kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Достармен бірге жасаған жұмыс. Өлшеу құралдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Назарларыңызға математика пәнінен «Өлшеуіш құралдар» тақырыбының қысқа мерзімді жоспарын   ұсынып отырмын. 

            Оқушы қажеттілігін қанағаттарнарлықтай жаңа білім беру білім жоспарын  әзірлеуде жаңартылған білім беру аясында  сабақ жоспарын әзірлеу  маңызды болып табылады. Сондықтан ең алдымен  оқу бағдарламасының сілтемесінен алынған оқу мақсатынан   туындаған сабақ мақсаттарын Блум таксономиясы  білу, түсіну, ойлау және қолдану деңгейіне сәйкес жіктедім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Достармен бірге жасаған жұмыс. Өлшеу құралдары.»


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Мектеп: қазақ мектеп - гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова А.А.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы



Достармен бірге жасаған жұмыс.

Өлшеу құралдары.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1.Түрлі өлшеу құралдарының шəкілдерін ажырату жəне сол бойынша шамалардың сəйкес мəндерін анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: түрлі өлшеу құралдарының шəкілдерін ажыратады жəне шамалардың сəйкес мəндерін анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі : өлшеу құралдарының шəкілдерін аажыратады жəне шамалардың сəйкес мəндерін анықтайды, шəкілдегі жазбаны ретке келтіреді.

Кейбір оқушылар: Сызғыштың шəкілдерін дайындайды, циферблатта рим цифрларымен жазылған уақытты анықтайды, өлшеуіш құралдарды қолдана алады.

Бағалау

критерийлері

1. Түрлі өлшеу құралдарының шәкілдерін ажыратады.

2. Шамалардың сәйкес мәндерін анықтайды.

3. Шәкілдегі жазбаларды дұрыс орналастырады.

4. Рим цифрлары арқылы көрсетілген уақытты анықтайды.

5. Өлшеуіш құралдарын пайдаланады.

Тілдік мақсаттар


Пəндік лексика жəне терминология: шəкіл, бөлік, шама, өлшем бірлігі.

Құндылықтарды дарыту

Достық қарым- қатынасты нығайту, бір- біріне көмек көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, жаратылыстану.

Бастапқы білім

Шама ұғымы, өлшем бірліктер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру және сабақтың тақырыбын ашу негізінде «Сыныптасыңды зертте» тренингі өтеді:

Оқушылар парталас сыныптастарының туған күнін, айын, жылын сұрап біледі және олардың бойын, мүмкін болатын салмағын, дене пішінін әртүрлі тәсілмен өлшейді.

Ширату

«Атаулар туралы үш сұрақ»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып (кг, сағ, мин, см), оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға ауызша жауап беруді тапсырады:

  1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?


Мин

См

Сағ

Кг


- оқулықтағы №1 тапсырманы негізге ала отырып, көрсетілген құралдардағы кішкентай бөліктер нені білдіретінін болжау.

(Сабақтың мақсатын хабарлау)

Сағат, сантиметр, килограмм өлшем бірлік атаулары арқылы топқа бөлінеді.








Шамалардың,

өлшем

бірліктері

жазылған

қиықшалар

Сабақтың ортасы

25 минут


























































































1- тапсырма. Жұппен жұмыс.

Қатты қағаздан сызғыш əзірлеңдер. Қалай жасайтындарыңды түсіндіріңдер. Суретке назар аудар.

Шəкілін тап. Бұл құралдардағы əр бөлік нені көрсететінін түсіндір.

Өз сызғыштарыңның көмегімен жолақтардың ұзындығын өлшеңдер.

Шәкіл (лат. scala — баспалдақ) — өлшеу аспабының көрсету құрылғысының бөлігі.

– Шəкіл нені көрсетеді? (Шама бірлігін.)

Бағалау критерийлері:

  • Қатты қағаздан сызғыш жасайды;

  • Сызғыштың шәкілдерін реті бойынша санмен дұрыс белгілеп, орналастырады.

  • Сызғыш қандай өлшем бірліктерінен тұратындығын атайды.(см, дм)

ҚБ: мұғалім тарапынан жүретін «шәкіл» әдісі.

(оқушылар жасаған сызғыш шәкілдеріне « » белгісін қойылады).

- жаман емес, тырыс!


- жарайсың, бұдан да

жақсы орындай аласың!


- өте жақсы, жарайсың!

2- тапсырма. Жеке жұмыс.

(№2, 60-бет; оқулықпен жұмыс)

Сызғыштың көмегімен жолақтардың ұзындығын өлшеп, оларды сыз.

Дескриптор:

  • Берілген жолақтардың ұзындығын сызғыштың көмегімен өлшейді, сызады.

  • Өлшем бірлігін белгілеп, көрсетеді.

ҚБ: оқушылар арасында өзара «күлегештер» арқылы бағалау.



Қателіктер бар! Барлығы дұрыс! Қателер көп!


3- тапсырма. Топпен жұмыс

«Сағат» тобы:

3. Суретке қара.

Сен сағаттың не үшін қажет екенін білесің. Сағаттың қандай «тілдері» бар? Олар қалай аталады? Олардың бір- бірінен қандай айырмашылығы бар? Сағат қандай уақытты көрсетіп тұр? Неше минут өтті?

1- сағат (сағ) = 60 минут (мин)


«Сантиметр» тобы:

Топтағы оқушылардың бойын сантиметрлік таспа арқылы өлшейді, кестені толтырады, шәкілдің білдіретін өлшем бірлігін атайды.

Алмас


Гауһар


Самира


Санжар


Мерей



«Килограмм» тобы:

Топ оқушыларының салмағын таразы арқылы анықтайды, таразыдағы шәкілдің білдіретін өлшем бірлігін анықтап, кестеде көрсетеді.

Мәди


Амина


Айзада


Ислам


Салтанат



Оқушылар жұмыстарының нәтижесімен «жариялау» әдісі арқылы таныстырады.

Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (әр топқа 1 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.

Дескриптор:

«Сағат» тобы үшін:

  • Сағаттың «тәлдерін» анықтайды, атайды, олардың айырмашылығын айтады.

  • Көрсетілген уақытты анықтайды.

«Сантиметр» тобы үшін:

  • Сантиметрлік таспа арқылы сыныптастарының бойын дұрыс анықтайды.

  • Өлшем бірлігін дұрыс анықтайды.

«Килограмм» тобы үшін:

  • Бір- бірінің салмақтарын таразы арқылы дұрыс өлшейді.

  • Таразыда көрсетілетін өлшем бірлігін анықтайды.

Топтар арасындағы ҚБ:

4- тапсырма. Шығармашылық тапсырма.

(оқушыларға карточкалар таратылып беріледі)

Оқушының аты- жөні:

Өлшенетін зат

Өлшем бірлігі (кг, сағ, см)

Партаның ұзындығы


5 картоптың салмағы


Қарындаштың ұзындығы


Сағатта көрсетілген уақыт


4 алманың салмағы



Берілген тапсырма сынып ішінде «Қытайша десерт» әдісі арқылы тексеріліп, «+» немесе «-» таңбалары арқылы бағаланады.

Түрлі- түсті қатты қағаз, қарындаш, сызғыш.





























Оқулық























Оқулық







Сантиметрлік таспа








Таразы















































Таразы, сызғыш (сантиметрлік таспа), сағат

Сабақтың соңы

5 минут

Өздік жұмыс.

Дəптердегі №1 тапсырма.

Бірдей уақыт көрсетіп тұрған сағаттарды біріктір.

Дөңгелекке сағаттағы рим цифрларын жаз. Сағат тілінің суретін сал. Бұл сағаттардың көрсетіп тұрған уақыттарын жаз.

Бағалау критерийлері:

  • Циферблатқа рим цифрларын жаза аламын;

  • Сағат бойынша уақытты сағатқа дейінгі дəлдікпен анықтаймын.

Кері байланыс: «Рюкзак»













Жасыл-бәрі түсінікті

Сары-сұрақтарым бар

Қызыл-түсініксіз

Мұғалім тарапынан жүретін ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек»

Дәптер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Достармен бірге жасаған жұмыс. Өлшеу құралдары.

Автор: Ахметова Айдана Ахметкызы

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486541


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства