білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама № 1 19.02.2016 ж
Құрастырған:
Ақтанова Айнұр Ахметқызы
Краснояр негізгі жалпы білім беретін мектебінің,
ІІ санатты бастауыш сыныпмұғалімі.
Рецензенттер:
С.Н.Қалиева -Краснояр негізгі жалпы білім беретін мектебі,
Оқу ісі жөніндегі орынбасары
Г.А. Гайсина- Краснояр негізгі жалпы білім беретін мектебі,
І санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Әліппеге қосымша «Сиқырлы әріптер» таңдау пәні ретінде алынып отыр. 1-сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдысының негізін қалау,әріп таныту,буындап,сөзді тұтас,мәнерлі оқуға үйрету,сауатты көркем жазу негіздерін қалыптастыру,сөйлеу тілін дамыту мақсатында құрылған.
Шығарылымға жауапты:
Ақжайық аудандық білім бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі Ә.Қ.Сапарғалиева
Пайдаланған әдебиеттер..............................-бет
Пікір
Ақтанова Айнур Ахметқызы бастауыш сынып мұғалімі болып, 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, сөздік қорларын дамыту» атты өзекті тақырып бойынша жұмыстануда. Әр адамның өзінің сүйікті ісі болғаны жөн: Айнұрдың дәл қазіргі уақыттағы басты міндеті –дені сау, көңіл-күйі жақсы және әр нәрсеге зер салып, көңіл қоя білетін қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Сыныбындағы әр оқушыны терең зерттеп, әр баланың қабілетін ашуда аянбай еңбек етеді. Әр сабағын жаңа әдіс – тәсілдермен өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра біледі. 2014 жылы «Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың оқыту технологиялары» тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» біліктілік арттыру және 2011 жылы АКТ бойынша курсынан өтті. Айнұр Ахметқызы мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, «Балалар көзайымы» номинациясын алды. Айнұр Ахметқызы өз пәнін теориялық және әдістемелік деңгейде терең меңгерген, ізденімпаз ұстаз.
«Сиқырлы әріптер» баланың түсінуіне жеңіл, бірге отырып қызыға орындайтын қажетті кітапша болып табылады. Бастауыш сыныптарға өткен материалдарды еске түсіріп, пысықтау мақсатында да мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
Айнұр Ахметқызының бастауыш сыныптарға арналған «Сиқырлы әріптер» атты авторлық бағдарламасын ұсынамыз.
Бастауыш сынып пәндері
бірлестігінің жетекшісі:Г.А.Гайсина
Түсінік хат
«Сиқырлы әріптер» жинағының мақсаты-1 сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдысының негізін қалау,әріп таныту,буындап,сөзді тұтас,мәнерлі оқуға үйрету,сауатты көркем жазу негіздерін қалыптастыру,сөйлеу тілін дамыту.Осы мақсат төмендегі міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
-мектеп жасына жеткен баланы оқу әрекетіне психологиялық-физиологиялық даярлау;
-дыбыстарды дұрыс дыбыстауға,оларды әріптермен таңбалау дағдыларын қалыптастыру;көркем жазуға үйрету.
-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;
Сабақтың тақырыбына сай өткізілетін әріптерді түсіндіру және жазуға үйрету кезеңдерінде пайдаланған тиімді.Сонымен қатар сергіту сәтінің сәтті ұйымдастырылуына да қолайлы.Оқушылардың серігуіне әсер етіп,өз бетімен жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Күтілетін нәтиже:
-оқушылардың еркін сөйлеуінің қалыптасуы;
-негізгі тілдік бірліктерді игеру;
-дауысты және дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырата білуі;
-жазуға дайындық әрекетін толық игеру, әріп элементтерін жаза білу;
№
Сабақтың тақырыбы
сағат саны
күні
Сөздік жұмыс
Пәнара
лық байланыс
Қосымша деректер
1.
Менің Қазақстаным
1
Отан
дүниетану
ҚР/ң рәміздері, карта
2.
Біздің үй,үй жиһаздары және ыдыстар
1
жиһаздар
Ыдыстар, суреттер, қазақ бұрышы
3.
Қоңыр күз
1
Ызғар, дымқыл
дүниетану
Күзгі аула
4.
Мамандық
тьң бәрі жақсы
1
Мамандық иелері
дүниетану
Көлік түрлері, түрлі мамандық иелері туралы суреттер
5.
Жеті қазынаның бірі
1
Жеті қазына, қыран бүркіт,берен мылтық
дүниетану
Суреттер
6.
Үй жануарлары
«Ақылды лақ»
1
Төлдер
дүниетану
Ғажайып қалта,су
ретті театр
7.
Жабайы аңдар
1
Жабайы, қонжық, бөлтірік, көжек
дүниетану
суреттер тобы
8.
Үй құстары
1
шөже, үрпек
дүниетану
Үнтаспа, суреттер
9.
Ойындар
1
дене ш
10.
Қыс қызығы «Көңілді қыс»
1
ызғар, күртік қар
дүниетану
Қыс көрінісі туралы суреттер,
11.
Сөздер мен дыбыстар
1
сөз, дыбыс, үн
ана тілі
текшелер
12.
Сөздерді буынға бөлу
1
буын
ана тілі
тірек схемалар
13.
Сөйлеммен таныссың ба?
1
ана тілі
үлестірмелі карточка
лар
14.
Әріптер әлемі, сыры
1
дыбыс, жуан, жіңішке
ана тілі
сюжетті суреттер
15.
А-Ә дыбыстары мен әріптері
1
Бар-бер, ал-әл
ана тілі
әліпби
16.
О-Ө дыбыстар мен әріптері
1
Тол-төл,
соқ-сөк,
қол-көл, тоқ-төк
ана тілі
әріпті өлеңдер
17.
Ы-І дыбыстарымен әріптері
1
тыс-тіс
ыс-іс
ана тілі
әліпби
18.
Диктант
1
19.
Ұ-Ү
дыбыстары мен әріптері
1
ұқ-үк
ұр-үр
ана тілі
әріпті жұмбақ өлеңдер
20.
Б,в,г,ғ,э,ф....
1
баскетбол, волейбол,
фабрика, элеватор
ана тілі
әріпті өлеңдер
21.
Ё,Ю,Я қосарлы дыбыстар
дың айтылуы мен жазылуы
1
тақия, юпитер,
монтер
ана тілі
22.
Ь және Ъ таңбалары
1
разъезд, коньки
ана тілі
әліпби
23.
Диктант
1
24.
Сөз және сөйлем құрайық
1
ана тілі
тірек схемалар
25.
Ғарышқа саяхат
1
ғарыш,ға
рышкер,
самғаған,
планета
дүниетану
Ғарыш
керлер портрет
тері, альбом
26.
Киімдер
1
ұлттық киім
дүниетану
ұлттық киімдер үлгісі
27.
Олақ қыз бен Ісмер қыз
1
олақ, ісмер
ана тілі
28.
Жұмбақтар
1
ана тілі
29.
Жаңылтатын жаңылтпаш
1
30.
Мақал-мәтелдер
1
дүниетану
31.
Өтірік өлеңдер
1
дүниетану
«Балдыр
ған» журналы
32.
Ертегілер елінде
1
дүниетану
мульт
фильмдер,суреттер
33.
Жадыраған жаз келді
1
маусым, шілде, тамыз
бейнелеу, музыка
суреттер
А а
Ата мен әже, ана да
Алма мен алмұрт тереді...
Ауылға Арман бала да
Арбамен тасып береді.
«Алма, Алма» дейсің,
Алма әкелсем, жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.
Күлкісімен әлдиледі,
Әсерлі де көрікті.
Алдар көсе сәбилерді,
Өте жақсы көріпті.
Бб
Киген ағай шәпкісін,
Қарны шығып, толғаны-ай.
Қыса ұстап пәпкісін,
«Б»-дан аумай қалғаны-ай!
Бақа, бақа бақылдадың,
Суға түсіп, қақылдадың.
Дірілдейсің, жаурадың ба?
Суда нең бар, ақымағым?
Болған сондай ауыр жағдай,
Батыста елді қорғады.
Бар баланың Бауыржандай,
Батыр болу – арманы
Г г
Гүлдерді жайпап өткендей,
Иіледі желменен.
«Г» әрпі қаптап кеткендей,
Гүлжазира бел деген.
Кімде болса ақыл-ес,
Оқыған соң ұғады:
Геракл мен Геркулес
Бір адам боп шығады.
Гүлдер,гүлдер, гүлдерім,
Қандай әсем түрлерің?
Ойы-қырым тұр тұнып,
Өсіңдерші құлпырып.
Мм
Көп жұмысты күнімен,
Келгендей-ақ қиратып.
Отыр мысық тілімен,
Үш тал мұртын ширатып.
Тоғысты да тура жол,
Екі дос қол алысты.
Төмен түскен екі қол,
«М»-ға ұқсап қалысты.
Мазаны алған масадай,
Мақталмай-ақ өтеді.
Бір жақсылық жасамай,
Мыстан кемпір кетеді.
К к
Бір аяғын алшақ қойып,
Қоштасып қол бұлғаған,
Келбетінен «К»-ні көріп,
Келдібекке таң қалғам.
Кітап – өмір айнасы,
Кітап тиер пайдасы.
Кітап- Өмір шырағы,
Тәлім беріп тұрады.
Көршілес тұрған Әлекей,
Күнде бір келіп, қайтады.
«Күн астындағы Күнікей»
Туралы ертек айтады.
Сс
Жүгеріні орады,
Жинап оны баулайды.
Атамның қол орағы,
«С» әрпінен аумайды.
Көрінбейді басы,
Көрінеді шашы.
Көріп қойса Қоян,
Тап береді оған.
(Сәбіз)
Сауысқан деген сақ болар,
Құйрық жүні ақ болар.
Жер бетіндегі жемтікке,
Жалғыз жүріп, тап болар
Шш
Құмырсқалар алқынды,
Үлкен іске талпынды.
«Е» әрпін құлатып,
«Ш» жасады ұнатып.
Еңбектерін арнаған,
Сүйген сондай Отанын.
Үлгі тұтып барша жан,
Ардақтайды Шоқанын.
Күміс қанат шағала,
Үшып жүрсің жағада.
Қармағын жоқ, ауың жоқ,
Шабақ алдың бағана
Мақтанайын ағама,
Берсейші ұстап маған да
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Әріптер мен сөздер әлемінде» бірінші кітап. «Шикула» ЖШС, 2004