Просмотр содержимого документа
«Симметрия - таби?ат сыйы »
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Такирова Рыскүл
Сабақтың тақырыбы: Симметрия табиғат сыйы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға жаңа сабақты меңгерту. Симметрия туралы мағлұмат беру
Дамытушылығы: оқушылардың ой-қиялын дамыту, дүниетанымын, байқағыштығын, шығармашылық қабілеттерін, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасау, икемділіктерін, қол ептілігін дамыту
Тәрбиелігі: еңбек мәдениетін сақтауға, іскерлікке, талғампаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу
Типі: жаңа білімді меңгерту
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Симметриялы пішіндер, слайд
Қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаз, қайшы, қалам, желім.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану, математика
Қағаздың шығу тарихынан мәлімет. Қағаздан бұйым жасаудың реті. Оқушылардың қағаз туралы мәліметтерін сұрау, жасаған бұйымдарын тексеріп, қосымша сұрақтар арқылы бағалап бару. Әр түрлі қағаздан (түсі, қалыңдығы, қолданылуы бойынша) коллекцияны тексеру. Қағазды белгілеу түрлерін сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Қазіргі қағаздар екінші ғасырда қайда пайда болды? (Қытай)
Қағазды қайда өндіреді? (Зауыт)
Қазіргі кезде қағазды неден жасайды? (Ағаштан)
Адамдар қағаз пайда болғанға дейін не нәрсеге жазды? (Тас)
Қағаздан не жасап шығарды? (газет)
қ
ы
т
а
й
з
а
у
ы
т
а
ғ
а
ш
т
а
с
г
а
з
е
т
Қағаз сөзі жазылады.
Симметриялы пішіндер табиғатта көп кездеседі.
ІҮ. Жаңа сабақ
Симметрия- табиғат сыйы.
Ағаштың жапырағын қолыңа алған кезде оның, оң жағы мен сол жағы ұқсас екеніне көңіл аудардың ба? Егер жапырақты қақ ортасынан бүктесең, оның оң жағы мен сол жағы тура беттеседі.
Көктемде, жазда шөптер мен ағаштарға қонған көптеген жәндіктерді байқаған боларсың. Түрлі қоңыздарға көбелектер мен шегірткелерге зер салып қара. Сонда сен олардың да оң және сол жақтарының бірдей екенін байқайсың, осы құбылысты симметрия деп атайды. Симметрияның көптеген мысалдарын тұрмыстық заттардан көруге болады. Мысалы: тұрмыстық заттар. (май шам, алма, қолшатыр, ою, құмыра)
Адамның дене бітімі мен бет пішіні де симметриялы болып келген. Ойлап қарасақ, біз симметрия әлемінде өмір сүреміз.
Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің ретімен, жаңа сабақтың тақырыбын жазамыз.
Мағынаны тану
Ү. Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
ҮІ. Сарамандық жұмыс
Оқушыларды топқа бөліп тапсырма беру.
Симметриялы пішіндер
1-топ: көбелек пішіні
2-топ: жапырақ пішіні
3-топ: ою пішіні
Оқушыларды аралап, кеткен кемшіліктерін түзету. Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіру.
ҮІІ. Қорытындылау
-Біз бүгін сабақта не үйрендік? Әр оқушы өз ойын айтады.
-Симметрия дегеніміз не?
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма: Табиғаттағы жанды және жансыз симметриялы денелерді жасау.