kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?ыс септік 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Шы?ыс септік

Саба?ты?  ма?саты: Шы?ыс  септікті?  с?ра?тары  мен  жал?аулары мен  таныстыру

Білімділігі: жал?аулары  т?бір  с?зге  ?ндестік  за?ына  с?йкес   жал?анатын  а??арту  септей білу

Дамытушылы?ы: О?ушыларды? ой  шапша?ды?ын, ойын,  с?здік  ?орын дамыту. ?рт?рлі  ?діс-т?сілдерді   пайдалану  ар?ылы

Т?рбиелігі: Сауатты жазу?а   ж?не   септіктерді  д?рыс  білуге  т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?ыс септік 3 сынып »

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Қайнар ауылы

№32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебі

Жумаева Зина Толегеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 19 жыл

Санаты: I

Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік

Сабақтың мақсаты: Шығыс септіктің сұрақтары мен жалғаулары мен таныстыру

Білімділігі: жалғаулары түбір сөзге үндестік заңына сәйкес жалғанатын аңғарту септей білу

Дамытушылығы: Оқушылардың ой шапшаңдығын, ойын, сөздік қорын дамыту. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы

Тәрбиелігі: Сауатты жазуға және септіктерді дұрыс білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Көрнекілігі: Кесте,қима қағаздар,оқулық.

Әдіс-тәсілі: Ойын, ребус шешу,тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару

1.Балалар бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта біз өзіміздің білімді мәдениетті, үлгілі оқушылар екендігімізді көрсетіңдер. Бәріміз Елбасының жолдауына назар аударайық.

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»

2.Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді, ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім



Тілім менің тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін

Өшсе тілім менде бірге өсемін

3.Сонымен балалар кішкене «Ой қозғау» сәтін жасап жіберейік.

Сұрақ - жауап сәті.

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қандай тіл?(қазақ тілі)

2.Тіл туралы заң қашан қабылданады? (11.07.1997 ж)

3. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ата заңымыздың 7-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі деп жазылған.

Сондықтан , өз тілімізді құрметтеп дұрыс сөйлеп сауатты жаза білуіміз керек.

Осының бәрін үйрететін қай тіл екен?( қазақ тілі)

ІІ . Олай болса сауаттылығымызды тексеріп көрейік.

Үйге тапсырманы сұрау.

Жаттығуды оқушылардан сұрау, дәптерлерін тексеру.

Ережені сұрау. Қазақ тілінде қанша септік бар?

1.Зат есімнің септелуі деген не?

2.Жатыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Жатыс септік сөйлемде қандай мүше болады?

4.Жатыс септіктің жалғауларын ата?

Кім жылдам? ойыны

А.с бала Т.с баланы

І.с баланың Ж.с балада

Б.с балаға Ш.с баладан

К.с баламен

2. Оқушыны тақтаға шығарып, сөзді септеу

1.Оқушы сөйлем мүшесіне талдау жылқы. Тау

1.Сөз сүйектен өтеді. Таяқ еттен өтеді .

Қоян орманда, тоғайда мекендейді

ІІІ Жаңа сабақты ребус шешуден бастау. 7 септік туралы аңыз айтудан бастауға болады.

Шар нан шана сөзі шығады.

1.Шана неден жасалады? Темірден. Ағаштан

Енді осы сұрақтарды жетіген сөзіне қояйық

Не? Жетіген

Ненің? Жетігеннің

Неге? Жетігенге

Нені? Жетігенді

Неде? Жетігенде

Неден? Жетігеннен

Немен? Жетігенмен

Шығыс септік жалғаулары - нан, - нен ,- дан, - ден, - тан, - тен жалғаулары жалғану арқылы жасалады.

Шығыс септіктегі зат есімдер кіммен? Кімдерден?Неден?Нелерден? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді.

ІV. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты

V. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 67- жаттығуды орындау.

Өлеңді көшіріп жазу қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын айту. Жаңбырдан, аспаннан .

68-жаттығу.Мәтінді оқып шығыс септікте тұрған сөздерді табу. (Ауызша)

70-жаттығу .Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді тауып, бұл сөздерге шығыс септік жалғауының түрліше жалғану себебін түсіндір.

Аспаннан , күннен, жастан, Нұрлыбектен, Данадан, Азизден

Не себептен септік жалғаулары әртүрлі жалғанып тұр?

Ойлан .тап ойыны.

Аттан биік,

Қойдан аласа. (Ер-тоқым)

72-жаттығу. «Адасқан буындар» ойыны Адасқан буындарды өз орындарына қойып сөз құрау.

Түлкі, қасқыр, жолбарыс, керік.

Суретке қарап Аюдың туған күні туралы ертегі құрау.(Ауызша)

Өздік жұмыс . Деңгейлік тапсырма

1.Заттың бөлшектерін жаз.

2.Бидай сөзін септе

3.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.Қай септікте тұрғанын айт

VI. Білімдерін бекіту Тест

1.Табыс септіктің жалғаулары бар сөздерді көрсет

А)Егінге, астыққа В) Егінді,астықты С) Егіннен, астықты Д)егінде, астықта

2.Шығыс септікте тұрған сөзді анықта

А)Киімін В)Кітаптар С) Терезені Д) Шегірткеде

3. Жатыс септігінің жалғаулары бар сөзді белгіле

А) Қабырғаның, есікті В) Қабырғадан, есіктен С) Қабырғада , есікте Д)Қабырғаның , есіктің

4.Барыс септікте тұрған сөзді белгіле

А)Айманға В) Айманды С) Айманмен Д) Айманның

5. Ілік септікте тұрған сөзді белгіле

А)бор,шам В) бордың,шамның. С) борға,шамға Д) борды, шамды

VII. Сабақты қорыт.у Сұрақ –жауап.

Үйге тапсырма : 69-жаттығу 107- бет

Оқушылар еңбегін бағалау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шы?ыс септік 3 сынып

Автор: Жумаева Зина Толегеновна

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198176


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства