kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шешені? балаларын с?юі Бекайдарова Шынар

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алімні? ?орытынды с?зі:   Ана туралы тол?анба?ан адам кемде-кем. Данышпан да, ?алым да, хан да, ?ара да ана ала?анынан т?леп ?шады. Пейіш ананы? табаныны? астында деген с?з бекер айтылма?ан. Ана алдында?ы парызды ?теу м?мкін емес. Меккеге ?ш рет жаяу ар?алап апарса?, бір т?ндегі т?рып емізгенін ?ана ?тейді екенсі?. Ал анамыз бізді ?аншама рет т?рып емізді, ?аншама рет балапаным аман болсын деп шыр?ырады. М. Дулатовты? "Шешені? балаларын с?юі" шы?армасы балалар?а анасын ??рметтеуді, сыйлауды ?йретеді. Бала саба? барысында ананы? баласын ?аншалы?ты жа?сы к?ретінін, баласы ?шін жанын пида ететінін т?сінеді. ана деген махаббаты оянып, б?рын?ыдан бетер жа?сы к?ретініне сенемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шешені? балаларын с?юі Бекайдарова Шынар»

Сабақтың тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың М. Дулатұлының өмірі мен  шығармашылығы туралы алған білімдерін кеңейту.  

                                      Өлеңнің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

                                  ә) Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау,  

                                      сөйлеу қабілеттерін дамыту;

                                  б) Ананы сыйлауға, қадірлеуге, ұйымшылдыққа,  мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- мазмұнына байланысты өлеңді оқып танысады, идеялық мазмұнын ашады, ананы сүйіп, қадірлеу керектігін түсінеді;
- сыни тұрғыда өлеңді оқу барысында бала өмірі үшін ананың құдіреттілігін айқындайды;
- берілген тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық ізденістерін қалыптастырады, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, «Ою-өрнек» перфокартасы, слайд - суреттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.
Топтық жұмыс түріне байланысты міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді, бір - бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап, жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Қолданылатын әдіс - тәсіл: оқыту, сұрақ - жауап, талдау, СТО әдістері






Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері
Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Нәтиже

Қажетті ресурстар

Кіріспе:
2 мин




3 мин







5 мин

3 мин


1
.Ұйымдастыру . Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа керек құралдарын дайындату. Ана тілі сабағының ұранын айтқызу
2. Конфет арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін. Слайдтағы бесік жырынан ерекше әріптерді тауып топтың атауларын құрастырады. Сабақтың тақырыбына байланысты топтың атауларын «Айналайын», «Құлыным», «Қарағым», «Аппағым» топтары деп атадым. Топ ержесін естеріне түсіремін
3. Үй тапсырмасы тест тапсырмалары бойынша пысықтаймын.
4. «Тұлғаны танып біл!»


Оқушылар сәлемдесті. Сабаққа керек құралдарын дайындады. Ана тілі сабағының ұранын айтады.
Оқушылар 5-6 адамнан тұратын төрт топқа бөлініп,топ ережесін еске түсіреді



Тестпен жұмыс жасайды. «Ою-өрнек » перфокартасын толтырып, слайдтан тексереді
Бір топ тұлғалардың ішінен М. Дулатовты табу. Ол туралы мағлұмат береді.


Сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болады.


Топтасып жұмыс жасауға дағдыланады







Үй тапсырмасы сұралады.

М. Дулатовты бірден танитын болады.







конфеттер





слайд


тест



слайд

Негізгі бөлім:
1мин

2мин

3 мин

7 мин

1мин

2 мин

7 мин



5
. Тақырыпты ашу үшін жұмбақ жасырамын.

6. Оқулықпен жұмыс.

7. Жұптық жұмыс.

8. Дәптермен жұмыс
9. Сөздікпен жұмыс
10. Сергіту сәті

11. Топтық жұмыс. Әр топқа әртүрлі тапсырма беремін: 1-топ: Ана мен бала туралы мақал-мәтелдер айту.
2-топ: Ана туралы ән айту
3-топ: Ана туралы өлең құрастыру.
4-топ: Ана туралы эссе жазу.


Жұмбақты топтасып шешеді.

Өлеңді өз беттерінше мәнерлеп оқиды.
Жұптасып, диалог құрады.
Дәптерге аналарының әдемі сөздерін жазады.
Таныс емес сөзбен танысады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Әр топ әртүрлі тапсырма орындайды



Сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасады. Оқулықпен жұмыс жасайды.
Ойын жазбаша түрде жеткізуге дағдыланады.

Сөздік қорлары молаяды


Топпен жұмыс жасайды






слайд

оқулық

оқулық


слайд

Қорытынды бөлім
2 мин

2 мин



12. Кері байланыс.
13. Мұғалімнің қорытынды сөзі

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.




Ой қорытуға төселеді.



слайд

Бағалау
3 мин

14. Критериалды бағалау жүйесі бойынша оқушыларға ескерте отырып бағалаймын

Оқушылар өзді-өздерін бағалайды. Мұнда жақсы қатысқан оқушыларды тұрғызып, мадақтайды.

Бағалауды үйренеді

Бағалау парағы

Үйге тапсырма
2
мин

15. Үйге “Шешенің балаларын сүюі” өлеңін жаттау
16. Әуен тыңдау

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады




слайд







Мұғалімнің қорытынды сөзі.  Ана туралы толғанбаған жан кемде –кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. Пейіш ананың табанының астында деген сөз тегін айтылмаған. Хадистен алынған реуаяттың өзінде мынадай тәрбиелік мәні зор әңгіме бар. Мәдинада тұратын бір асқан бай Мұхаммед пайғамбарымызға келіп, «мен құдайдың ризашылығына бөленіп, о дүнииеге барғанда жәннатқа кіргім келеді. Сол үшін не істеуім керек? Кімге жақсылық жасайын?» — деп сұрайды.

-Анаң бар ма?-депті пайғамбар.

-Бар.

-Онда жақсылықты анаңа жаса депті. сол күннен бастап әлгі бай анасына қызмет етеді, құрмет көрсетеді. Біршама уақыт өткен соң әлгі бай пайғамбарға қайта барып, «Анама жақсылық жасадым,енді кімге жасаймын?» деп сұраса, «Тағы да анаңа!» деп жауап беріпті. Бай анасына бар қызметін жасайды. Төрт әйеліне де «анама қараңдар» деп тапсырады. Араға біраз уақытты салып, бай пайғамбарға тағы келіп, «анама бар жақсылығымды жасадым, енді ол маған риза шығар, енді кімге жақсылық жасасам екен?» дейді. Сонда пайғамбар «Тағы да анаңа жаса!» деген екен. Бай анасына жалықпай қызмет жасап күтеді. Мәдинадан Меккеге дейін анасын жаяу арқалап қайтады. Сөйтіп, «Мен сияқты анасына ешкім жақсылық жасамаған шығар» деп пайғамбарға қайтып келеді. Сонда пайғамбар «Сен анаңның бір түнде бір-ақ рет оянып емізген еңбегін ғана ақтадың . Әрі қарай анаңа қызмет көрсетуді жалғастыра бер» деген екен.

Демек, дүниеде ана алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан да анамызды құрмет тұтуды азаматтық міндетіміз деп білейік.
Ендеше, анаға сыйлар гүліміз көп болсын, гүл сыйлар анамыз аман болсын, әсем әуеніміз үзілмесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Шешені? балаларын с?юі Бекайдарова Шынар

Автор: Бекайдарова Шынар Билисбековна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280330


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства