kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?арманы? мазм?ны бойынша с?ра?тар ?ою ж?не жауап беру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шы?арма мазм?нын т?сінеді.

Шы?арма мазм?ны бойынша м??алім к?мегімен ?арапайым ж?не на?тылау с?ра?тарын ??растырады.

С?ра?тарды? жауабын м?тіннен табады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?арманы? мазм?ны бойынша с?ра?тар ?ою ж?не жауап беру»

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу пәні


САБАҚ: 2.2 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қою жəне жауап беру

Мектеп: №7орта мектеп

Күні: 11.05.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Абукажанова

Жулдыз Женисовна

СЫНЫП: 2

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым жəне нақтылау сұрақтарын қою жəне оның жауабын мəтіннен таба білу

Ойлау деңгейлері

Блум таксономиясы:

Білу және түсіну;

Білімді қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Шығарма мазмұнын түсінеді.

  • Шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым жəне нақтылау сұрақтарын құрастырады.

  • Сұрақтардың жауабын мәтіннен табады.

Тілдік мақсат:



Пәндік лексика және терминдер:

Орман – лес - forest

Аң – зверь - beast

Ағаш – дерево - tree

Өрт – пожар - fire

Талқылауға арналған сұрақтар:

Орманның адам өміріне қандай пайдасы бар?

Орманның ең үлкен жауы не?

Орман өртінің себебі неде?

Бұған дейін меңгерген білім

2.2.1.2 Мəтінді іштей түсініп жəне қажетті ақпаратты тауып, таныса оқу

Жоспар:

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)



Ресурстар




Басы

Ширату жаттығу:

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Топпен жұмыс: Орман аңдарын ата. Пазл құрастыр

Интернеттен суреттер, пазл, жаттығулар

Ортасы

Аңдармен орманға саяхатқа шығамыз.

1 Жүнісбеков М. «Орман – халық байлығы»

Мәтінді оқып, түсіну.

Орманның адам өміріне қандай пайдасы бар?

Орманның ең үлкен жауы не?

Орман өртінің себебі неде?

Мәтіннен суреттерге сәйкес сөйлемдерді табу.

Дескриптор:

  • Мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқи алады

  • Сұрақтарға дұрыс, толық жауап бере алады

  • Мәтіннен суреттерге сәйкес сөйлемдерді таба алады


2 Топпен жұмыс. Топ мәтіннің мұғалім ұсынған бөлімін, оқып сұрақтар құрастыру. Сұрақтарды стикерге жазып, ағашка іледі, сыныптың оқушыларына үсынады. Оқушылар қалаған жапырақты алып, сұраққа жауап береді.


Дескриптор:

  • Топпен жұмыс жасай алады

  • Мәтінге сүйеніп сұрақ құрастыра алады

  • Сұраққа жауап бере алады










Интернеттен суреттер, мәтін, интерактивті тақта

















Интернеттен мәтін, ағаш макеті, стикер
















Соңы

Кері байланыс

«Орманда ағаш отырғызу» ойыны. Жұппен жұмыс

Ағаштарды бояу. Аңдарды орналастыру



Суретті тақтаға іліп, орман туралы сабақтан алғанын айтады


Интернеттен суреттер, интерактивті тақта



Қосымша мəліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

Тапсырманы толық орындамай отырған оқушыларға көңіл бөлу

Ағаштардың суретін беріп, оларды санау арқылы бағаланады

АКТ қолдану, орманда өздерін

дұрыс ұстау және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгерістер

енгіздім жəне

неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты орындалды.

Оқушылар шығарма мазмұнын түсінеді.

Шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым жəне нақтылау сұрақтарын құрастырады.

Сұрақтардың жауабын мәтіннен табады.

Жоспарлан материал толық қамтылды. Оқушылар сабақты түсінді. Тапсырмалар жас ерекшкліктерін ескере отырып құрдым. Уақытты тиімді пайдаландым.




















Қосымша 1


Жүнісбеков М. Орман – халық байлығы


Орман бар жерде сəн бар, салтанат пен серуен бар, тынығуға да қолайлы мүмкіндік мол. Орманның адамдарды таңқалдыратын ғажайып жұмбаққа толы сұлулығы өз алдына ұзақ əңгіме. Соңдықтан болар, бүгінде орман демалыс немесе мереке уақытын көңілді өткізуге ұмтылған сан мыңдаған адамдардың əртүрлі көліктермен барып, демалатын жері болып отыр. Орманның айдаладағы қоршаған ортаға да үлкен əсері бар десек, əсем тауларымыз бен ормандарымыз арнайы тынығу орнына айналған. Біздің орман-тоғайларымыз жанға дауа болумен бірге жеміс-жидек, дəрілік өсімдіктерге де бай. Қарақат пен бүлдірген, мойыл мен долана – орман сəні. Сонымен қатар орман оттегіні көп шығарады. Орман ішіндегі ауада қаладағы ауаға қарағанда əртүрлі микробтар аз. Орман шаң-тозаңды тазартады. Табиғат əлемі бір-бірімен тығыз байланыста. Олар бірінсіз-бірі тіршілік етіп, өмір суре алмайды. Осы байлықты ел пайдасына айнапдыру – біздің негізгі міндетіміз. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының саны мен көлемі артып, оларды бакылау ісі жақсартылу үстінде.

Əр нəрсенің жауы бар демекші, осы əсем дүниені түп орнымен құртып жіберетін орманның үлкен жауы өрт жиі болып тұратыны ащы шыңдық. Өрт қашан болсын қауіпті. Солардың ішінде орман өрті ең қатерлі апаттардың бірі. Оны ауыздықтау өте қиын, əсіресе құрғақ жаз маусымында болған өрттер орнында қап-қара алаңқайлар, кей кезде үлкен қара дала қалады. Оны сояу-сояу болып тұрған күйген ағаштар түбірлері мен бұтақтары өте ұсқынсыз етіп жібереді. Ағашпен бірге қаншама құнды өсімдіктер түбірімен жойылады, аңдар күйіп, қашып құтылғаны қайда барарларын білмей сасады. Өніп келе жатқан жас өскін күйіп кетеді, өнуі мүмкін түбіртектер мен орман ішіндегі өсімдіктер жойылады. Өрт орманды жалмап болып, төңіректегі далаларға, егістікке, ауылдарға қауіп төңдіреді. Əлемдік статистика өрттердің үш пайызы ғана найзағайдан немесе өзге табиғи себептерден болады, қалғандарына адамдардың өздері кінəлі болады дейді.. Бір сөзбен айтқанда ормандардағы өрттерді болдырмау үшін жəне оның ал- дын алуда орман алқабына барып демалушылар, экскурсияға келген оқушылар, əсіресе өрт қаупі күшті жаз, күз айларында мына төмендегі орманды күзететін мекемелерден рұқсат алып, оларға өздерінің қай жерде болатындықтары туралы ескертулері керек.

Өртенген ағаштарды қалпына келтіруге орта есеппен 50-60 жылдай уақыт керек. Бұл бір адамның ғұмыры, сондықтан жердің көркі, денсаулыққа шипа орман алқабын тілсіз жау зардабынан қорғап, келешек ұрпаққа табиғи қалпында жеткізіп, көздің қарашығындай сақтау əр адамның ел алдындағы қасиетті, бұлжымас парызы жəне бұл орманшылардың ғана емес, табиғат аясындағы əрбір перзенттің қасиетті борышы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Демалыс орындары мен орман аумақтарына барушы құрметті азаматтар, табиғатты қорғаңыздар жəне барлық жанды тіршілік иелеріне ұқыптылықпен қараңыздар. Себебі, табиғаттың байлығын қорғамасақ - ол экологиямыздың бұзылуына əкеліп соғады. Соның салдарынан жер азғындап, өрттің экологиялық зияны төңіректің бəрін шарпиды. Осыларды ескере отырып, қала, ауыл жұртшылығынан қоршаған ортаға деген қамқорлықты арттыруды сұраймыз. Өзіміз демалатын жеріміздің тазалығына көңіл бөліп, өрттің шығуына жол бермейік.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Шы?арманы? мазм?ны бойынша с?ра?тар ?ою ж?не жауап беру

Автор: Абукажанова Жулдыз Женисовна

Дата: 15.06.2016

Номер свидетельства: 334660


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства