- Бүгінгі сабағымыз ана тақырыбына байланысты М. Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз. - Автор туралы мағлұмат беру. Міржақып Дулатов кім? - Қостанай өңірінен шыққан тұлға - Жазушы - Драматург - Қазақ ақыны - Ағартушы - педагог - Алаш қозғалысының қайраткері - ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. - Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын. - Міржақыптың «Оян, қазақ!» деген жинағы бар. Ақын өлеңдерінде халықты білімге, оқуға, теңдік үшін күресуге шақырады. Балаларға арнап табиғат, адамгершілік тәрбиесі тақырыбында шағын әңгімелер, өлеңдер жазған. Соның бірі - «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі. Тақырыппен таныстырып,мақсатын қою.(Оқушыға ізденіп,ойтқызуға болады.) Өлеңмен жұмыс. -Өлең сұрақ –жауап үлгісінде жазылғанына назар аудара отырып,бір топ сұрағын оқып,келесі топ жауабын оқиды. -Өлеңде ананың баласына деген қамқорлығы айтылған тұстарды тауып оқу. -Жұптық оқу «Кір жаятын жіп» арқылы кешенді талдау үлгісі бойынша өлең құрылысына талдау жасау. Авторы:М іржақып Дулатов Тақырыбы:Шешенің балаларын сүюі Жанр түрі:Өлең Идеясы: Ананың бар арманы, өмірінің мәні - баласы, соның амандығы. Шумағы:4 Тармағы:16 Бунағы:11 Ұйқас түрі:а-а-б-а,қара өлең ұйқасы. Өлеңнің тәрбиелік мәні - балаға ана қадірін түсіндіру, ананы сүюге, қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. -Проблемалық сұрақтар. Пікіралысу. 1. Ақын өлеңді кімге арнаған? 2. Баласының қуанышына қуанатын, қайғысына күйетін кім? 3. Ана қай кезде көз жасын көлдетеді? 4. Біздің қоғамға қарттар үйі қажет пе? 5. Қарттар үйі болмас үшін не істеу керек? Сөздікпен жұмыс Көз жасын көлдету-қатты жылау Сергіту сәті «Қос қарлығаш» Дәптермен жұмыс. 1-топ:Шығармашылық тапсырма. ______________ данасың «анашым) ______________ панасың (Біздерге) ________________ баласын (аялап) _______________ анашым (өсірген) 2-топ:Синквейн әдісі бойынша «Ана » туралы 5 жолды өлең Зат есім :ана Сын есім:мейірімді, сұлу Етістік:өсіреді, мәпелейді, еркелетеді Сөйлемдер :Ананы сыйлау керек. Мәндес сөз:шеше 3-топ: «Ана» сөзінің кілтін табу. А - дамның Н - ағыз А – сылы. |