kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?сем к?белектер

Нажмите, чтобы узнать подробности

?Ашы? саба?

Та?ырыбы: ?сем к?белектер

Ма?саты: Балаларды? к?белектер туралы білімдерін жетілдіру,тілдерін дамыту,д?ст?рлі емес бояу ?дістерін ме?герту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?сем к?белектер»

Тақырыбы: «Әсем көбелектер»

Мақсаты: а)Балалардың табиғат әлеміне деген әдемілігіне қызығушылығын арттыру, көбелектер туралы білім беру. Түстерді дұрыс пайдалануға,бейнелеу құралдарының түрлерін пайдалана отырып сурет салуға үйрету;

ә) Балалардың жүйелі ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін, қиялын,шығармашылығын,ұсақ қол моторикасын дамыту;

б) Балаларды табиғатқа қамқор болуға және тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,ойын;

Көрнекілігі: Слайд (тақырыпқа байланысты суреттер),үлгі сурет;


Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;

б)Балаларды психологиялық сабаққа дайындау;


Шаттық шеңбері:

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Қайырлы таң, Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз, Сабақты біз бастаймыз!


II Кіріспе:


  • Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалар,көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • Қазір көктем мезгілің қай айы?

  • Көктем мезгілінде ағаштарда қандай өзгерістер болады?

  • Балалар мына суретте не бейнеленген?

  • Балалар көбелек қуып ойнап жүр.

  • Өте жақсы, балалар!


III. Жаңа сабақ:

Көбелектер дос болайық,
                                        Көңілдірек қанекей.
                                        Бақта бізде гүлдер бар,
                                        Қане, ұшамыз бәріміз.
                                     


  Егер жаңбыр жауа қалса,
                                        Тығыламыз бәріміз.

  • Балалар,мына өлең жолында не туралы айтылған?

  • Балалар,сендер көбелек туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

  • Балалар,көбелектер қайда мекендейді?

  • Балалар,сендер білесіңдер ме? Көбелек жылдың қай мезгілін жақсы көреді?



Дидактикалық ойын: « Көбелек қандай ауа- райын ұнатады?»

  • Көбелектің неше қанаты бар?

  • Көбелектің төрт қанаты бар,екеуі алдыңғы,екеуі артқы.

  • Көбелекті қолға ұстауға болады ма?

  • Болмайды.Себебі,көбелекті жауып тұрған ұнтақты қабатын тез зақымдап,әдемілігін бұзып,ұша алмайтын болады екен.

  • Көбелектің қандай пайдасы бар?

  • Көбелектер табиғатты әсемдейді,оның әдемі бояу түстері бізді қуантады.Көбелектерді әдемілік үшін ғана емес,көбелектің қуыршағынан,өте жіңішке жіптерінен жібек мата пайда болады,гүлдерді тозаңдандырады.

  • Көбелектің түсі қандай болады?

  • Балалар,бүгінгі сабақта көбелек бейнесін қылқалам бояуымен бояп үйренеміз! Балаларға жұмысты орындалу ретімен көрсете отырып таныстыру.


Сурет салу әдісі.

1. Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызу. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.
2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз. Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз. Алдымен сары, одан кейін қызыл түс, содан кейін көк түсті кезекпен тамызамыз. Әрбір бояу түсін пайдаланған соң, қылқаламның ұшын тазалап жуып отырамыз.
3. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен оң жақ қанатын беттестіреміз де оны қолымызбен үстінен сипаймыз. 1-5 дейін санаймыз.
4. Көбелектің қанатын ашамыз.Міне біздің көбелегіміз дайын.

  • Жарайсыңдар,балалар!











IV. Сергіту сәті:

«Көбелек» көз жаттығуы

Көбелекке ұқсап ал,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып, солға қарай бір ұшып

Шарлайықшы жер шарын

1,2,3 көбелекше ұш.

V. Бекіту:

Дидактикалық ойын: «Өз орнын тап»

Шарты: Берілген көбелектерді өз орнына қою.

VI.Бағалау:

Балаларды мадақтау сөздер арқылы,тапсырманы ұқыпты орындаған балаға көбелектер беру арқылы бағалау.

VII.Қорытынды:Тақырыпқа сай сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау. Дидактикалық ойын: « Машаға көбелек аулауға көмектес»

Шарты: Сұрақтарға дұрыс жауап-берген баланың көбелегі машаның корзинасына түседі.

  • Жарайсыңдар балалар!

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Көріскенде күн жақсы,

Сау-саламат болайық!


























Облыстық балалар оңалту орталығы







Ашық сабақ



Тақырыбы: «Әсем көбелектер»



Тәрбиеші: Қаниева Л





















Қызылорда










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?сем к?белектер

Автор: ?аниева Л?ззат Досай?ызы

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329726


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства