(Ұ) Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынын өткізу. Мақсаты: өз ойын, көзқарасын өзгелермен бөлісуге, шығарашылыққа баулу. 1 - топқа тапсырма: Берліген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу.Салған жеке-жеке суреттерін бір эпизод қылып қорғау.
2 - топқа тапсырма: Берліген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу.Салған жеке-жеке суреттерін бір эпизод қылып қорғау.
3 - топқа тапсырма:Берілген бір параққа ең қымбатты сыйды кімге арнайды, соны суреттеу.Салған суреттерінен ортақ кейіпкерді таңдау. 4 - топқа тапсырма:Берілген бір параққа ең қымбатты сыйды кімге арнайды, соны суреттеу.Салған суреттерінен ортақ кейіпкерді таңдау.
/Оқушылар өз тапсырмасын қорғап болған соң, ең қымбат сыйлық иесі және сыйлықты сыйлау эпизоды анықталады/. (Ө)Бейнежазба. Сиқырлы қорап жасаймын. Мақсаты: сыйлық салуға арналған қорап жасап үйрену, бейнежазба бойынша өз ойын ортаға салу. Оқушылар бейнежазбаны көре отырып қорап жасайды, сәндейді.
(Ж) «Шебер қолдар» Мақсаты: оқушы өзі жасаған қорапты күделікті өмірде қалай не үшін қолдануға болатынын айту, өз еңбегінің жемісін қорғай білуге, қажеттілігін дәлелдей білуге дағдыландыру. Оқушылар жұп бойынша бір-бірінің сыйлығын қалай және қандай мақсатта жасағандығын және оның өмірде қажеттілігі мен қорапты сәндеу жолдарын айтып бөліседі.
Оқушылар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды. (Ө, Қ)Диаграмма құру. Мақсаты: Бейнежазба бойынша өз ойын /ұнады немесе ұнамады/,/пайдалы немесе пайдасыз болды/, Себебі, …/ ортаға салу, нәтиже шығару. Оқушыларға 4 түсті жолақшалы стикерлер таратылып беріледі. Оқушылар өз ойын айта отырып, немесе өз қалауы бойынша стикерді тақтада сызылған сызбаға жапсырады. Жапсырылған стикерлерден диаграмма құрылып, бейнежазба бойынша жалпы нәтиже анықталады. |