Табиғаттағы су көздерін қорғауға, сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік. Сүт, су, карта, қасық, оқулық.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
А. Балалар назарын сабаққа аудару. Сұрақ қою арқылы үйге берілген тапсырманы қорыту.
1. Адамға өмір сүру үшін не қажет?
2.Ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер?
3.Ауаның тіршілікте пайдасы қандай?
2. Жаңа сабақ.
Тақтаға карта іліп, судың алып жатқан бөлігін көрсетемін.
Су - тіршілік көзі. Жер бетінің үштен екі бөлігін су алып жатыр. Осы суға нелер жатады? Алдарыңда берілген параққа жаза қойыңдар.
Көлдер
Мұздар
Өзендер Шипалы сулар
Су
Теңіздер Бұлақтар
Мұхиттар Жер асты сулары
Бөгендер
Ағза денесі 50-ден 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның
денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам өледі. Адам су ішпей бір апта шыдайды.
Су үш күйде болады. Ол - қатты, сұйық, газ күйінде кездесетін зат.
3. Тақырыпты оқып отырып, түсіндіру.
4. Судың қасиетіне бірнеше тәжірибе жасап, дәлелдеу, қорытындысын дәптерге жаздыру.
1-тәжірибе. Судың түсі қандай?
2-тәжірибе. Судың мөлдірлігі қандай?
3-тәжірибе. Судың пішіні қандай?
1-тәжірибеде шыны ыдысқа сүт, екінші шыны ыдысқа су құйып екеуін салыстыру. Бұдан сүт ақ, ал су түссіз екенін байқадық.
2-тәжірибеде бір стақан таза су, екінші стақанға сүт құямыз да ішіне қасық саламыз. Бұл тәжірибеде су құйған стақаннан қасық анық көрінеді, себебі су түссіз.
3-тәжірибеде суды стақанға, табақшаға, банкаға құямыз. Бұдан байқағанымыз суда тұрақты пішін болмайды. Ол әрбір құйылған ыдыстың пішініне байланысты болады.
Оқушылар жұмыс дәптеріне тәжірибе қорытындысын жазады.
5. Қорытынды. Оқушылар ды бағалау.
6. Үйге тапсырма. 35-36 бетті оқу, мазмұндау. Су туралы мақал-мәтелдер жазып келу.