Просмотр содержимого документа
«Ша?ыра? жарасты?ы »
Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру
Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: кесте сызылған плакат
Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме, менің аяулы достарым. Мен барлығыңды жақынымдай, бауырымдай жақсы көремін және сыйлаймын. Біз бүгінгі сабақта шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз. Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып шығыңдар:
Мысалы:
Мен шаңрағыма қуаныш тілеймін,
Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.
Мен шаңырағыма бақыт тілеймін. т.б.
Е.Өтетілеуовтың «Мен қазақ баласымын» атты өлеңін айту
Мен қазақ баласымын
Бұтағы – бабасының,
Ұрпағы – атасының,
Шуағы – әжесінің,
Тұяғы – әкесінің,
Тілегі – анасының,
Тірегі – ағасының,
Түлегі – даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен – қазақ баласымын!
Жерінде – бабасының,
Елінде – атасының,
Көңілінде – әжесінің,
Қолында – анасының,
Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен – қазақ баласымын!
Әңгімелесу
Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтыңдар
Өз отбасыңның сыйластығы туралы айтыңдар
Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу, бастаыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуға болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңдар. (осылай 2 минут отырады)
Тапсырма. Өлеңді оқып беру.
Отбасыңдағы өз көмектерің туралы айтып беріңдер:
Көмек
Таза ұстаймын үйімді,
Менен жұмыс қала ма?
Ілгішке іліп киімді,
Көмектесем мамама.
Елгезекпін – бұл анық,
Мамамды мен сыйлаймын.
Білегімді сыбанып,
Ыдысты да жинаймын.
«Боласың, деп, - жақсы адам»,
Қостар мамам мұнымды.
Кешке балабақшадан
Алып келем інімді.
«Күн суық қой, тоңбасын»,
Деп қояды мамам да...
Інім жігіт болғасын,
Көмектесер маған да.
Мағынаны ашу
«Шаңырақ сәні - сыйластық» мақалының мағынасын ашу