеттерін көрсете алмайды. Оның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.
Мағнаны тану: Өзара оқыту стратегиясы
Оқушылар Е. Өтетілеуовтың «Бірлік » мәтінін іштей және топқа бөліп оқиды. Бірінші топ оқыса, екінші топ түсіндіреді. Екінші топ оқығанда, бірінші топ түсіндіреді.
Авторға сұрақ. Бір оқушы автор орындығына отырады. Оқушылар сұрақ қояды, ол жауап береді.
Рөлге бөліп оқу: Сахналау
А.Естенов. Бес нәрсеге асық бол!
Ортаға Мұғалім, қанағат, Рақым, Терең ой, талап, Еңбек шығып өлеңді мәнерлеп оқиды.
?
Жағдаяттарды топпен шешу:
1-жағдаят.
Ұланға әке –шешесі жұмысқа кетерде:
-Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел,-деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды
Ұлан әке-шешесінің тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды?
Сендер Ұланға қандай кеңес берер едіңдер?
2-жағдаят. Жаңыл інісінің Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар:
Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші,-деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып қалып, Ернарға әлдедені түсіндіре бастады.
Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?
Ернардың орынында болсаңдар не істер едіңдер?
Дәйек сөз:Мұғалім тақтаға «Көп жүрген жер-көңілді,
Көп еңбегі-өнімді»-деп жазып қойылған дәйексөздің мағынасын ашады.
Бір адам жалғыздан-жалғыз көп жұмысты істей алмайды, жасаса да әрі қызықсыз, әрі күші таусылып барып ұзақ уақытта аяқталуы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты, әрі тез тиянақты бітеді.
(Оқушылар дәйек сөзді дәптерлеріне жазып алады).
Ойтолғаныс: Балалар , бізге досымыз Алпамыс келегелі жатыр. Алпамысқа демалатн үй керек. Ендеше бәріміз бірігіп оған әдемі үй салып берейік. Балалар үстел үстінде қағаздан жасалған үйдің іргетасын, керегелерін, шатырын, есік-терезелерін алып, оның артқы бетінде сыластық сөздерін жазып үй тұрғызады.
Мұғалім:Адамдар арасында ізгілік, сыйластық қарым-қатынастарынан әдептілік туады.
Әдепті адам биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті болады.