Просмотр содержимого документа
«Шал мен бала. Бердібек Соқпакбаев»
Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпакбаев
Сабақтың мақсаты:
1.Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды бөлуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге кұрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
2.Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білуқабілетерін дамуына ықпал ету.
3.Үлкендерді сыйлауға, бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетуге болады.)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім жаңа сабақта «Кім кінәлі?» мәтінін оқып береді.Оқушылардан мәтін мазмұнын зейін қойып тыңдау сұралады.
Өздері таңдаған қасиеттері бойынша топтарға бөлінеді.
Топқа бөлу.
Топ басшыларын сайлау.
Әр топ өзінің таңдаған атына қысқаша түсініктеме беріп өту, таңдау себептерін айту. (Әр сыныптың жұмыс жасау әрекетіне байланысты жұмысты күрделендіруге болады.)
–Осы таңдаған топтың атауларына байланысты қандай ақынның өлеңін білесіңдер? Осы асыл сөздер қай өлеңде кездеседі? Бұл кімнің өлеңі? Бұл өлеңді не үшін таңдадың? (Бұл өлеңнің негізгі идеясы сенің тақырыбыңды ашып тұр ма?)
- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың такырыбы не туралы болады деп ойлайсың? Осы өздерің таңдаған тақырыптардың негізінде, яғни адам бойынан табылатын адами қасиеттер туралы болмақ.
Мәтінмен, автормен таныстыру.
II. Мағынаны ашу.
Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Ол үшін мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу.)
1-бөлім. Көмек.
2-бөлім. Жол көрсету.
3-бөлім. Сыныптас.
4-бөлім. Алғашқы кездесуді еске алу.
1-бөлімді оқу.
Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?
Бала неліктен шалға көмек берді?
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай қалай өрбуі мүмкін? 2-бөлімді оқу.
«Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» - осы сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың?
Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?
Қалай ойлайсың, ары қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін? 3-бөлімді оқу.
Оқиғаға тағы кім қосылды?
Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басында осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?
Осы жерде сен үшін ең қызығы не болып тұр? (Сен нені тезірек білгің келіп түр?)
«Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы бойынша дәптермен жұмыс. Баланың әрекетіне баға беру.
Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?
Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, сыныпта айтылмай, мән берілмей қалған қандай жайттар бар екен қарастырып келу.
Өзің таңдаған топтың атынан кез келген жазу түрін таңдау арқылы «КАФТ» стратегиясы бойынша сыныптастарыңның ішінен көңілің толмай жүрген көршіңе арнау жаз.