Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін мына «Мейірім» ағашына сабаққа деген жылы лебіздеріңізді, қамқорлықтарыңды білдіріңдер. Ол үшін алдарыңдағы қағаздарыңа тілектеріңді жазып мейірім ағашына іле қойыңдар. (2- 3 оқушының тілегін оқыту )
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Алдарыңда білімдеріңді бағалау парағы жатыр . Әр тапсырма бойынша жұп болып, өз білімдеріңді бағалап отырасыңдар.
«Толықтыру тесті» (2 слайд)
1 - нұсқа
1.Зат есім дегеніміз -____________________
2.Зат есімнің сұрақтары _________________
3.Етістіктің сұрақтары ___________________
4.Сын есімді қойып жаз.
......... бала- арлы бала, .......... бала сорлы бала.
5.Етістікті тауып жаз.
Айдар, келді, биік,жиырма. ______________
2 - нұсқа
1.Етістік дегеніміз -____________________
2.Етістіктің түрлері
_____________________________
3.Сан есімнің сұрақтары
_____________________________
4.Сын есімді қойып жаз.
...... кісі бастар, ....... кісі қостар.
5.Сан есімді тауып жаз.
Қасым, ойнады , аласа, отыз. _______________
Оқушыларға тест тапсырмаларын өздеріне тексерту. (3- 4 слайд)
2)Суретпен жұмыс . ( 5 слайд)
Тақтаға сурет ілу ( оқушылар суретті сипаттап жазады)
Қыс келді.Күн суық. Қалың қар жауды. Айнала ақ көрпе жамылған .Ағаштар ақ қырауға малынып тұр. Далада қатты аяз.
Сипаттаған сөздеріңді тауып айтыңдаршы?
Бұл сөздер қай сөз табына жатады? Бұл сөздерге сұрақ қойыңдар.
Суық, қалың,ақ, қатты, ақ.
3)Шығармашылық жұмыс.Оқушылар сын есімге кластер құрастырады.
( 6 слайд) Балалар сын есім жайлы не білесіңдер соны алдарыңдағы қағазға топтастыра қойыңдар.
(Оқушыларға 1-2 сөзден айтады)
Дара күрделі
Сөз табы
негізгі қандай?
Туынды қай? Заттың сынын
сапасын түсін
5) 1- жаттығу (ауызша орындау) (7 слайд)
Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстырып оқы. (3 оқушы оқиды, талдайды)
Мәреге торы ат бірінші келді.
Менің анам ажарлы кісі болған. Есіктен ұзын кісі еңкейіп кіріп келе жатты.
Мәреге торы ала ат бірінші келді. Менің анам аса ажарлы кісі болған.
Есіктен ұзын бойлы кісі еңкейіп кіріп келе жатты.
Сын есім неше сөзден жасалған?
6) Дара және күрелі сын есім жайлы не айта аласыңдар. (8 слайд)
Сын есім дара және күрделі болады.
Дара сын есім бір сөзден жасалады: сары,биік.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады.
Сонымен балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?
(Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады?)
7) Кітаптан 1-2 оқушыға ережені оқыту , қорыту
6) Дәптермен жұмыс (9 слайд)
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Көркем жазу
Ққ Ққ
Қызыл көбелек ақ гүлге қонды.
7) Оқулықпен жұмыс (10 слайд)
2 -жаттығу. 131 – бет
Мәтінді көшіріп жазу. Сын есімнің астын ирек сызықпен сыз. Олардың қайсысы дара, күрделі екендігін айт. Қарағайлы, далалы сөздерін сөз құрамына талда.Қай сөз табынан жасалған сын есім ?
Наурызым қорығы қайда орналасқан? Қостанай облысында
-Қазақстанда неше қорық бар? (10 қорық, 8 ұлттық саябақ)
-Қорықтардың аттарын атап беріңдер? Қорғалжын –Ақмола облысында орналасқан, Ақсу –Жабағалы –Оңтүстік Қазақстан обл, Алакөл қорығы –Алматы обл. және Шығыс Қазақстан обл, Барсакелмес қорығы –Қызылорда обл, Қорғалжын –Ақмола обл,Марқакөл –Шығыс Қазақстан обл,Үстірт-Маңғыстау обл,Батыс Алтай-Шығыс Қазақстан обл, Қаратау қорығы –Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
ІІІ. Сергіту сәті (ақырын музыка ойналады) Құрманғазы күйі (11 слайд)
Балалар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Біз табиғатты тамашалап жүрміз. Жайқалған жасыл әлем. Таза ауамен терең тыныс алайық. Біздің көңіл-күйіміз көтерілді. Жүрегіміз қуанышқа, шаттыққа толды. Тамаша табиғатта серуендеп келеміз. Айнала жап-жасыл. Алдымыздан мөп-мөлдір, тап-таза бұлақ шықты. Бұлақтың суын ішеміз. Біздің ойымыз да, бойымыз да бұлақтай тазарып, денсаулығымыз жақсара түсті. Өзімізді жеңіл, сергек сезіндік. Сәл ғана жүріп, аққайыңның көлеңкесін саялап отырып демаламыз. Біздің жан дүниеміз тынышталды, рахатқа бөленді, көңіл-күйіміз көтерілді. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.
Сонымен балалар аздап табиғатта демалып, бойымызды сергітіп алдық,Енді сабағымызға кірісейік.
8) Қазір балалар, оқулықтағы 4 – жаттығу ( жазбаша) тақтада орындаймыз. Әр қатардан 1 оқушыдан шығады. 2 оқушы тақтаға шығады
(12 слайд)
Берілген сын есімдердің дарасын бір бөлек, күрделісін бір бөлек топтап жаздыру.
Екі дара, екі күрделі сын есімдерді қатыстырып,сөйлемдер құрастырып жаздыру.
Бір сөйлемді мүшесіне талдату.
Дара сын есімдер: ұзын, ақылды, ауыр, жұмсақ, биік, жарық, жайлы.
Күрделі сын есімдер: сары ала,қызыл қоңыр, қара көк, кішкене-кішкене, қызыл сары.
Ақылды, жайлы сын есімдерін сөз құрамына талда. ( 2 оқушы тақтада сөйлем құрап жазады, талдайды)
Сары ала қаздар көлге қонды.Қаздар қайтті? Баяндауыш. Нелер қонды? Қаздар –баяндауыш. Қандай қаздар? Сары ала- анықтауыш, неге қонды? көлге –толықтауыш.
9) Шығармашылық жұмыс (13 слайд)
Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сын есім құра.Әр қатардан 2 сөйлемнен құрап айт. (ауызша)