Просмотр содержимого документа
«"Ша?ыра?" Ф.О??арсынова »
Сыныбы: 4 «В»
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ. Ф.Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі ойын түсінуге қолайлы орта құру, сөйлеу мәнерін көркем әдеби тілмен өрнектей білуге бағыттау.
Сабақтың міндеттері:
сұрақтар қою арқылы өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау;
Оқушылардың негізгі ойды ажыратып, өлеңді салыстырмалы талдау арқылы Отан және шаңырақ ұғымдарындағы ұқсастықты көру
Жеке, жұпта, топта өзіндік көзқарасын жеткізе білуге, өзіндік ой-пікірінің қалыптасуына, бірлесе дамуына мүмкіндік беру;
Күтілетін нәтижелер:
Берілген өлең бойынша өз көзқарасын білдіреді;
Салыстырады, негізгі ойды ажыратып, дәлелдейді;
Топтағы оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-бірімен пікір алмасады;
Сабақта қажетті материалдар: слайд-презентация, кері байланыс парақтары.
Бағалау: «Болжау», «Эссе».
Сабақтың түрі: жан-жақты ізденіс сабағы.
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай тұрамын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді. Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
Тренинг «Мен саған сенемін»
Сыныпты топқа бөлу. Бағалау парағын таратып беру.
І. Үй жұмысын тексеру. «Ыстық орындық» арқылы «Сағыныш» деген ұғымға жазған эсселерін оқыту.
Барысы:
ІІ. « Қызығушылықты ояту» сатысы
«Ой қозғау»
Тірек сөздерге назарларын аудару
Ата-ана, ата, достарым
- Осы сөздерді естігенде көз алдарыңызға не елестеді?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?
ІІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы
«Шаңырақ» өлеңінің авторы Ф.Оңғарсынова туралы мағлұмат. Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы педагогикалық институтты бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарып, газеттерде тілші, журналдардың бас редакторы болған. Ол ақын, аудармашы орыс халқының жазушысы Валентин Распутиннің «Француз тілінің сабақтары» атты повесін аударған, сөз сырын ұқтыру мақсатында халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын балаға түсінікті етіп жазған еңбегі «Сөз сыры» деп аталады. Бастауыш сынып және балабақша балаларына арнап «Алғашқы сабақ» атты өлеңдер жинағын шығарған. Ф. Оңғарсынова – ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Көптеген жыр жинақтары мен балаларға арналған кітаптары жарық көрген. Шығармалары негізінен әйел - ана тақырыбына арналады
«Болжау» стратегиясы бойынша оқушылар пікірін тыңдау.
«Шаңырақ» дегенде ойларыңа не келеді? (өз ойларын айтады) Содан кейін оны жұбыңызбен бірге ойланып, жазыңыздар.
Енді топпен бірігіп ортада тұрған қағазға жазыңыздар.
Топтағы талқылау нәтижесінде пайда болған тізімді тақтаға жазамын
Өлең сөздеріне мән беріп, мәнерлеп оқу. Өлеңді оқыту. Әр топтан 1 оқушы оқиды. Кесте толтыру (Ұнаған шұмағын таңдап, пікір жазу)
Үзінді
Пікір
Топпен жұмыс
Баяндаушы
Сұрақ қоюшы ( сұрақ қояды )
Сөз тапқыш ( мәтіннен жаңа сөз, көркемдегіш)
Сипаттаушы (суреттейді)
Бейнелеуші-суретші ( оқиға желісімен сурет салады )
Жазушы (негізгі бағыттарды қысқаша жазады)
ІҮ. «Ой толғаныс» сатысы
Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату - тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп: - Біз бір үйдегі 2 - 3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасыңдар? - депті. - Балалар, осының себебін сендер неде деп ойлайсыңдар? Өзара түсіністік Сыйластық Еңбексүйгіштік Мейірімділік Қайырымдылық Ендеше, біздің бойымызда қандай жақсы қасиет болса, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ», Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз. Ү. Бағалау «Эссе» жазу «Шаңырақ шаттығы дегенді» мен қалай түсінемін
ҮІ. Үйге тапсырма.
«Шаңырақ шаттығы» тақырыбына өлең құрастырып көру.